Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет21/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
құзыреттілік, рефлексивті және креативті тұғырларға сәйкес жүзеге 
асырылады.
Жүйелік тұғыр - бұл нысанды қатынастар мен байланыстардың 
жиынтығында құраушылардың кіріктірілген жиынтығы ретінде қарастыруға, 
яғни нысанды жүйе ретінде қарастыруға негізделген зерттеу әдіснамасының 
бағыты. Нысанның тұтастығын және осы нысанның байланыстарының алуан 
түрлі үлгілерін анықтауды және оларды бір теориялық кӛрініске жинақтауды 
қамтамасыз ететін тетіктерін ашуға бағытталғандығы жүйелік тұғырдың 
ерекшелігі болып табылады. Жүйелік зерттеудің нақты ғылыми әдіснамасы 
тӛмендегі мәселелерді қарастырады: 
- әр түрлі жүйелік нысанның ерекшеліктерін анықтау; 
- жүйелік зерттеулер әдістерінің ӛзгешеліктерін айқындау; 
- нақты ғылым салалары үшін жүйелік тұғырға қосымшалар жасау; 
- жүйені жетілдіруге немесе жаңа жүйе жасауға арналған тәжірибелік-
бағдарлы жүйелік зерттеулердің стратегияларын айқындау [117]. 
Жүйелік тұғыр жүйенің құрылымдық құраушыларын анықтауға
сондай-ақ осы құраушылар арасындағы ӛзара тәуелділіктерді анықтау мен 
бағалауға әкеледі. Жүйелік тәсіл арқылы зерттеуші жүйе құрылымында 
құраушылар арасындағы қатынасты зерттейді, даму тенденциялары мен 
заңдылықтарын анықтайды. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруды 
зерттеудегі 
жүйелік 
тұғырды 
қолданудың 
мәні 
тӛмендегідей анықталды: - болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыру үдерісін кіріктірілген жүйе ретінде қарастыру; - 
болашақ 
информатика 
мұғалімінің 
педагогикалық 
креативтілігін 
қалыптастырудағы жүйелік факторды бӛліп кӛрсету, яғни мақсат және 
нәтиже ретінде зерделеу; - болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың құраушыларын анықтау, олардың ӛзара 
байланысын ашу; - құраушылардан туындаған ішкі қатынастарды, сондай-ақ 
қарастырылып отырған жүйенің болуының негізгі шарттарын анықтау. 
Жүйелік тұғырды қолдану болашақ информатика мұғалімінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыру жүйесінің тұтастығын жүзеге 
асыруға ықпал етеді. 
Тұлғалық тұғыр - бұл болашақ информатика мұғалімінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруды зерттеуде тұлғалық аспектке 


47 
сүйенуді кӛздейтін тұғыр. Бұл тұғырға негізделген зерттеуде адам – 
әлеуметтік-тарихи дамудың ӛнімі ретінде танылады. Білім беру мазмұнының 
құрылымын жасауға негізделген тұлғалық тұғыр, қалыптасу үшін маңызды 
мінездемелерді кӛрсететін жеке қасиеттерге: тұлғаның бағдарына, оның 
құндылықтық ұстанымдарына, ӛмірлік жоспарларына, алдына қойған 
мақсаттарына және әрекетте және мінез-құлықтағы басым мотивтеріне тірек 
ретінде түсіндіріледі. 
Тұлға мәселесі бірнеше ғылымдардың (философия, психология, 
педагогика, әлеуметтану және т.б.) зерттеу нысаны. Философияда тұлға 
таным және іс-әрекеттің субьектісі ретінде, психологияда ол сапалық 
қасиеттердің, психикалық үдерістердің (мінез-құлық, темперамент, қабілет 
және т.б.) жиынтығы ретінде, педагогикада оқыту және тәрбиелеу
қалыптастыру нысаны ретінде, әлеуметтануда қоғам ӛміріндегі әрекеттік 
салалардың зерттеу пәні ретінде қарастырылады.
Тұлғаның құрылымы - тұлғалық қасиеттерден тұратын, белгілі мінез-
құлықты және темпераментті айқындайтын, сондай-ақ маңызды қасиеттерді 
құрайтын жеке биологиялық қасиеттердің жиынтығы. Психологиядағы 
тұлғаның гуманистік теориясы ӛзін-ӛзі белсендіруге бағытталған туа біткен 
талпынысты тұлғаның дамуының негізі ретінде қарастырады. Гуманистік 
теория шеңберінде, тұлға ол - ӛзін-ӛзі жетілдірудің нәтижесі ретіндегі «Мен», 
адамның ішкі әлемі болып табылады және тұлғаның құрылымы - «шынайы 
Мен» және «жетілген Мен» екеуінің ӛзара қатынасы, сондай-ақ ӛзін-ӛзі 
жетідірудің қажеттіліктерінің дамуының жеке деңгейі. 
Тұлғаға бағытталған оқыту моделін іске асыру үшін, біріншіден, білім 
беру үдерісінің тұжырымдамасын оқыту мен білім берудің жиынтығы 
ретінде емес, жеке тұлғаны дамыту, білім мен оқытуды үйлесімді түрде 
біріктіретін қабілеттерін дамыту ретінде қабылдау маңызды. Екіншіден, білім 
беру 
үдерісіндегі 
негізгі 
қатысушылардың: 
басқарушылардың, 
мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналардың қарым-қатынасын 
анықтау қажет. Үшіншіден, білім беру үдерісінің инновациялық тиімділігінің 
критерийлерін анықтау керек [118]. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда танымдық іс-әрекеттер кезінде олардың әрқайсысының жеке 
тұлғалық ерекшеліктеріне айрықша назар аударылып, тұлғаның жеке 
психологиялық ерекшеліктерін, мақсаттарын, қабілеттерін, мотивтерін және 
басқа да қажеттіліктерін ескеру кезінде тұлғалық тұғыр негіз болды. 
Тұлғалық 
тұғырды 
қолдану 
болашақ 
информатика 
мұғалімінің 
педагогикалық креативтілікті қалыптастыруда оқуға деген жеке қабілеттерін 
дамыту, қазіргі қоғамның ӛміріне тиімді қатысуға қабілетті адамдарды 
дайындауға жол ашады. Болашақ информатика мұғалімдеріне ӛздерінің 
білімін дербес басқару үшін, мақсаттарды қалыптастыру, жоспарлау 
тапсырмаларын орындау, бағалау қағидаларын тұжырымдау және т.б. үшін 
белсенді болу ұстанымы басшылыққа алынады. 


48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет