Буын — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады
1505-11
Қабылдаған:Маметова А.З.
Шымкент 2022ж
Буын — бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады.
Цилиндр тәрізді буын —буындасушы беттері (сүйектің басы) тік цилиндр тәрізді буындар. Буынның басын буын ойығы қаптайды. Білік айналғанда буынның басы мен цилиндр қоса қимылдайды, яғни білік тік қалпында айналады. Бұл білік буындарда сүйек білігінің ұзындығына сай келіп, түзу жазықтықта жатады.
Шығыр буын —цилиндр тәрізді буынның бір түрі айырмашылығы сүйектердің біреуіндегі буындасушы бетте ойыс шұңқыр болады да екінші сүйектің буын бетіндегі қырлы ұшы, өсіндісі ойысқа тіреліп, айналу білігі сүйек білігіне көлденең жазықтықта тік орналасады. Сондықтан да мұндай буын көлденең буын деп те аталады. Бұл жағдайда осы біліктің бойымен буын жазылып-бүгіліп қана қозғалады. Бұған саусақ буындарының қызметі мысал бола алады.
Бұлшықеттер -тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Жануарлар ағзасының өсімдіктер әлемінен бір айырмашылығы — қимыл қызметін атқаратын бұлшықеттердің болуы. Бір орыннан екінші орынға ауысуы, қауіп-қатерден құтылу, сонымен бірге денедегі барлық мүшелердің жұмыс істеуі, адамдардың бір-бірімен тілдесуі бұлшықеттердің жәрдемімен атқарылады.
Кіші жұмыр бұлшықет -жауырын бұлшықеттерінің астында жатады. Ол жауырынның сыртқы жиегінен басталып тоқпан жіліктің үлкен денесіне бекиді, жауырын жалы астындағы дельта бұлшықетіне топтастырылады, иықты сыртқа бұрады.