Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет60/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

 
4.3
Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында 
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
 
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 
Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. КСРО-ға қарсы «Барбаросса» деген 
соғыс жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. 1941 жылдың 22 
маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан 
басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат 
ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан 
соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес 
айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы 
барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ 
шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда 
Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан 
– 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест 
қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды 
жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А. Мүсірепов, В. Лобанов, К. 
Абдрахманов, К. Иманқұлов, А. Наганов, Ғ. Жұматов, Ш. Шолтыров, Т. Деревянко, Қ. 
Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар 
бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға 


130 
аттандырылды. Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. 
Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда 
жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен 
ерлік көрсетеді. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі 
жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. 
Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан 
ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек 
Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов 
орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының 
Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза
тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В. Панфиловке Кеңес Одағының Батыры 
атағы берілді. 
Панфиловшы аға лейтенант Б. Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен 
жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б. Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы 
гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Б.Момышұлының 
соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы 
берілді.
И.В. Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М. Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес 
Одағының Батыры атағын иеленді. М. Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын 
жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер 
шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т. Тоқтаров, Р. Жанғозин, Р. Елебаев 
және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 
19-шы атқыштар бригадасы да қатысты.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал 
қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау 
шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. 
Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей қазақстандық әскери құрылымдар 
қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық атқыштар 
бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-
ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы 
Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен 
жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 
152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы
батальоны қатысты. 
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе 
шайқасында қарағандылық ұшқыш Н. Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері 
шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н. Әбдіров, минометші 
К. Сыпатаев пен Р. Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы 
батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан 
қазақстандықтар құрметіне «Казахстанская» деп аталған көше бар. Бірнеше айға созылған 
Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград 
шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа 
шешуші үлес қосты. 
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа «Цитадель» 
операциясы дайындалды. 5 шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер 
әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық 
әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық 
Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. 
Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс 
Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер 


131 
Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А. Андреев, Л.И. Беда, П.Т. Брилин, Т.К. 
Абилов, В.Г. Козенков, И.И. Корнев, И.В. Кутурга және т.б. 
Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында 
қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші 
атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту 
орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-
ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 
72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия 
территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде 
алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны 
азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А. Мудрагель, Г. Сливных, Ж. Аминов 
қаһармандықтарымен көзге түсті. 
Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар 
дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. 
Бұл полк екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен үш 
мәрте марапатталды. 992-ші полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 
ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага 
операциясы барысында 52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен 
көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын 
бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе 
армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков 
пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. 
Ұшқыштар: Т.Я. Бигелдинов, И. Павлов, С.Д. Луганский және Л.И. Беда 2 мәрте Кеңес 
Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 
26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан 
Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, 
осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алды.
Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және 209-
ші атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод 
лейтенанты К. Маденов, ал көше шайқастарында И.Б. Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р. 
Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін 
танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. 
Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры 
атағын иеленді.
Қазақ қыздары өз еріктермен соғысқа сұранып жатты. Мысалы, Қарағандының әскери 
комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей 
қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының 
тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың 
көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери 
құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған 
қазақ Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын шығарды. Авиация саласын меңгерген қазақ 
қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының 
құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы 
Президенттің жарлығымен Х.Д. Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова 
Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, 
Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-
жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше 
марапаттарға ие болды. 
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 
жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау 
басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан 


132 
отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің 
тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 
1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары 
құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың 
мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, 
кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына 
тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық 
жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы 
Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. 
Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия 
территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық 
партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, 
Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі 
жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік 
жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының 
командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. 
Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, 
Талдықорған облысынан П.С Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент 
облысынан – Ж. Омаров, алматылық – А.С. Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі 
партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ. 
Қайсеновке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес 
қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан 
жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: 
Ф. Озмитель, Ғ. Омаров, Н. Қайсеитова, Н. Салықов, Х. Исмағұлов, Н. Сыдыкова, М. 
Стрельников, И.А. Булаев, И. Данияров, И.А. Ерещенко, К. Темирханов, Е. Балабеков, Т. 
Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 
ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы 
партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі «Тринадцать» құрамында 48 қазақстандық 
болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар А. Шарипов, Ж .Агадилов, И. 
Өтебаев, М. Мұқанов, А. Төлегенов, Қ. Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі 
мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С. Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының 
Батыры атағы берілді. 
Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, 
Ауғанстан территорияларын біріктіріп ислам пан-түріктік «Гросс Туркестан» немесе 
«Пантуркестан» мемлекетін құру көзделеді. «Гросс Туркестан» идеясы жүзеге аспады. 
Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан түратын 
Түркістан легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы 
құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық 
мамандар 180 000 - 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы 
қазақ зиялысы – М. Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдарды қажет 
деп таппаған. М. Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға 
жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына 
жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. 
Өкінішке орай, М. Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы жүзеге 
аспайды.
Соғыстың алдында Қазақстанда халықтың саны 6,2 млн. болды. Соғыс жылдары 
майданға 1,9 млн. адам аттанды. Құрылыс батальондар Орта Азия және Қазақстанның 
жергілікті халқынан және қуғын-сүргінге түскендер есебінен жасақталды. Қазақстаннан 
әскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне 


133 
жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші
қазақстандық 
қорғаныс 
және 
майдан 
объктілеріне 
тартылған. 
Республиканың 
мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% 
мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған 
халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді.
Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 
000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс 
даласында қаза тапқардардың саны. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның 
ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын 
қорғауда қазақ ұлтының оташылдық сезімін көрсетеді.
Соғыс кезінде республика экономикасын соғыс мүддесіне сай құрылды.
 
Соғыс 
уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды және еңбек демалыстары жойылды. Барлық 
азық-түлік пен шикізат қорлары майданға жіберілді. Халық азық-түлікпен белгіленген 
мөлшерде ғана қамтамасыз етілді.
Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуация жөніндегі Кеңес 
құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан эвакуациямен келген
халықты, өнеркәсіп орындарын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. Қазақ 
Республикасына әсіресе, 1941 жылғы тамыз-желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 
жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға 
орналастырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті.
Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс аудандардағы өнеркәсіп 
орындары көшіріле басталды. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь 
станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт Гурьевке, 
Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасайтын зауыт Қарағандыға көшірілді. 
Қазақстан территориясына көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне 
жақын жерлерге орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье ферросплавл 
зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл 
зауытын, Ворошилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады. 
Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Луганск ауыр машина жасау 
зауытын, республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады.
Өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың соңынан 1942 жылдың 
басына дейін, 1942 жылдың басынан күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-
нен, БКСР-нен, Ленинград пен Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 
70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың 
ішінде Қазанның ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың 
Харьковтік 
ұшақ 
цехы, 
Днепропетровск 
вагон 
жөндеу 
зауыты, 
“Трансвязь” 
электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау зауыты, Киев ет 
комбинаты және т.б болды. Москва және Москва облысынан рентген, Дзержинский 
атындағы электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, «Изолит» зауыты, «Красный 
факел» зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында 
Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді.
Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия территорияларына көптеп 
көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-
киім фабрикасы, «Парижская комуна» аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, 
Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары 
көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, азлитражды двигатель, 
радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ 
шығаруға негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 
3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 
2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник 
мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркәсіп орындары 
Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды. 


134 
. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК Повольжье, Орал, Батыс 
Сібір, Қазақстан және Орта Азия аудандарына 1941 жылдың 4- тоқсанына және 1942 жылға 
арналған жоспарды бекітті. Бұл жоспар бойынша әскери техника, жабдықтар, оқ-дәрі 
өндіруді ұлғайту және металлургия, көмір салалары өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық 
шикізат шығаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО 
территориясының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынған территорияларда өндірілетін 
шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Москва 
түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан соғыс мүддесіне 
көмір өндірудің барлық ауырлығы Қарағанды көмір бассейніне түседі. Қарағанды көмір 
бассейні соғыс жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе артық 
өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С.Макаров 
әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі 
Орал, Орск-Халиловск, Поволжье өнеркәсіп орындарын, темір жол транспортын отынмен 
қамтамасыз етті.
Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. «Қазақстан минай» ұжымы тәулігіне 12 
сағат жұмыс істеді. «Ақтөбе минай» ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа 
қосса, Гурьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыруды қолға алды. 
Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 
ұңғыны жұмысқа қосып, тәуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге 
көбейтті.
1942 жылы неміс-фашистер әскері Волгаға шығып, Солтүстік Кавказ территориясын 
басып алуына байланысты, мұнай өнеркәсібінің жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік 
Қорғаныс Комитеті мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары 1942 
жылы тәулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы – Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 
тапсырмасын орындау барысында мұнай өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 
жылы 18 мамырында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Қазақстан мұнай комбинатында 
мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары» деген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай 
өндіруді барынша күшейту және комбинат жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. 
Нәтижесінде осы жылы Кавказ және Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолдары 
салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы «Қазақ 
мұнай» ұжымы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай 
өңдеуде жоғарғы көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы «Қазақстан мұнай комбинаты» ұжымы 
15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет ОАК мен Қазақстан 
коммунистік партиясының Туларын иемденді. 1944-1945 жылдары бұл ұжым 11 рет 
Қорғаныс Комитетінің Туын иемденіп бүкілодақтық жарыстың 2,3- орындарын жеңіп алды. 
Тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бірі – халықты депортациялау, яғни оның 
этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 30-шы жылдары жүзеге 
асырыла бастаған депортациялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті. 
Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының немістері шұғыл түрде 
көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында 
олардың мал-мүлкі толығымен тәркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. 
Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге әкімшіл-әміршіл 
жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу 
үшін көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар Венцель Венцов 
деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар мен Қызыл Ту орденімен марапатталған. 
Павлодарлық П.Шмидт азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван 
Гарвард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес Одағының Батыры 
атағын иеленді.
1943-1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың 
карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен 
күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Әкімшіл-әміршіл жүйе бұл 
халықтарды азаматтық құқықтарынан айыра жаздады. Бұл фактілер сөз жүзінде халықтар 


135 
достығы, теңдігі деп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын 
көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет