Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет26/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Біріншіден, ғылыми-технологиялық прогресті жеделдете отырып, білімді 
жинақтау қарқынын жеделдете отырып, қоғамның даму қарқынының білім 
деңгейі мен ауқымына тәуелділігі де күшейе түседі. Мұндай жағдайда 
жоғары білім жаппай болады, ал білім алу шарттары оның жоғары сапасын 
қамтамасыз етуі керек. 
Екіншіден, қоғамның экономиканың дамуындағы индустриялық фазадан 
білім экономикасына және ақпараттық ӛркениеттің қалыптасу кезеңіне кезең-
кезеңімен ӛтуінің күрделі және қарама-қайшылықты үдерісінде жоғары білім 
беру ұйымдары мен олардың түлектерінің экономикалық және әлеуметтік 
рӛлі артады. Университеттер экономикаға енеді, ал ғылыми–технологиялық 
прогресс пен экономикалық даму кӛбінесе экономиканың мамандармен 
қанықтылығымен анықталады. 
Үшіншіден, әлемдік ақпараттық ӛркениеттің қалыптасуымен бірге 
жаһандану үдерісі жүруде, әртүрлі елдердің білім беру жүйелері жұмысының 
сапалы деңгейінің жақындасуын, жастардың дайындығының, атап айтқанда, 
түлектер мен студенттердің халықаралық ұтқырлығы, олардың жұмысқа 
орналасуы және білім туралы құжаттарды тану үшін қажетті кейбір жалпыға 
бірдей критерийлер мен нормативтерге сәйкестігін болжайтын білім беру 
интернационализациясы жүргізілуде. 
Тӛртіншіден, қаржы қорлары шектеулі және материалдық-техникалық 
оқу базасы тез ескірген жағдайда әлемнің технологиялық, экономикалық 
және мәдени тұрғыдан дамыған елдері қатарында елдердің ӛмір сүруі 
мәселесі ӛткір қойылып отыр.
Білім беруді дамытудың қарастырылған әлемдік тенденциялары жалпы 
сипатқа ие. Сонымен қатар, білім берудің әр түрі мен деңгейінің дамуы үшін 
ӛздерінің мақсаттарына, ерекшеліктеріне, іске асыру сипатына және тиісті 
түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын жаңа әлеуметтік талаптарға 
байланысты ӛзіндік тенденциялар бар. 
Осы орайда, білім беру ісіне қызығушылық танытушы тараптарды тарту 
маңызды болып табылады. «Тараптардың қызығушылығы» ұғымы туралы 
алғашқы ескерту 1963 жылы ескі шотландтық «стейкхолдер» терминін 
«құндылығы бар кез-келген нәрсеге заңды үміткер» мағынасында қолданған 
Р. Стюарт, Н.Адлен және М. Дошердің баяндамаларында болды. 
Кейінірек Э.Фриман [157] «Стратегиялық менеджмент: стейкхолдерлік 
тәсіл» монографиясында (1984) стейкхолдерлер теориясын ұсынды. 
Ағылшын тіліндегі деректерде сыртқы және ішкі орта ӛкілдерінің 
қызығушылығы (пайдасы) маңызды рӛл атқарады. Стейкхолдерлерге 
жобаның, жүйенің немесе ұйымның сәттілігіне қызығушылық танытқандар, 
мысалы, компаниядағы қызметкер немесе мектептегі баланың ата-анасы т.б. 
кіреді. Шетелде, жалпы алғанда, мүдделі тараптармен ӛзара іс-қимыл 
стандарттары әзірленді. Account Ability институты әзірлеген мүдделі 
тараптармен ӛзара әрекеттесудің ең танымал стандарты (AA1000ЅЕЅ 
стандарты). Осыған сәйкес мүдделі тараптармен ӛзара әрекеттесудің негізі 
үш қағидат болуы керек: 


60 
1) маңыздылық - ұйым ӛзінің мүдделі тараптарының не екенін, сондай-
ақ оның мүдделері мен мүдделі тараптардың мүдделері ол үшін қандай 
маңызды болып табылатынын білуге тиіс; 
2) толықтық - ұйымнан кӛзқарастар, қажеттіліктер, қауіптер мен 
қызметтің күтілетін нәтижелерін, сондай-ақ олар үшін маңызды мәселелер 
бойынша олардың пікірлерін түсіну талап етіледі; 
3) ден қою - ұйым мүдделі тараптардың және ұйымның алдында тұрған 
елеулі мәселелерге дәйекті ден қоюға тиіс. 
Білім беруді дамытуды басқару, оның ішінде жоғары білім беру 
жүйесінде де тиімді мемлекеттік басқарудың әлемдік стандарттарына сәйкес 
келуі тиіс. Бұл стандарттар негізгі стейкхолдерлер білім берудің тиімділігін 
бағалай алатындай және олардың мүдделерін ескеруге әсер ететіндей білім 
беру қызметтерін ұсыну/есеп беру (немесе есепке алу мен бақылауды 
нығайту) үшін жауапкершілікті арттыруды білдіреді. Стейкхолдерлердің 
мүдделерін анықтау және есепке алу тетіктерін пайдалану кезінде әлеуметтік 
жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын пайдалану орынды.
Бұл жағдайда тетіктердің тиімді болуы үшін олар заңды, қолжетімді
болжалды, әділ, құқықтармен үйлесімді, анық және айқын, диалогқа 
негізделген болуы тиіс.
Осы орайда, болашақ информатика мұғалімдеріне ағылшын тілінде 
оқытылатын пәндердің педагогикалық креативтілікті қалыптастыру 
мүмкіндіктері мен креативті информатика мұғалімінің идеалдық моделін 
қарастыру маңызды. 
Осы 
тармақшада 
қарастырылған 
психологиядағы 
тұлғаның 
шығармашылық қабілеті мен дарындылығы туралы теориялар – 
педагогикалық 
креативтіліктің 
мазмұндық 
негізі 
2.2 
тармақшада 
қарастырылатын педагогикалық креативтілікті қалыптастыру мүмкіндіктері 
мен креативті информатика мұғалімінің идеалды моделін зерделеуде негіз 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет