Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района



Pdf көрінісі
бет21/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Аман ЖАНҒОЖИН,
ардагер журналист, 
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының
лауреаты
7 ноября 2020 года
7 қараша 2020 жыл 7 бет
Бұқар жырау жаршысы
Қазақ тілін қалай ғылым тіліне
айналдырамыз?


7 ноября 2020 года
8 бет 7 қараша 2020 жыл 
Бұқар жырау жаршысы
Сабақтарда ақпараттық-
коммуникативтік
технологияларды қолдану
Жыраулар
поэзиясын оқыту
ерекшеліктері 
Қазақ əдебиетінің
тарихында
жыраулар шығар-
машылығының
алатын орны зор.
Қазақ бастауы
ретінде жасалған
жыраулар мұрасын
оқытудың жас ұрпақты ұлттық рухта
тəрбиелеудегі маңызы ерекше екені анық. 
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жалпы білім бе-
ретін мектептердің орта буындарында жыраулар поэзиясы кең
қамтыла бастаған. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы əдебиет өкілдері Асан
қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жи-
ембет жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жыраулар мен Шал
ақын шығармалары берілген. 
Əдебиетті оқытудағы тəжірибеге сүйене отырып, жыраулар
шығармаларын орта мектепте оқытудың өзіндік ерекшеліктеріне
тоқталып өтпекпіз. Жыраулар шығармашылығын оқытуды ең ал-
дымен оқушының мəтінді, яғни толғаулардың өзін оқып таны-
суынан бастауымыз қажет деп ойлаймыз. Толғаудағы басты
ерекшеліктің бірі болып танылатын ырғақты сақтай отырып, жыр-
дың өр рухын таныту үшін шығарманы мақамымен оқи білу
қажет. Толғауларды бір сарынмен судырата оқыту арқылы оқу-
шыны жалықтырып алуымыз мүмкін. Əдебиет сабағында көрне-
кіліктерді ретсіз қолдана бергеннен гөрі лирикалық шығарманың
ырғағын, əуезін нақышына келтіре оқысақ, соның өзі тыңдаушыға
ерекше əсер береді. Əдеби шығарманы оқушыларға мақамдап
оқытуда дауыс ырғағын сақтауды, кідіріс жасай білуді жəне оқу
қарқынын бұзбауды талап ете отырып, толғаудың лирикалық
жанр ретіндегі өзіне ғана тəн табиғатын таныта алар едік. 
Мысалы, Шалкиіз жыраудың «Аспанды бұлт құрсайды» деп ба-
сталатын би Темірге айтқан толғауындағы мына жолдарды бір
сарынмен оқи салсақ, автордың өр поэзиясының қуатын бере
алмаспыз: 
Еділден аққан сызашық 
Біз көргенде тебінгіге жетер жетпес су еді, -
Телегейдей сайқалтып, 
Жарқыраған беренді 
Теңіз етсе, тəңірі етті.
Жағасына қыршын біткен тал еді, - 
Жапырағын жайқалтып ,
Терек етсе, тəңірі етті!
Тебінгінің астынан 
Ала балта суырысып,
Тепсінісіп келгенде 
Тең атаның ұлы едің, - 
Дəрежеңді артық етсе, тəңірі етті! 
Өз тəжірибемде қолданғаным, толғауларды, əсіресе, Б.Тілеу-
хановтың орындауындағы толғаулар кəсіби əншілердің орында-
уында тыңдату болды. Балаларға толғауды домбыраның
сүйемелдеуімен орындау талабы күшейді. Оқыту барысында то-
лғаудың табиғатында бар əуенмен орындалу шартын сақтау оқу-
шыны еліктіре түседі. 
Бұл орайда батыр əрі сөзге шешен жыраудың тəкаппар да
өршіл рухы толғауларындағы ырғақпен берілетінін айтқан зерт-
теуші ғалым М.Мағауиннің «...ырғаққа үлкен мəн беріліп, басы
озып тұрған тармақтар ерекше екпінмен айтылады. Сөйтіп, өлең-
дегі тармақтардың буын санының əртүрлі нақыс, өзгеше көрік бе-
реді» деген пікірін назарда ұстағанымыз жөн деп ойлаймыз. 
Білім беру жүйесіндегі дамыту оқытуға байланысты оқушыны
өз бетінше ізденуге, оқулыққа қосымша материалдарын пайда-
лана отырып, өзіндік пікірін білдіріп, ойын жеткізуге үйрету үшін
ізденіс жұмыс түрлерін де ұсынуға болады. Мұнда баяндама, ре-
ферат жазуды тапсырып, ізденіс нəтижесін ауызша қорғау жұ-
мыстарында, сонымен бірге, басқа оқушылардың баяндаманы
тыңдап, пікір айтуға қатыстыру жұмыстары да жүргізіледі. 
Сабақ барысында оқушылардың жыраулардың ерлік тақыры-
бындағы толғауларын талдау барысында ертегілердегі батыр-
лармен жəне қаһармандық жырлардағы батырлармен
салыстырулар жасағаны олардың оқулықтан басқа қосымша ма-
териалдарды пайдаланып, ондағы пікірлерді орынды пайдалана
білуді меңгергенін аңғартады. 
Мектеп тəжірибесінде лирикалық шығармаларды оқытуда
əдеби талдауға бара бермейтініміз рас. Сюжетсіз лирикалық
туынды мазмұндап айтуға келмейді. Жыраулар шығармаларын
лирикалық жанр ретінде əдеби-теориялық талдаулар жасау пəн
мұғалімінен шеберлікпен қатар, теориялық терең білімді қажет
етеді. 
Мəтінге əдеби талдау жасауда əдеби-теориялық ұғымдарды
меңгертумен сабақтастырып отыру керек. Əдеби-теориялық тал-
дауда шығарма тілі, көркемдік деңгейі таразыланады. 
Жыраулардың мұраларын қазіргі ұрпақтың пайдаланатын тə-
лімдік-тəрбиелік құралы етіп, патриоттық тəрбие берудің ең
басты елі мен жерін сүйіп құрметтеуге баулып, адамзаттық басты
құндылықтарын дарытуға болатын ілім болып саналады. Ұр-
пақты руханилыққа тəрбиелеу тұрғысынан жыраулар мұрасы өз
мəнділігін жоғалтпаған жəне ақын–жыраулар толғаған жырлар
арқылы олардың бойына рухтық сезімді қалыптастыруымыз
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет