Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет20/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67
 
1.3 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары 
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басы шын мәнінде планетарлық 
ауқымға ие болған білім сапасы мен адами капитал үшін күрес дәуірі болды, 
ӛйткені дәл осы факторлар адамзаттың және жер бетіндегі әрбір елдің одан 
әрі дамуында шешуші болып танылды. Бұл дәуір білім беру сапасын 
жетілдіруге бағытталған маңызды халықаралық бірлестіктердің – ЮНЕСКО-
ның құрамына Қазақстан Республикасы кіретін Еуропалық жоғары білім беру 
кеңістігінің (Болон үдерісі), жоғары білім жӛніндегі Африка және Малагасия 
кеңесінің (CAMES) және басқа да ұйымдардың құрылуына алып келді [112]. 
Қазақстанның жоғарыда аталған ұйымдарға мүше болуы отандық білім 
беру жүйесін әлемдік озық білім беру тәжірибелерін іске асыруға, адами 
капиталды дамыту деңгейін жоғарылатуға дұрыс бағыт-бағдар алуына оң 
ықпал етуде. Білім беруді дамыту бойынша қабылданған іс құжаттар мен 
атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Адами даму индексі (АДИ) бойынша 
рейтингісіне сәйкес Қазақстан 2018 жылы 189-дан 50-ші орынға ие болды 
және адами даму деңгейі ӛте жоғары елдер тобына кірді. Ал, Адами капитал 
индексі бойынша 2020 жылғы рейтингте есеп 174 елде жүргізілді, ӛз 
кӛрсеткіштері бойынша Қазақстан 55-орынды иеленді (https://kursiv.kz).
Дегенмен, бүгінгі таңда біздің қоғам мен қалыпты ӛмірлік 
дағдыларымыз түбегейлі ӛзгеретін революцияның басында тұр, себебі, әлем 
технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда терең және 
қарқынды ӛзгерістер кезеңіне аяқ басты. Болашақ мұғалімдердің мемлекеттік 
адами капиталын қалыптастыру бағытындағы атқарар рӛлі олардың кәсіби 
даярлығына қойылатын талаптарды жылдам жоғарылатуда.
Болашақ мұғалімдерді, кәсіби даярлауды жетілдірудегі ғылыми 
ізденістерді іске асыру оларға ықпалды қалыптасқан және ағымдық 
жағдайлар мен іске асыру тетіктерінің бірегей үйлесімділігімен, 
күрделілігімен және серпінділігімен айрықшаланады.
Сонымен қатар, ғылымның дамуы ұдайы дәлелді негізделген жаңа 
фактілермен толықтыруды қажет етеді. Ал мұндай фактілерді қалыптастыру 


45 
теориялық ұстанымдарға тікелей байланысты және зерттеудің ғылыми-
негізделген тұғырларға негізделген әдіснаманы талап етіледі.
Сондықтан, 
болашақ 
информатика 
мұғалімінің 
педагогикалық 
креативтілігін ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді оқытуда қалыптастыру 
мақсатында ғылыми зерттеуді ұйымдастырудағы ерекше міндеттердің бірі 
зерттеудің әдіснамалық негізін айқындайтын әдіснамалық тұғырларды 
іріктеу мен таңдау. Бұл келесі шарттармен шешіледі: зерттеу мәселесіне 
байланысты әдіснамалық тұғырлар зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне 
толық сәйкес болуы қажет, әрі зерттелетін құбылыстың ақиқат әрі біртұтас 
тұтас бейнесін алу үшін бір емес, бірнеше тұғырларды пайдалану маңызды. 
Ш.Т.Таубаева әдіснаманың әдістері туралы ілім екендігін тұжырымдап, 
оларды зерттеу жұмысымен айналысушының ойлау сипатының, танымдық 
үдерісінің жетілдірілуінің бағытын анықтаушы ретінде қарастыру 
қажеттілігін ұсынады. Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір 
гносеологиялық ұстанымдар негізінде қаралған бастапқы әдіснамалық 
тұжырымда жүзеге асады» [113]. 
Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл танымның ұстанымдары, 
әдістері мен формалары, үдерістері мен педагогикалық нақтылықты қайта 
құру жайлы ілім [114]. 
Педагогикалық ғылыми зерттеулердің жиі басшылыққа алынатын 
В.И.Загвязинскийдің анықтауы бойынша, педагогиканың әдіснамасы - бұл 
педагогикалық білім және оны меңгеру үдерісі, яғни педагогикалық таным 
туралы ілім. Олар: 
1. Педагогикалық білімнің құрылымы мен әрекеті, оның ішінде 
педагогикалық мәселелер туралы ілім; 
2. Әдіснамалық мағынасы бар бастапқы, негізгі, іргелі, философиялық
жалпы ғылыми және педагогикалық ережелер (теориялар, тұжырымдамалар, 
болжамдар);
3. Педагогикалық таным әдістері туралы ілім (тар мағынадағы әдіснама) 

115


Ғалым-педагогтар әдіснамалық бағдар ретінде «тұғыр» ұғымын жиі 
қолданады. Бұл ретте, педагогикалық зерттеулерде және педагогикалық 
жобаларды әзірлеу барысында кӛптеген тұғырлар: жүйелік, жүйелік-
әрекеттік, кешенді, жеке тұлғалық, т.б. қолданылады. Тұғырлардың әр 
түрлілігі олардың эвристикалық құндылықтарын қамтамасыз етеді және 
педагогикалық құбылыстар мен үдерістер, педагогикалық теорияны құру, 
педагогикалық ғылым мен практиканы тұтасымен дамытуды жан-жақты 
қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктерді ашады. Осы мағынасында, 
«әдіснама» ұғымы «тұғыр» ұғымынан мазмұндырақ. Тұғыр ғылыми зерттеу 
немесе ғылыми қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басты бағдар ретінде 
әрекет етсе, әдіснамалық міндеттерді атқарады [116].
Педагогикалық тұғырларды таңдау олардың қолданылу жағдайының 
мақсатына (педагогикалық және білім беру мақсаттары) және ерекшелігіне 
(студенттерге, мұғалімдерге немесе оқу ортасына қатысты) байланысты 


46 
болады. Ұсынылатын педагогикалық тұғырлардағы айырмашылықтар да 
маңызды: бағдарлама шеңберіндегі білім алушылардың әр түрлілігін 
(мысалы, гендерлік немесе мәдени болмысы) ескере отырып, түрлі тұғырлар 
қолданған жӛн.
Педагогикалық креативтіліктің қазіргі заманғы зерттеулеріне сәйкес, 
педагогикалық үдеріс – болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады, және ол 
жалпы педагогикалық дайындықтың құрамдас бӛлігі ретінде және жоғарғы 
педагогикалық білімді кәсіби оқытудың формасы ретінде жүйелік, тұлғалық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет