7 ноября 2020 года 4 бет 7 қараша 2020 жыл Бұқар жырау жаршысы Ведомствоаралық комиссия отырысы Ауданымыз бойынша ұр-
лыққа қарсы атқарылып жа-
тқан жұмыстар жөнінен
хабарлама жасаған аудандық
құқықтық қамтамасыз ету бө-
лімінің басшысы Ерболат Тоқ-
мырза ағымдағы жылдың 28
ақпанында өңір басшысының
бекітуімен, аудандық полиция
бөлімі басшысының келісімі-
мен 2019-2020 жылдарға ар-
налған ұрлыққа қарсы
бағдарламаны іске асыру жө-
ніндегі іс-шаралар жоспары,
2019-2020 жылдарға арналған
қоғамдық құрылымдар жəне
құқық қорғау органдарымен
өзара іс-қимыл жасаудың жол
картасы, сондай-ақ 2020-2022
жылдарға арналған құқық бұ-
зушылықтардың алдын алу-
дың аймақтық жоспары
жасалғандығын айтты.
Жалпы, ағымдағы жылдың
10 айының қорытындысы бо-
йынша қылмыстық құқық бұзу-
шылықтар саны - 28 пайыз.
Мүлікті ұрлау фактілері өткен
жылмен салыстырғанда 37, 6
пайызға азайған. Пəтер тонау
бойынша - 30, ұялы телефон-
дарды ұрлау – 13, автокөлік
ұрлау бойынша - 1 іс тіркел-
ген. Жүргізілген талдау бо-
йынша жайылымнан 60
пайыздан астам ірі қара ұрла-
нған. Қылмыстың орын алу се-
бебі - малдың ұзақ уақыт бойы
бақылаусыз жүруінен болып
табылады.
Мал ұрлығына қарсы күре-
стің тиімділігін арттыру үшін
2019-2020 жылдарға арналған
ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағ-
дарламасын іске асыруда
жергілікті атқарушы органдар-
мен, қоғамдық құрылымдар-
мен жəне халықпен тығыз
қарым-қатынас жасайтын ша-
ралар жасалуда. Сондай-ақ
əкім аппаратының профилак-
тикалық іс-шаралар мен құқық
бұзушылықтар саласындағы
қызметтерін талдайтын жұмыс
тобы құрылып, жұмысын
орындауда.
Ерболат Тоқмырза иесіз,
бақташысыз малдардың көлік
астына түсу себептерін анық-
тау, жол қауіпсіздігін қамтама-
сыз ету бойынша шаралар
қабылданып жатқандығын да
айтты.
Жиында Шешенқара, До-
скей, Үштөбе, Қарқұдық, Бо-
тақара ауылдық округ əкімдері
ағымдағы жылдың көрсеткіші
бойынша ұрлыққа қарсы іс-қи-
мылдарды іске асыруда атқа-
рылып жатқан жұмыстар
жөнінде баяндамаларын жа-
сады. Аудан əкімі тарапынан
жайылымдағы малды бақы-
лауда ұстайтын бақташымен
жасалатын келісім шарт, жеке
мүлікті қорғау мақсатында
ауылдық жерлердегі дүкен-
дерде, ірі шаруа қожалықта-
рында бейнебақылау
қондырғыларын орнатуға бай-
ланысты сұрақтар қойылып,
жауап берілді.
- Биылғы жылы өткен жыл-
мен салыстырғанда мал ұр-
лығының саны азайып отыр.
Ұрланған малды іздеу жұмы-
стары бойынша жол бойла-
рында тексеру жұмыстары
жүргізілуде. Иесіз, бақташы-
сыз мал жайылымы, ешқан-
дай құжатсыз ет өнімін
тасымалдау бойынша тіркел-
ген оқиғаларға байланысты
халықпен түсіндіру кездесу-
лері жүргізілді. Сондай-ақ тұ-
рғындарға жеке мүлікті қорғау
мақсатында бейнебақылау құ-
рылғыларын орнату мəселесі
ескертілді. Көп жағдайда мал
ұрлығы тұрғындардың бақ-
ташы жалдау мəселесіне не-
мқұрайлы қарауынан
туындайды, - деді аудандық
ішкі істер бөлімінің басшысы
Виталий Штыбин.
Жиын барысында ауыл ша-
руашылығы бөлімі мен «Вете-
ринарлық станция» басшысы
Мейрам Ыбышевтың баянда-
малары тыңдалды. Қылмы-
стық құқық бұзушылық
жасауға ықпал еткен себептер
мен жағдайларды жою үшін
атқарылып жатқан жұмыстар
легін жеткізген баяндамалар
тыңдалып, жиынға қатысушы-
лар тарапынан айтылған ұсы-
ныстар қарастырылды.