Булумбаев Олжас Рахматулаұлы, аға оқытушы, саясаттану магистрі Берілген оқу жұмыс бағдарламасында «Саясаттану, Әлеуметтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар, бақылау түрлері, дәріс тезистері, сабақ


Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 3,8,10,36,49,52,61,65,84,87



Pdf көрінісі
бет39/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,65 Mb.
#84440
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75
Байланысты:
Саясаттану

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 3,8,10,36,49,52,61,65,84,87. 
Тақырып № 30. Әлемдік саясат және қазіргі 
халықаралық қатынастар. 
Дәріс тезистері: 
Әлемдік саясат - нақты мақсаттарға қол жеткізу бойынша 
ұлттық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың жаһандық 
және өңірлік өзара іс-қимылының әртүрлі нысандары, олардың 
мемлекетаралық ынтымақтастық тәсілдері. Әлемдік саяси үдеріс - 
халықтардың, мемлекеттердің, қоғамдық қозғалыстар мен 
ұйымдардың жиынтық іс-әрекеті. Халықаралық қатынастар - 
қоғамдық қатынастар мен аумақтық құрылымдар шеңберінен 
шығатын қоғамдық қатынастардың ерекше түрі. Халықаралық 
қатынастардың субъектілері:
мемлекеттер, мемлекетке ұқсас 
құрылымдар, ұлттар мен халықтар, халықаралық ұйымдар, 
индивидтер. Халықаралық қатынастар теориясындағы теориялық 
әдістер: саяси идеализм, саяси реализм, неомарксистік тәсіл
постпозитивистік тәсіл. Халықаралық қатынастар теориясындағы 
дәстүрлі мектептер: реализм мектебі, либерализм мектебі, 
неомарксизм мектебі, конструктивизм мектебі. 


60 
Қазіргі халықаралық тәртіптің тарихи типтері мен 
ерекшеліктері: вестфальдік, веналық, версальдік, ялтинско-
потсдамдық, 
пост-биполярлы. 
Халықаралық 
қатынастар 
жүйелерінің типологиясы мен олардың қызмет етуінің 
құрылымдық заңдылықтары. 
Қазіргі халықаралық қатынастардың дамуының негізгі 
үрдістері:
билікті бытыраңқы орналастыру, жаппай қырып-жою 
қаруын пайдалана отырып әлемдік соғысты болдырмау мәселесі, 
жаһандық проблемалардың өсуі, халықаралық қатынастарды 
демократияландыру. 
Жаһандану 
көптеген 
әлеуметтік, 
экономикалық, мәдени, саяси және өзге де қатынастар мен 
байланыстар дүниежүзілік сипатқа ие болады деп болжайды. 
Сонымен қатар, ол жекелеген мемлекеттер шегінде де, 
мемлекеттер арасында да өзара іс-қимыл деңгейінің өсуін 
білдіреді. Жаһанданудың қазіргі заманғы процестері үшін жаңа 
технологиялық, ұйымдастырушылық, әкімшілік, құқықтық және 
т.б. сияқты қызмет салаларына әлеуметтік байланыстарды тарату, 
сондай-ақ қазіргі заманғы коммуникациялардың және жаңа 
ақпараттық технологиялардың көптеген желілері арқылы өзара 
байланысты орнату үрдістерін ұдайы қарқындату болып 
табылады. 
Қазіргі жаһандық қауіп қатерлер

адамзаттың әлеуметтік 
прогресі мен өркениетті сақтауға байланысты әлеуметтік-табиғи 
проблемалардың жиынтығы. 
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан. 
Қазақстан сыртқы саясатының басымдық бағыттары - ұлттық 
мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті 
күшейту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет