Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары



Дата21.10.2022
өлшемі20,39 Kb.
#44516
түріНұсқаулар

  1. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары, стандарттары және қағидалары

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары мен конвенциялары - қаржылық есеп беруді дайындау кезінде стандартты әдістемелердің, нұсқаулар мен рәсімдердің жиынтығы, осылайша бухгалтерлік ақпараттың дәйекті, шынайы, әділ және дәл дайындалғанын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалары бүкіл әлем бойынша қаржылық есеп беру тәжірибесі ретінде қабылданды. Осылайша, тұжырымдамалар мен конвенцияларға сәйкес дайындалған барлық есептер біркелкі сипатта болады және оларды салыстыру мен бағалауда оңай қолдануға болады. Біртектілік сонымен қатар кез-келген шатасуды азайтады және түсінуді жеңілдетеді. Бухгалтерлік есептің шарттарын қаржылық есептіліктің ландшафтындағы өзгерістерді ескере отырып жасау қажет болуы мүмкін. Бұл конвенциялар ақырында ресми бухгалтерлік есеп тұжырымдамалары жасалуы мүмкін және сақталуы керек стандарттар тізіміне қосылуы мүмкін.
Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолдану аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі. Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығауы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа елдерде қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады.
Қағида- бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретінде одан келешекте шығатын барлық тұжырымдамаларды анықтайтын негізгі бастапқы және базалық ережесі.
Есептеу қағидасы. Қаржылық есептіліктер есептеу қағидасының негізінде құрылады,өйткені табыстар тауарлар сатылған және қызметтер көрсетілген кезеңде, ал шығындар табыстар алу үшін пайдаланылған кездегі есептік кезеңде көрсетіледі.
Үздіксіздік қызмет қағидасы. Шаруашылық субьектісі өз қызметін белгіленбеген уакыт аралығында жағастыра береді және жақын арада оның таратылуы күтілмейді.
12. Негізгі құралдарды қайта бағалау әдістері.

Негізгі құралдарды бағалау, жіктеу - кәсіпорынның экономика жағдайын реттеудің басты элементтері. Менің Негізгі құралдарды тугендеудің,


бағалаудьң және қайта бағалаудың маньзы атты курстық жұмысым осы кәсіпорын қызметіндегі аса маңызды мәселе жайында болмақшы. Бұл тақырыптың негізгі өзектілігі - негізгі құралдардың кәсіпорын қаржылық негіздерін белгілеп, оның негізгі міндеттемелерімен танысып, кәсіпорынньң экономикалық кызметтін ырықтандыруға бағытталган.
Негізгі құралдарды құндық бағалаудың мынадай түрлері бар:

  1. Қолда бар құрал-жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлік шығындары және пайдалану кезіндегі құрастыру жұмыстарының құны. Негізгі құралдар бастапқы құны бойынша кәсіпорынның балансында есепке алынады, сондықтан оны «баланстық құн» деп атайды.

  2. Қорды толық қалпына келтіру құны және оны дамыған жағдайға келтіру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған сәйкес, пайдаланудың тиісті параметрлерін сақтауды көздейді.

  3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтіру құны бойынша бағалау (қалдық құн). Бұл процестің нәтижесінде техника тетіктері мен құрал-жабдықтардың жоғары өнімділігін және оларды үнемді пайдалану жолдарын қарастыру көзделеді.

Тест


    1. Инвентаризация-бұл:

D. кәсiпорынның қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүлiктерiн есептегiмен салыстыру әдiсi;

6.Мына бухгалтерлiк жазба ненi бiлдiредi Дт 3350 Кт 1250.


D. еңбекақыдан жетiспеушiлiк, есеп беруге тиiстi, бүлiнген материалдық құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен ұсталынған сома.



  1. Дт 1050 Кт 1020 шоттар корреспонденциясы ненi бiлдiредi?

А. валюталық кассадан валюталық шотқа ақша қаражаттарының түсiмi;



  1. Сатып алған тауар, көрсетiлген қызмет немесе iстелген жұмыс үшiн жабдықтаушыға ақша қаражатын аудару қандай бухгалтерлiк жазумен көрсеткен жөн:

А. Дт 3010 Кт 1030;



  1. Шаруашылық есептiң қандай түрлерi болады?

В. статистикалық, жедел, бухгалтерлiк;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет