Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет31/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Түгендеу деген не?
2. Түгендеу жүргізу не үшін қажет?
3. Түгендеу кезінде нелер тексеріледі?
4. Түгендеу комиссиясы қандай құжаттарды жасайды?
5. Қандай жағдайларда түгендеу міндетті түрде жүргізіледі?
6.  Егер  түгендеу  кезінде  артықшылықтар  анықталса,  не  істеу 
қажет?


35
7. Кем шығулар есепте қалай бейнеленеді?
8.  Түгендеу  кезінде  анықталған  кем  шығу  Материалды  жау-
апты  тұлғаның  есебіне  апарылып,  ал  сот  органы  ол  талапты 
қанағаттандырмаған жағдайда не істеу қажет?
11.  Бағалау
Бухгалтерлік  есепте  өлшемдес  емес  объектілерді:  үйлер  мен 
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, материалдар, отын, дайын 
өнім,  малдың  бас  саны  және  қолма-қол  ақшаны  бірыңғай  балан-
ста  жинақтап,  салыстырамыз.  Мұны  тек  қана  ақша  өлшегішінің 
жәрдемімен  жасау  мүмкін.  Алайда,  есептің  алдында  көптеген 
сұрақтар көтеріледі. 
Мысалы,  негізгі  құралдарды  сатып  алынған  құнымен  немесе 
жеткізу мен орнату бойынша шығыстарын қоса есепке алу қажет пе? 
Қосымша құнға салынатын салықты енгізу қажет пе? Тозуды қалай 
есептейді?  Әсіресе  көп  проблемалар  дайын  өнімнің  бағалауынан 
туындайды.  Өнім  қоймаға  беріліп  қойды,  енді  оны  өткізуге 
мүмкіндік бар, ал бухгалтерия оны өндіру бойынша барлық нақты 
шығыстарын әлі есептеген жоқ.
Осы және басқа проблемаларды шешу үшін бухгалтерлік есепте 
нақты нұсқаулар мен ережелер бар. 
Негізгі құралдар алынған құн және жеткізу мен орнату бойынша 
шығыстарын  қоса,  бастапқы  құны  бойынша  есепке  алынады. 
Олардың  тозуы  есептеліп,  бөлек  есепке  алынады.  Егер  бастапқы 
құннан тозу шығарылса, онда біздің жабдық жағдайының шынайы 
көрінісін  бейнелейтін  қалдық  құнды  анықтаймыз.  Соған  ұқсас 
материалдық емес активтер бағаланады, тек қана жеткізу мен орнату 
шығыстарының орнына оларды пайдалану жағдайын келтіру үшін 
кәсіпорынның шығыстары есепке алынады. 
Мысалы,  жеке  компьютерде  еңбекақыны  есептеу  үшін 
бағдарламаны  сатып  алып,  оны  біздің  кәсіпорынның  жағдайына 
бейімдеу  үшін  бағдарламашының  жәрдемі  қажет  болуы  мүмкін. 
Әрине, бағдарламашының еңбекақысы төленуі тиіс. Және бұл төлем 
материалдық емес активтердің бастапқы құнына енгізіледі. 
Материалдарды  бағалау  кезінде  олардың  көтерме  бағаларымен 
шектеліп  қалуға  болмайды.  Бізге  материалдарды  тиеу,  жеткізіп 
беру,  түсіру  және  қоймаға  жайғастыру  қажет.  Мұның  барлығы 
көлік-дайындау жұмыстарын құрайды. Материалдардың есебін сол 
шығыстардың шамалы мөлшері енгізілген есепті бағаларда жүргізу 


36
мен  оқтын-оқтын  нақты  шығыстарына  негізделіп,  оларды  түзетіп 
отыруымыз мүмкін. 
Материалдарды бағалаудың басқа да жолдары бар. Соған ұқсас 
құралдар, саймандар және тағы басқалар бағаланады.
Дайын өнім жоспарлы өндірістік немесе нормативті өзіндік құн 
бойынша бағаланады.
Тауарлар  көтерме  немесе  ұсақ  бағалар  бойынша  бағаланады. 
Тауардың  көтерме  бағасына  оның  өндірістік  өзіндік  құны, 
коммерциялық шығыстар (орау, қаптау, тиеу, келісімге сай жеткізіп 
беру),  табыс,  қосымша  құнға  салынатын  салық  енгізілуі  мүмкін. 
Ұсақ  бағаға  —  сауда  ұйымдары  пайдасының  есебіне  үстеме  баға 
енеді.
Саудада, көтерме немесе ұсақ болсын, жиынтық табыстың негізгі 
көзі  сатылатын  тауарға  қойылған  үстеме  баға  болып  табылады. 
Шоттардың  кеңестік  дәуір  жоспарында  тауарға  қойылатын  үстеме 
бағаға жеке № 42 «Үстеме баға» шоты берілген еді.
ҚР-ның  бухгалтерлік  есеп  бойынша  Ұлттық  комиссиясының 
нұсқауына сәйкес бұл шот жойылған болатын. Алайда, профессор 
В. К. Радостовец бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесі мен 
стандарттарын  зерттеп,  сондай-ақ  ұсақ  сауданың  ерекшеліктерін 
есепке ала отырып, бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспарына 
бірқатар қосымшалар енгізді.
Сондықтан, тауарға қойылатын үстеме баға, сондай-ақ ол үстеме 
бағаға қойылатын ҚҚС-ты № 1330 «Тауарлар» шотынан туындайтын 
субшоттар ретінде белгілеуді ұсынамыз:
№ «1331» субшоты — қоймадағы тауарлар;
№ «1332» субшоты — саудадағы тауарлар;
№ «1333» субшоты — тауарларға қойылған үстеме баға;
№ «1334» субшоты — тауардың бағасындағы ҚҚС.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет