Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет22/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Құзыреттілік тұғыр. Соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде 
құзыреттілік ұғымы тұрақты талқыланып, білім беруде құзыреттілікке 
негізделген тұғырды жүзеге асыру кеңінен қолданылуда. 
«Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде» 
«құзыр» ұғымына «қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір 
нәрсені жасау» деген анықтама берілсе [119], С.М.Вишнякованың «Кәсіби 
білім» сӛздігінде: «Құзыреттілік (латын сӛзі) competenens – қабілетті, 
қатысты деген мағынада 

120

тұжырымдалған.
О.Е.Лебедевтің пікірінше, «құзыреттілік тұғыр - бұл білім беру 
мақсатын анықтауға, білім мазмұнын таңдауға, оқу үдерісін ұйымдастыруға 
және оқу нәтижелерін бағалауға арналған жалпы ұстанымдардың жиынтығы. 
Бұл ұстанымдар: оқытудың мәні білім алушылардың әлеуметтік тәжірибесін 
қолдану негізінде әртүрлі салаларда және әрекетте пайда болған мәселелерді 
ӛз бетінше шешу қабілеттерін дамыту болып табылады, оның құраушысы 
болашақ информатика мұғалімінің жеке тәжірибесі болып табылады; білім 
мазмұны танымдық, дүниетанымдық, адамгершілік, саяси және басқа 
мәселелерді шешудегі дидактикалық тұрғыдан бейімделген әлеуметтік 
тәжірибе; оқу үдерісін ұйымдастырудың мақсаты болашақ информатика 
мұғалімінің білім мазмұнын құрайтын танымдық, коммуникативтік, 
ұйымдастырушылық, адамгершілік және басқа мәселелерді ӛз бетінше шешу 
тәжірибесін қалыптастыру үшін жағдай жасау; оқу нәтижелерін бағалау білім 
алушылардың белгілі бір оқу кезеңінде қол жеткізген білім деңгейлерін 
талдауға негізделеді» [121].
Рефлексивті тұғыр – «… ойлау мен креативтілік туралы жүйелік-
белсенділік идеяларды шығармашылықпен ойлауды психологиялық 
зерттеудің әдіснамалық құралы ретінде дамытумен байланысты тұғырлардың 
бірі» [122].
Зерттеудің рефлексивті тұғырының негізі - зерттелетін басқару 
жүйесінің ішкі және сыртқы ортасы туралы объективті ақпаратты жүйелі 
және ӛңдеуге қол жетімділігі болып табылады. Оның қайнар кӛзі - 
зерттеушінің білімі мен практикалық тәжірибесі. Л.Г.Пузеп [123], 
А.И.Зимовин [124] және басқалары ӛз зерттеулерінде тұлғаның 
шығармашылығын зерттеудегі рефлексивті тұғырдың рӛлін анықтады. 
Рефлексия болашақ информатика мұғалімінің жеке кәсіптік тәжірибесін жан-
жақты жетілдіру, ондағы мәселелің бағдарларды анықтау, жоғары деңгейдегі 
қарама-қайшылықтарды шешумен негізделеді [125].
Рефлексия ойлаудың маңызды тетіктерінің бірі және білім беру 
әрекетінде келесі параметрлерге әсер етеді:
- пәнді оқу үдерісінде оқу іс-әрекетінің басында және соңында 
нәтижелерді талдау;
- білім беру іс-әрекетіндегі ағымдағы міндеттерді және олардың оқу 
бағдарламасымен және білім алушының оқу қажеттілігімен байланысын 
анықтау;


49 
- білім 
беру іс-әрекетіндегі мотивацияны оңтайландыру; оқу 
материалын игеру және оқу үдерісінде есте сақтаудың жиынтығын қолданып, 
оқу материалын игеру және түсіну;
- нәтижелерді жоспарлау, оларды алу және алғашқы бағалармен 
салыстыру;
- оқу іс-әрекеті барысында алынған нәтижелерді талдау, оларды 
жалпылау, басында қойылған шарттармен және қойылған мәселені шешуге 
қойылатын талаптармен салыстыру;
- ӛзін-ӛзі бағалау, оқу-танымдық тапсырмаларды орындау барысында 
ӛзін-ӛзі бақылау және ақыл-ой әрекетінің кӛмегімен жеке оқу әрекетінде 
ӛзін-ӛзі реттеу [126]. 
Рефлексия болашақ информатика мұғалімінің креативті қабілеттерінің 
әсер етуін анықтайды, атап айтқанда: рефлексия вербальды және вербальды 
емес креативтіліктің кӛрсеткіштеріне жағымды әсер етеді; вербальды емес 
креативтілікке нақты іс-әрекеттің кӛрінісі, ал вербалды креативтілікке 
перспективалық рефлексия теріс әсер етеді [127]. 
J.Smуth рефлексиялық практиканың негізін құрайтын алты негізгі 
қағидаларға назар аудару қажеттілігін ескертеді: Рефлексия тек техникалық 
дағдыларды тексерумен шектелмеуі керек; сонымен бірге, ол этикалық, 
әлеуметтік және саяси контекстке қатысты болуы керек; оқыту туралы жеке-
жеке ой жүгіртетін болашақ информатика мұғалімінің рефлексиясы: «... 
ұжымдық және бірлескен ӛлшемге ие болуы тиіс; -ойлау - бұл қазіргі кездегі 
оқыту мен тәрбиенің қалай ұйымдастырылғанын білдіретін басым мифтерге, 
болжамдарға және жасырын хабарламалар жүйесіне қарсы тұруға 
бағытталған үдеріс; - оқыту тәжірибесін жақсарту және осы практиканың 
негізін құрайтын әлеуметтік қатынастар туралы ойластыру; ойларды 
пысықтайтын жаттығулар туралы білім толық емес күйінде болады және ол 
практика нәтижесінде үнемі ӛзгеріп отырады деген сенімге негізделген; -
рефлексия практиктердің тәжірибесінен басталған кезде, олардың практика 
теорияларын сипаттау, хабарлау, қарсы тұру және қайта құрылымдау 
үдерісінде кӛмектескенде тиімді болады [128]. 
Демек, болашақ информатика мұғалімінің ӛзіндік практикалық іс-
әрекеттері арқылы педагогикалық рефлексия жасауға мүмкіндіктері бар деп 
тұжырымдауға болады. Сәйкесінше, болашақ информатика мұғалімінің 
кәсіби іс-әрекетін қалыптастырудағы рефлексивті тұғыр педагогикалық іс-
тәжірибе үдерісінде білім алушыларға педагогикалық мамандыққа 
бейімделуге және іс-әрекетте белсенді кәсіби педагогикалық ұстаным 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудағы рефлексивті тұғыр оның жеке ӛзінің ӛмірлік тәжірибесі, 
оның сыни тұрғыдан қайта қарастыруға деген ынта-ықыласы ретінде 
анықталады. Бұл білім беру үдерістерінің ӛзгергіштігі мен дамуына
заманауи мұғалімнің тұлғасына қойылатын әлеуметтік талаптарға 
байланысты. Болашақ информатика мұғалімнің педагогикалық креативтілігін 


50 
қалыптастырудағы рефлексивті тұғыр арқылы зерттеудің педагогикалық-
психологиялық негізін нығайту мүмкіндігі бар, бұл ӛз кезегінде ақпараттық-
технологиялық 
әрекет 
саласындағы 
білімдер 
мен 
дағдылардың, 
қабілеттердің, сапалық қасиеттердің дамуына (ойлауға, болжауға, түсінуге 
мүмкіндік береді), бұл болашақ информатика мұғалімінің кәсіби іс-
әрекетінде педагогикалық креативтілігін тиімді іске асыру үшін қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет