Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет13/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67
жоғары құзыреттілік деңгейі, сапа, қасиет, шешім қабылдау сипаты 
ретінде айқындалғаны белгілі болды. Демек, бұл ұғымның жалпы 
қабылданған бірегей түсіндірмесі жоқ, бұл оны қолдануда түрлі 
психологиялық-педагогикалық 
зерттеулерден 
алынған 
мәліметтерді 
салыстыруда айтарлықтай күрделілік туғызады. 
Біздің зерттеуіміздің негізгі идеяларына Е.Е.Щербакова негіздеген 
«педагогикалық 
креативтілік» 
ұғымы 
жақын 
келеді. 
Ғалымның 
тұжырымдауынша, педагогикалық креативтілік жинақталған әлеуметтік 
тәжірибе, психологиялық-педагогикалық және пәндік білім, жаңа идеялар


29 
дағдылар негізінде қалыптасатын, ӛзіндік шешімдерді, инновациялық 
формалар мен әдістерді табуға және қолдануға мүмкіндік беретін, кәсіби 
қызметті орындауды жетілдіретін мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің 
болуына байланысты [93]. 
Автор педагогикалық креативтілікті жеке тұлғаның белгілі бір 
психикалық және әлеуметтік дайындығы ретінде анықтайды, бұл жағдайды 
мұғалім мен оқушы бірлескен іс-әрекетте тиімді ӛзара әрекеттесуге, ӛзара 
түсіністікке қол жеткізуге және қақтығыстарды жоюға мүмкіндік береді. 
Педагогикалық 
креативтілік 
мұғалімнің 
тұлғааралық 
қабылдауда, 
тұлғааралық қарым-қатынаста құзыреттіліктің жоғары деңгейінің болуын 
болжайды.
Болашақ мұғалімнің педагогикалық креативтілігі келесідей жағдайларда 
айқын кӛрініс табады: кәсіби қызметтің нәтижелерін жобалау және талдау 
қабілеті, шиеленісті жағдайларды шешу, тұлғааралық қарым-қатынас 
шеңберіндегі мәселелерді шешу, коммуникативтік ӛзара әрекеттесудің 
әртүрлі тактикаларын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қолдану 
мүмкіндігі.
Коммуникативті креативтілікті қалыптастырудың маңызды шарты - 
білім беру ұйымындағы педагогикалық үдеріске кӛзқарасты ӛзгерту, жүйелік 
тұғырдың талаптарына сәйкес оның бағытын ӛзгерту.
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің 
қалыптасуында коммуникативтік креативтілікпен қатар, оның дидактикалық 
білімі мен іскерліктеріне негізделетін кәсіби дайындығының нәтижесінің 
маңыздылығы жоғары. Дидактикалық білім - бұл оқу үдерісінің мәні, кәсіби 
құндылықтар мен қатынастар туралы дидактикалық идеялардың жиынтығы.
Дидактикалық білімнің жиынтығын келесілер құрайды: – адамгершілік 
білім-жеке құндылықтар, бағалау критерийлері, оқу үдерісінде қарым-
қатынас ережелері және т.б. туралы білім; - арнайы білім – оқыту үдерісінің 
мәнін, білім беру мазмұнын реттейтін тұжырымдамаларды, нормативтік 
құжаттарды, білім беру ұйымдарында оқытудың заңдылықтарын, 
қағидаттарын, нысандарын, әдістерін, технологияларын, негізгі бағыттарын, 
білім беру мазмұны, білім беру нәтижелеріне қол жеткізу жолдары және 
оларды бағалау тәсілдері туралы, сондай-ақ оқыту үдерісінде білім 
алушылармен дамытушылық және түзету жұмыстары туралы білу; - 
технологиялық білім - оқыту үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін, оның 
үдерістік негіздерін білу [94].
Дидактикалық білім дидактикалық мәселелерді шешу үдерісінде 
болашақ мұғалімнің дидактикалық дағдыларын жүзеге асыру үшін қажет. Біз 
дидактикалық дағдыларды білім алушы игерген, негізгі дидактикалық білімді 
біріктіретін, білім алушының саналы және мағыналы практикалық іс-
әрекетінде кӛрінетін, әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешуге 
бағытталған шығармашылыққа ұласатын ӛсу ретінде қарастырамыз. 


30 
Жоғарыда аталған барлық дидактикалық білім мен дағдылар мұғалімнің 
дидактикалық мәселелерді шешу үдерісінде орындайтын креативті кәсіби 
педагогикалық қызметін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Біздің тұжырымдауымызша «болашақ информатика мұғалімінің 
педагогикалық креативтілігі – оның педагогикалық іс-әрекеттегі 
коммуникативтік және дидактикалық мәселелерді дәстүрлі және цифрлық 
педагогикалық технологиялар арқылы жылдам анықтау мен олардың тың 
әрі тиімді шешімдерін іске асыруға шығармашылық даярлығы». 
Педагогикалық креативтіліктің құраушылары педагогикалық қызметке 
мотивациясы, креативті ойлау, шешім қабылдау және педагогикалық 
іскерлік болып табылады. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыруда 
педагогикада қалыптасқан тәжірибені зерделеу маңызды. Зерттеу 
жұмысымыздың 1.2. параграфта бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі туралы 
кеңінен қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет