Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет18/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
жолы» 
курсы 
(https://ikraikra.ru/city/msk/courses/34111) 
Мектеп 
креативтілік 
және 
креативтік 
ойлауды 
дамытуға 
мамандандырылған. Мұнда коммуникациялық, дизайндық ойлау және 
ӚМШТ үйретіледі. 
Болашақ информатика мұғалімдерін даярлау негізгі жағдайларда 
нормативтік-құқықтық құжаттармен 
реттеледі. Атап айтқанда, олар. 
МЖМБС типтік оқу жоспары, мамандықтың типтік оқу бағдарламасы.
ҚР Ұлттық білім беру жүйесінде білім беру стандарттары 
ұйымдастырушылық және бақылау рӛлін атқарады. МЖМБС-ның 
ұйымдастырушылық рӛлі білім беру ұйымдарының бүкіл білім беру үдерісі 
білім беру стандартында реттелген нормаларға негізделетіндігінде.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жеке сектор қалыптастырылды, бұл 
кейіннен жоғары білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікке әсер етті. 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің институционалдық 
және нормативтік-құқықтық базасы қабылданды. 1991-1994 жылдары 
заңнамалық база белсенді түрде әзірленді (ҚР «Жоғары білім туралы», «Білім 
туралы» Заңдары) [107]. 
«Білім туралы» Заң қабылданғаннан кейін 1999 жылы ҚР білім беруді 
стандарттау жүйесін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Заңға сәйкес 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары заңды күшке ие 
болып, барлық оқу орындары үшін міндетті болды және оны Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді. Мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу үдерісі конкурстық негізде 
жүргізіле бастады. Конкурсқа ұсынылған барлық МЖМБС жобалары 


37 
міндетті сараптама рәсімінен ӛтеді. Бұл тәсіл академиялық қоғамдастықтың 
пікірлері мен мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, ҚР «Білім туралы» Заңында МЖМБС-ның 
функционалдық мақсаты мен бағытын анықтайтын жанама нормалар 
белгіленген. Білім беру стандарттары республикада мемлекеттік саясатты 
іске асыруды қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық құжат болғандықтан, 
олар білім алушыларды білім алуға ынталандыруға, дарындылықты, жеке 
адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, 
салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға, мамандар даярлаудың құзыреттілік 
тәсілдемесіне бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасында ұлттық білім беру стандарттары алғаш 
рет 1994-1995 жылдары әзірленді. 1994 жылы бірінші МЖМБС бекітілді. 
1995 жылдан бастап алғашқы Қазақстандық білім беру стандарттары 
қабылдануда. 1996 жылы жоғары білім мамандықтарының жіктеуішінің 
(тізбесінің) жаңа редакциясы әзірленді.
ҚР-да бірінші буын білім беру стандарттарының әзірлеушілері оқу-
әдістемелік бірлестіктер болды, олар жоғары білім беру ұйымдары арасында 
бекітілді және таратылды. Бұл білім беру стандарттары оқу үдерісін шамадан 
тыс реттеумен, жоғары білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігінің 
қысқаруымен, білім беру қызметінің нюанстарын шамадан тыс нақтылаумен 
сипатталды. Академиялық қоғам әрдайым ОӘБ ұстанымымен келісе 
бермейді, сондықтан іс жүзінде жоғары білім беру ұйымдары білім беру 
стандарттарының мазмұнына да, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын 
талаптарға да наразы болған және кӛбінесе стандарттар нормаларын бұзған 
жағдайлар болды.
Демек, МЖМБС білім беру сатыларының, деңгейлерінің ӛзара 
сабақтастығын, білім сапасын жақсартуды, білім, ғылым мен ӛндірістің ӛзара 
кірігуін, білім беру ұйымдарының дербестігін кеңейтуді қамтамасыз етуге 
тиіс. Осыған байланысты 2001-2002 жылдары ұйымдастырушылық рӛлге ие 
болған екінші буын стандарттары әзірленіп, білім беру практикасына 
енгізілді [108]. 
2001-2012 жылдары болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби 
даярлауда келесі нормативтік құжаттар басшылыққа алынды. 2001 жылы 
білім беру жүйесінің халықаралық сыныптауышына сәйкес жоғары білім 
беруді даярлау бағыттары мен мамандықтарының жаңа сыныптауышы 
әзірленді және енгізілді. Сондай-ақ, кӛрсетілген кезеңдер бойынша негізгі 
нормативтік құжаттарға ӛзгерістер енгізілді немесе жаңадан қабылданды: 
- 5.03.001-2004 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандарты. Білімі жоғары кәсіби. Бакалавриат. Негізгі 
ережелер» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 
жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен 2005 жылғы 23 қыркүйектегі № 644 
және 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 454 ӛзгерістерімен бекітілген; 
- ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары білім. Бакалавриат. 


38 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 
қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген негізгі ережелер». 
- 2009 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламаларының 
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы мамандықтар Жіктеуіші 
қабылданды.
- ҚР МЖМБС 6.08.067-2010 Жоғары білім. Бакалавриат. 5В011100- 
Информатика мамандығы 
- ҚР МЖМБС 5.04.019 – 2011. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі 
ережелері. 
- 2012 жылы ұлттық біліктілік шеңбері қабылданды. 
Стандарттың ережелері кӛрсетілген мамандық бойынша бакалаврларды 
даярлауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары білім беру 
ұйымдарының 
ведомстволық 
бағыныстылығына, 
ұйымдық-құқықтық 
нысандарына және оқыту нысандарына қарамастан, оларды қолдануға және 
сақтауға арналған. 
Соңғы 5 жыл кӛлемінде болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығын 
әлемдік деңгейдегі озық білім беру ұйымдарының тәжірибелерімен 
ұштастыру, сапасын кӛтеру бағытында кешенді іс-шаралар атқарылып, 
бірнеше мемлекеттік деңгейдегі құжаттар қабылданды. Олар: 
- «Атамекен» 
Қазақстан 
Республикасы 
Ұлттық 
кәсіпкерлер 
палатасының Басқарма тӛрағасының бұйрығымен 2017 жылғы 8 маусымда 
алғаш рет білім бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде білім 
ұйымдарының қызметкерлерін оқытуға, білім ұйымдарының бітірушілері 
мен қызметкерлерін сертификаттауға арналған «Педагог» кәсіби стандарты 
[109]. 
- 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы. Аталған құжатта кәсіптік қызметін жүзеге 
асыру кезінде педагогтің ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік 
қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен 
технологияларды 
енгізуі 
қажеттілігі; 
білім 
алушылар 
мен 
тәрбиеленушілердің ӛмірлік дағдыларын, құзыреттерін, ӛздігінен жұмыс 
істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты ӛмір салты 
мәдениетін қалыптастыру міндеттері мазмұндалған [110].
- Ал, 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы Білім берудің барлық 
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты іске 
асырылуда.
Студенттерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білімнің 
бірінші деңгейіндегі (бакалавриат) Дублин дескрипторлары негізінде 
айқындалады және оқу кезінде қол жеткізілген нәтижелерден байқалатын 
меңгерілген негізгі құзыреттерді кӛрсетілді. 
Оқыту нәтижелері барлық жоғары білімнің білім беру бағдарламасы 
деңгейінде де және жеке модульдер немесе оқу пәні деңгейінде де 
тұжырымдалды.


39 
Осы орайда, жоғары білім беру ұйымының білім беру ортасын кәсіби 
қызметте ӛзін - ӛзі табысты жүзеге асыру факторы ретінде кәсіби 
құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін бірыңғай шығармашылық 
дамытушы білім беру саласына айналдыру қажеттілігі туындайды. Білім беру 
бағдарламасын әзірлеу, енгізу, мониторингілеу және тиімділігін бағалау алты 
негізгі кезеңнен тұрады:
- қажеттіліктерді талдау;
- білім беру бағдарламасының мақсаттары;
- түлек моделі: тұжырымдалған құзыреттер, күтілетін нәтижелер;
- білім беру бағдарламасы Білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы мазмұнынғ құрылымын жасақтау, оны 
жүзеге асыру;
- білім берудің бағдарламасын жүзеге асыру: -оқытудың әдіс-тәсілдері 
мен білімді бағалау әдістерін іріктеу;
- кері және озық байланыс негізінде бағалау және жетілдіру.
Жоғарыда келтірілген елімізде егемендік алғаннан кейін қабылданған әр 
жылдардағы білім беру және білім беру саласындағы мамандарды кәсіби 
даярлаудың нормативтік құжаттарды саралау нәтижесінде олардың болашақ 
мұғалімдердің 
шығармашылығын, 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастырудың ӛзектілігін кӛрсететін ӛзара сабақтас аспектілердің бар 
екендігі анықталды (кесте 3). 
Кесте 3. 1993-2019 жылдар Қазақстан Республикасында қабылданған 
нормативтік құжаттар мен білім беру стандарттарындағы болашақ 
мұғалімдердің 
шығармашылығын, 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастыру талаптарының ӛзара сабақтастығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет