Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района



Pdf көрінісі
бет19/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
Сауатсыз кітаптар,
салғырт ғалымдар
Енді сауатсыздық пен салғырттықтың жаңа мысалда-
рын келтірейін. Өткен жылы Қарағанды қаласының 85
жылдығы құрметіне қалалық əкімдік əдемі безендіріл-
ген «Қазыналы Қарағанды» деген кітапты үш тілде
басып шығарыпты. Əдемісін қайтейін, қазақшасын
оқығанда жағаңызды ұстайсыз: іші толған қате, сауат-
сыз аударма, орашалақ сөйлемдер, қайталаулар орын
алған, орысшасы да жетісіп тұрған жоқ, ертеректе
шыққан бір кітап жаңартылмай алына салынған. Құра-
стырушылар (Т.Аршабеков, Ж.Жұмабеков, Б.Айсанов),
пікір білдірушілері мен редакторлары мүйізі қарағай-
дай тарихшы, филолог доктор-профессор, кандидат-
тар: В.Козина, Е.Серімов, М.Жұмабеков, А.Сауғабай. 
Мұндай кітаптардың мəтіні бірдей болып, жолма-жол
аударылушы еді. Ол тəртіп сақталмаған, мəселен, «Қа-
рағанды қаласынынң тарихы» деген тараудың қазақша
мəтіні 19 баған, орысшасы 14, ағылшыншасы – 13
баған. 
Орашолақ ұзақ сөйлемдерді талдауға басылым кө-
лемі көтермейді, дегенмен стилі мен орфографиялық
қателерін сақтай отырып, үш-төрт мысал келтіре кете-
йік: «...1852 жылы Екатеринбург қаласында пайдалы
қазбаларды өндірудің ашық компаниясын құрды» (6-
бет). Сөйтсек бұл «основали компанию по разработке
открываемых полезных ископаемых» (15 бет) дегенді
аударған түрлері екен. «1943 жылы тау-кеншілер көп-
теген горизонттармен шахталарды қанауға жіберіп,
екінші жерасты Қарағандының негізін қалады» (11 б.),
«Кəсіпорындардың қатарында республика кең юмен
қатар, ел алдыңғы кəсіпорындарының үлгісімен жəне
тереңдетулер болат шаруашылық реформалары
ұжымдардың əлеуметтік даму жоспары құрасты-
рылды», «жаңа техниканың экономикалық дамуы ба-
йқалды», «Қалада машина жасау құрылысы да
өндірістің дамуы болып саналады. Үш ірі машина құры-
лысшылары бірігіп «Карагандаугольмаш» болып бі-
рікті» (12 б.). «Əсіресе көзге көрінгені 1978 ж. млрд.
таған сапалы қарағанды көмірінің алынуы» (13 б.).
Соңғысы Қарағандыда 1978 жылы бассейн 1930 жыл-
дан өнеркəсіптік негізде игеріле бастағаннан бері 1
млрд тонна көмір өндірілді дегенді білдіргісі келгендері
ғой. Тау-кен ісі ілімінде «тау-кеншілері», «тау техни-
касы» деген «жаңалықтар» енгізіліп, Мемлекеттік Қо-
рғаныс комитетін «Қарулы Комитет» деп, Президенттің
жыл сайынғы Жолдауы «қолдауы» болып кеткен (13
бет). Қор болған қайран қазақ тілі! Техникалық универ-
ситет туралы мақалада «Металлургические процессы
черных металлов» деген мамандық «горных метал-
лов» болып былықтырып тұр (қазақшасы да осы нұ-
сқада аударылған). 
Өрескел қателер өмірбаяндық мақалаларда да орын
алған. Құрастырушылар Қарағандыда қазақ тілінде
шығып тұрған газет «Социалистік Қазақстан» емес «Со-
веттік Қарағанды» екендігінен хабарсыз (89 б.). Лауа-
зымдық қызметтер қолданылып жүрген нұсқаларға
мүлде сəйкес емес, қазақ тілінің нормалары сақталмай
аударылған: «Кировск қалалық партиясының хатшысы,
Қарағанды қалалық партиясының екінші хатшысы»
(104 б.), «қалалық комитет нұсқаушысы, облыс коми-
теті, Қазақстан ЛКСМ облыстық комитетінің хатшысы»
(118 б.), «КПСС ОК аспирантурасы жанындағы Жоғары
партия мектебін...аяқтаған» (128 б.), т.с.с. болып кете
береді. Ғарышкер Т.Əубəкіров Солтүстік полюске емес,
қайдағы бір Сібір полюсіне сапар шегеді, В.Саламатов
Елдер бауырластығы деген жоқ орденмен марапатта-
лған (дұрысы «Халықтар достығы»), С.Досмағамбетов
тау-кен институтында оқыды емес (150 б.), оқытушы
болды. Поспелов пен Катаржновтың фотосуретері ауы-
сып кеткен (114-115 бб.), т.т. Кеңес Одағының ордендер
мен медальдарының аттары бір жүйеге келтірілмей өз
беттерінше аударылған. Бұл енді қазақ баспасөзіне тəн
ортақ қасірет. Көпшілік баспагерлер 1994 жылы «Қазақ-
стан» баспасынан шығарылған «Екі тілде іс жүргізу -
Делопроизводство на двух языках» атты кітапта бекі-
тілген наградалар атауларын, басқа да нұсқаулық-
тарды басшылыққа алмайды.
Ең сорақысы – орден, медальдардың дəрежесін біл-
мей, кім-көрінгенге оңды-солды «үлестіру» болып отыр.
Аталмыш кітапқа енгізілген Тишбек Аханов ағамыз
соғысқа қатысқаны болмаса кеңестік генералитет құра-
мында болмаған, бейбіт еңбек адамы. Бірақ «Қазы-
налы Қарағанды» кітабын құрастырушылар ол кісіні
Кеңестік Қарулы Күштердің ең жоғары наградасы
«Жеңіс» орденімен үш мəрте наградтап қойыпты. Ма-
сқара! Тіпті Генералиссимус И.Сталин, Жеңіс маршал-
дары Г.Жуков пен А.Василевский бұл орденге екі-ақ
рет ие болған. Кітаптың авторлары, пікір білдірушілері
мен редакторларының, тағы да қайталап айтайын, мү-
йізі қарағайдай профессор, доктор, кандидаттардың құ-
лақтарына алтын сырға, «Жеңіс» орденімен
2-дүниежүзілік соғыстағы жеңіске үлкен үлес қосқан,
майдандар көлемінде ірі шабуыл операцияларын үй-
лестірген Кеңестік Армияның жоғары басшылығы мен
кейбір шетелдік қайраткерлер ғана марапатталған, бар-
лығы 20 орден берілген. Олардың қатарында аттары
жер жарған маршалдар И.Конев, К.Рокоссовский, Р.Ма-
линовский, Ф.Толбухин, Л.Говоров, С.Тимошенко. К.Ме-
рецков, армия генералы А.Антонов, шетелдіктерден
фельдмаршал С.Монтгомери (Ұлыбритания), генерал
Д.Эйзенхауэр (АҚШ), маршалдар И.Тито (Югославия),
М.Жимерский (Польша), Румыния королі Михай І-ші
бар.Тіпті төрт мəрте Кеңес Одағының Батыры, СОКП
ОК Бас хатшысы Л.Брежнев те наградталып еді, бірақ
кейін қайтарып алынды.
Кітапты шығарушылардың кінəсі мынада, олар жоға-
рыда айтылған, 2004 жылы шығарылған сауатсыз
«Тарих беттері – Страницы истории» деген кітапқа
сеніп, қаланың Құрметті азаматтарының өмірбаяндық
деректерін сол қалпында көшіре салған. Оңай ақша та-
будың амалы дер едік. Кітаптың қателерін түзетіп, ав-
торларының есебінен қайта шығару жағын ойластыру
керек. Бүйтіп қазақ тілін қорлай беруге болмайды!
Биыл Ұлы Жеңістің аяқталғанына 75 жыл толуына
байланысты мерзімді басылымдарда көптеген мақала-
лар жарияланды. Оларда да қателіктер орын алып
жатты. Майдан, дивизия, жер-су, қалалар мен елді ме-
кендер аттары шатастырылып, орден, медальдарды
əркім өз білгенінше аудара салады. Бəрін бірдей тізе
алмаймыз, дегенмен, бірнеше мысал келтірейік. Облы-
ста айналдырған отыз шақты Кеңес Одағының Батыры,
он шақты Даңқ орденінің толық иегерлері, даңқты шах-
терлер, басқа да белгілі еңбек адамдары болған. Олар
туралы əр жылдары бірнеше кітап, брошюралар шыға-
рылды. Ендігі өмірбаянын жаттап алуға да болар еді.
Бірақ аударма жасағанда, мақала жазғанда солардың
өмір жолынан, аты-жөнінен де қате жіберіп жатамыз.
Атымыз күтпеген жерден сүрінеді. П.П.Корниенко деген
Батырымыз осы атақты 1943 жылы Днепрді кешіп
өткен ерлігі үшін алған екен. Бірақ Солтүстік майда-
нында соғысты деген жері елең еткізді. Днепр –
Украина жерінде, елдің солтүстік өңірі емес. Орыс ті-
лінде шыққан «Ұлы Отан соғысы» энциклопедиясын қа-
расам, Солтүстік деген майдан соғыстың бастапқы
кезінде Ленинград түбінде 1941 жылдың 24 маусы-
мында құрылған екен, сол жылдың 23 тамызынан та-
ратылып, Ленинград жəне Карел майдандарына
бөлінеді. Сөйтсек, жерлесіміз Солтүстік емес Степной
майданында соғысқан екен. Қате 1990 жылы шыққан
«Қарағандылық батырлар» деген кітапшада кеткен.
Енді 2020 жылы қайталанып отыр. Əрбір мақаланы қо-
рытқанда редакторлар оған шығармашылық тұрғыда
қарауы керек. Бір белгілі автор (Т.Аршабеков) облы-
стық газетте жариялаған материалдар сериясында
«Украина жеріндегі Горький қаласы» деп шатасады,
атақты кеншілер Л.Тютяевті Л.Тотаев, Жакен Мұқано-
ваны Жакен Мұқанов қылып жіберген, т.т. 
Осы жерде жоғарыда аталған кітаптан оқырмандар
мен жас қаламгерлерге үлгі ретінде қатардағы жауын-
герлер мен тыл ардагерлері жиі наградталған КСРО-
ның негізгі ордендері мен мен медальдарының жазылу
үлгілерін сақтай отырып, бекітілген қазақша атауларын
келтіре кеткенді жөн көрдік. Ордендер: Қызыл жұлдыз,
І жəне ІІ дəрежелі Отан соғысы, І, ІІ, ІІІ дəрежелі Даңқ,
«Құрмет белгісі», «Құрмет», Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Ту,
«Халықтар достығы», Қазан революциясы, Ленин ор-
дені болып келеді. Медальдар: «Ерлігі үшін» («За от-
вагу»), «Жауынгерлік еңбегі үшін» («За боевые
заслуги») «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғы-
сында Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені
үшін», «Ленинградты, Москваны, Одессаны, Севасто-
польды, Сталинградты, Киевті, Кавказды, Кеңестік За-
полярьені қорғағаны үшін», «Будапешті, Кенигсбергті,
Венаны, Берлинді алғаны үшін», «Белградты, Варша-
ваны, Праганы азат еткені үшін», «1941-1945 жылдар-
дағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін»,
«Еңбектегі ерлігі үшін» («За трудовую доблесть»), «Ең-
бекте үздік шықаны үшін» («За трудовое отличие»),
«Тың жерлерді игергені үшін» (тыңайған жер деген сөз-
дер жоқ) жəне т.б. Ал облыс, аудан аттарындағы гео-
графиялық атаулар қазақ тілінде «ский, ская»
жұрнақтарынсыз атау септігінде беріледі, мысалы Ор-
ловская область – Орел облысы, Мгинский район –
Мга ауданы, Великолукский – Великие Луки, Молодо-
тудский – Молодой Туд, Лужский – Луга, Сычевский –
Сычевка ауданы, т.т., бірақ мекен атауы «ск», «ский»
болып аяқталса, ол сақталады (Минск, Брянск, Курск,
Смоленск, Наро-Фоминск, Можайск, Первомайский,
Сиверский, Великооктябрьский т.т.).
Бұдан шығатын қорытынды – Тəуелсіздік алғаннан
бері кітап шығару ісінде цензураға тыйым салынып, кім
болса сол ойына келгенше кітап шығарып жатыр, жеке
меншік баспаханаларға ақысын төлесе болды, бір-екі
адамның формальды түрде пікірін алады да баса бе-
реді. Оның мазмұнына, əдеби өңделуіне, цифрлар мен
фактілерді дұрыс беруіне пысқырып та қарамайды. Біз
бұл жерде отбасылық тұрғыда шығарылып жатқан ба-
сылымдарды сөз етіп отырған жоқпыз, мемлекеттік ме-
кемелер атынан жарияланған əдебиеттің жыртысын
жыртып отырмыз. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс
арқылы шығарылатын əдебиеттерге сауатты редактор,
салиқалы рецензент қажет. Мемлекетті, оның қаржы-
сын аяйық та. Мəселені мемлекеттік тұрғыда шешпесе
болмайды. Өйткені бұл сауатсыз əдебиеттер цифрла-
нып, латынданып, ғасыр ортасына, одан да əрі сапар
шегуі мүмкін. Құнсыз дерек, сақауланған қазақшамен
болашақ ұрпақты уландырмайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет