БАЛАНС 127000 БАЛАНС 127000 Баланстың жиынтығы кемиді, баланстық тепе-теңдік сақталады.
Қайталау үшін сұрақтар: 1. Бухгалтерлік проводка деген не?
2. Шоттардың корреспонденциясы деген не?
3. Баланс жиынтығының мөлшеріне шаруашылық операциялар
әсер етеді ме?
4. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
көбейеді?
5. Баланс жиынтығы қандай шаруашылық операциялар кезінде
кемиді?
6. Баланс жиынтығының өзгерісіне алып бармайтын қандай
шаруашылық операциялар?
7. Шаруашылық операциялардың әсерінен баланстық тепе-теңдік
(актив пен пассивтің теңдігі) бұзылуы мүмкін бе?
8. Кіріспе баланс пен операциядан кейінгі балансты салыстыры-
ңыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзгере ме?