221
Дт Кт
Құжаттар
3320—3340 1010, 1040
МСИ-ның декларацияларын
есептеу бойынша есептер, шот-
фактуралар,
төлем тапсырмалары,
квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30
жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге
сомада еншілес ұйымдарға қарызын жапты (төледі). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома
Ескерту
3320 — 1040 = 2200000 4
типті операция
П (-) А (-)
в) Алынған аванстарды жабу. Олар бойынша есептер № 3510
«Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті
бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жабылуы (тө-
ленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың
кредитінен № 3510 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
3510 1010, 1040 Келісімдер,
салыстыру актілері,
төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық
қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
222
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған қысқа мерзімді авансты жапты (төледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3510 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
Достарыңызбен бөлісу: