Бухгалтерлік есеп


Негізгі құралдардың есебі



Pdf көрінісі
бет53/162
Дата22.06.2022
өлшемі2,74 Mb.
#37181
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

43. Негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдарға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, 
көлік құралдары, шаруашылық құрал-саймандар, есейген мал және 
т.б., яғни қызмет мерзімі бір жылдан артық материалдық құралдар 
жатады.
Негізгі құралдардың аналитикалық есебі арнайы тізімде тіркеуге 
жататын инвентарлы карточкаларда әрбір инвентарь объектісі 
бойынша жүргізіледі. Объектілердің саны аз болған жағдайда есеп 
инвентарь кітабында жүргізіледі.


83
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бастапқы, қалпына келтіру 
және қалдық құн бойынша бейнеленеді.
Бастапқы құн жеткізу және орнату шығындары мен егер, ол 
автокөлік болса, онда оның сатып алыну салығын қоса, объектінің 
құрылысы немесе сатып алуының нақты шығындарынан құра-
лады.
Қалпына келтіру құны Үкіметтің шешімі бойынша жасалатын 
олардың қайта бағалау кезіне негізгі құралдардың ұдайы өндіріске 
жұмсалған шығындарының сомасына тең болады.
Қалдық құн бастапқы (қалпына келтіру) құнынан тозудың 
құны шегерілген айырмаға тең болады. Қалпына келтіру құнын 
есептеу үшін оның баланстық құны қайта есептеу коэффициентіне 
көбейтіледі. 
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі № 2410 «Негізгі құрал-
дар» шоттарында, ал олардың тозуы № 2420 «Негізгі құралдардың 
амортизациясы және құнсыздануы» шоттарында жүргізіледі.
Негізгі құралдардың келу есебінің сызбасы
2930 «Аяқталмаған құрылыс» 2410 «Негізгі құралдар» 
Төлем бойынша сатып алынған немесе
кәсіпорынның өзінде жасалған объектілер
5010 «Жарияланған капитал»
Кәсіпорынның жарғылық капиталына
салым есебінен құрылтайшылар
тарапынан енгізілген негізгі құралдар
6280 «Басқа да кірістер»
Кайтарымсыз түрде алынған негізгі
құралдар
Негізгі құралдардың тозуы объектінің бастапқы (қалпына келтіру) 
құны мен қызмет мерзімінен келіп шығады. Ол өндірілген өнімнің 
өзіндік құнына енгізіледі. Бұл кезде № 2420 шоттары кредиттеледі, 
ал № 8045 «Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес 
активтердің амортизациясы» шығындар шоты дебеттеледі.
Қайта бағалау мен негізгі құралдарды одан кейінгі индек-
стеу есебі үшін № 5320 «Қайта бағалауға арналған резерв» шоты


84
қолданылады. Оның кредиті бойынша (№ 2410 «Негізгі құралдар» 
шоттарының дебеті корреспонденциясында) негізгі құралдардың 
бастапқы құнының көбеюі, ал дебеті бойынша (№ 2420 «Негізгі 
құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының 
дебеті корреспонденциясында) индекстелген тозуы бейнеленеді.
Негізгі құралдардың жойылу немесе сатылу себебі бойынша олар-
ды шығыс ету үшін шоттардың 2 түрі қолданылады: № 6210 «Ак-
тивтердің шығуынан түскен кірістер» (табыстар жағы) мен № 7410 
«Активтердің шығуынан алынатын шығыстар» (шығыстар жағы). 
Жылдың соңында бұл екі шот № 5410 «Есепті жылдың пайдасы 
(залалы)» шотында жабылады. Табыстар жағы шығыстар жағынан 
артық болса, бұл пайданы білдіреді. Кері жағдайда — жасалған опе-
рациядан болған залалды білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет