Қайталау үшін сұрақтар: 1. Бухгалтерлік есепте импорттық тауарлардың келуі қалай
бейнеленеді?
2. Нақты ақшаға сатып алынған импорттық тауарлардың келуі
қай шоттарда бейнеленеді?
3. Коносамент деген не?
60. Реэкспорттық операциялар есебінің негізгі қағидалары
Реэкспорт, бұл — кәсіпорынның шет елде өндірілген тауарды са-
тып алуы және оны басқа шет елге сатуы болып табылады. Есеп-
те бұл операциялар № 1330 «Тауарлар» шотының дамуына сәйкес,
«Шет елдердегі қоймалар мен өңдеудегі импорттық тауарлар» және
«Реэкспорттық тауарлар» жүргізілетін субшоттарда бейнеленеді.
Реэкспортқа импорттық тауарды өткізу кезінде көрсетілген
субшоттардың біріншісі кредиттеледі, ал екіншісі дебеттеледі
(тауардың фактурлы құнының мөлшері бойынша).
Реэкспорттық операциядан болған қаржылық нәтиже реэкспорттық
тауарлар өткізудің есебі үшін № 6010, 7010 шоттарға ашылған
субшоттардың мәліметтері бойынша есептеледі. № 7010 шоттың
дебеті бойынша фактурлы құн мен үстеме шығыстар, ал № 6010
шоттың кредиті бойынша жазып берілген шот-фактурамен сәйкес
алушыдан тиесілі сомасы бейнеленеді. Жылдың соңында бұл екі шот
№ 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» шотында жабылады. Та-
быстар жағының шығыстар жағынан артықтығы пайданы білдіреді.