Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет52/243
Дата22.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#26137
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   243
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

 Қайталау үшін сұрақтар:
1.  Төлем  тапсырмаларының  жәрдемімен  қандай  операциялар 
жүргізіледі?
2. Төлем тапсырмасы басылуға тиісті ме немесе қолмен жазылуы 
мүмкін бе?
3. Төлем тапсырмасында қандай міндетті реквизиттер болады?
4. Төлемнің көлемін көрсету кезінде қандай талаптар қойылады?
5. Төлем тапсырмасына кімдердің қолтаңбалары қойылады?


54
21. Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі
Кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша 
чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады.
Чектер  арнайы  чек  кітапшасында  болады.  Чек  кітапшасын  алу 
үшін  алушының  аты-жөні  көрсетілген  және  оның  қолтаңбасының 
үлгісі  берілген  арнайы  өтініш  толтыру  қажет.  Өтініш  басшы  мен 
бас  бухгалтердің  қолтаңбалары  қойылып,  кәсіпорынның  мөрімен 
бекітіледі. Сол өтінішіне сәйкес, банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50 
данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шоты-
нан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған 
басшымен бірлікте қол таңбаларын қойып, кассирге береді. Чектегі 
сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.  
Кассир  алдын  ала  (шамамен  1—2  күн  бұрын)  банкіге  қажетті 
сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер 
күнін  өзгертпей,  жазылған  күнді  есепке  алмай,  10  күн  ішінде  жа-
рамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық 
операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру 
туралы  ережелеріне  сәйкес,  кассирдің  штаты  жоқ  кәсіпорындарда 
оның  міндетін  толық  материалдық  жауапкершілік  туралы  келісім 
шарт жасалып, кәсіпорын басшысының жазбаша түрдегі өкімі бой-
ынша бас бухгалтер немесе басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет