Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района



Pdf көрінісі
бет23/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Л.ЖАБАГИНА,
қазақ тілі мен 
əдебиеті пəнінің мұғалімі
Байқадам орта мектебі
Мектеп қабырғасынан кейін
академик Е.А.Бөкетов атын-
дағы Қарағанды университе-
тінде филология мамандығы
бойынша білім алған Анар Ақ-
баева диплом алған соң туған
ауылына қайтып оралады.
Қ.Боранбаев атындағы негізгі
мектепке қазақ тілі жəне əде-
биеті пəнінің мұғалімі қызметіне
тағайындалады. Қыз бала ата-
анасына жақын келеді емес
пе?! Онымен қоса үйдің кен-
жесі, еркесі болған соң ба, ата-
анамның қасында болсам деген
ниетпен ауылға қайтып оралған
кейіпкеріміз өз таңдауына еш
өкінген емес. 
- Өзімнің бастауыш сынып-
тағы ұстазым Ахметбек Ами-
ровты еш уақытта есімнен
шығармай айтып жүремін. Ол
кісінің жүріс-тұрысы, сөйлеу мə-
нері, тақтаға жазған əсем
жазуы, мектеп есігін енді ашқан
оқушыны білімге шақырудағы
ерекше əдістемесіне қарап сүй-
сінетінмін. Сол кішкентай парта-
дағы бүлдіршін оқушы
кезімнен-ақ өсіп, ер жеткен соң
ұстаз боламын деп арманда-
дым, - деп еске алады Анар Ақ-
баева.
Жас маман ретінде еңбек
жолын бастаған Анар Иманта-
йқызы алғашқы жылдары өзінің
ұстаздары Риза Нұржігітова,
Зайда Бековалардың тарапы-
нан көп қолдау тауып, сол кісі-
лердің ақыл-кеңестерін тыңдап,
мектеп өміріндегі алғашқы қа-
дамдарын жасай бастайды.
- Ұстаз деген əр шəкіртін өз
баласындай жақсы көріп, есінен
шығармайды. Алдымнан қанша
түлек ұшса да, ешбірін ұмытқан
емеспін. Өзімнің жолымды
қуып, ұстаздық қызметте жүрген
Нұрғаным Казимова, Гүлдана
Мағауиянова, Ұлпан Ахметбе-
кова жəне Саран қаласында
білім алып жатқан Махаббат
Шынжырбай, Назерке Абеуова-
ларды атап өте аламын, - дейді
Анар Имантайқызы.
Бүгінгі күннің басты жаңалығы
болған латын графикасына
көшу мəселесінде «латын қарі-
піне көшу арқылы технология,
бизнестің тіліне оңай қол жеткі-
земіз, жаңа əліпбимен ұлтымы-
зға тəн сөйлеу мəнеріміз қал-
пына келеді» деген ойды түйін-
деді Анар Ақбаева. 
«Ұстаздық - ұлық емес, ұлы
қызмет. Себебі, ұрпақты ұстаз
тəрбиелейді. Болашақтың бас-
шысын да, данасын да, ғалы-
мын да, еңбекқор егіншісін де,
кеншісін де ұстаз өсіреді.
Өмірге ұрпақ берген аналарды
қандай ардақтасақ, сол ұрпақты
тəрбиелейтін ұстаздарды да
сондай ардақтауға міндеттіміз»
дейді ұлт батыры Бауыржан
Момышұлы. 
Қоғам мен адамзат алдын-
дағы өлшеусіз еңбек, өскелең
ұрпақ тəрбиелеудегі өрелі жұ-
мыстар жүргізіп жүрген кейіпке-
ріміздің де үлкен жеңісі
шəкірттерінің ұстаз еңбегін
ақтап, елге сыйлы адамзат
болып қалыптасуында жатыр.
Шəкірттерін білім нəрімен су-
сындатып, үлкен өмірге қадам
басуына бар ақыл-кеңесін
берер Анар Ақбаева өз орта-
сында орны да, жолы да
жоғары ұстаздар санатынан.
Аяулы ұстаз, еңбегіңіз еселене
түссін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет