27. Валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының есебі № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қа-
ражаты» шотында шетелдік валютадағы операциялар есепке
алынады. Бір уақытта олар операцияны жасау күніне жүретін
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы (курсы) бойынша
теңгеде бейнеленеді. Бұл № 1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы
валютамен ақша қаражаты» шоты активті екенін еске саламыз.
Олардың дебеті бойынша валютаның келуі, кредит бойынша —
шығыс етілуі бейнеленеді. Әрбір шетел валютасы бойынша оған
қосымша аналитикалық есеп жүргізу қажет.
Бағамдық айырма № 6250 «Бағамдық айырмадан түскен кірістер»
шотына апарылады және өткізуден тыс табыстардың (негізгі емес
қызметтің табыстары) жеке бабы ретінде бейнеленеді.