г) Жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (тө-
леу).Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді
берешек» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізіп
берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу) болғандықтан,
шаруашылық операция № 3310 шоттың дебетіне № 1010, 1040, 1210—
1240, 1610, 3010-3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1210—1240 Келісімдер, шот-фактуралар,
3310 1610 жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210,
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге
кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.