Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру


Ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің педагогикалық



Pdf көрінісі
бет27/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
2.2 Ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің педагогикалық 
креативтілікті 
қалыптастыру 
мүмкіндіктері 
мен 
креативті 
информатика мұғалімінің идеалдық моделі 
Қазақстан Республикасында жаратылыстану және нақты ғылымдарды 
ағылшын тілінде оқытуды енгізу мен білім беру жүйесін реформалаудағы 
басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің 
рӛлі баға жетпес. 450 миллионнан астам адам оны ана тілі деп санайды. Тағы 
600-650 миллион азамат ағылшын тілін қарым-қатынас жасау үшін қосымша 
тіл ретінде қолданады. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында ағылшын тілін шет тілі ретінде ғана 
емес, оны білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту үшін тіл ретінде де 
пайдалану қажеттігі атап ӛтілген. Қойылған міндет ерекше назар аударуды 
талап етеді, ӛйткені қазақ және орыс тілдерімен салыстырғанда ағылшын тілі 
күнделікті коммуникацияда пайдаланылмайды. Қазақстанда үштілді білім 


61 
беру енгізілуде және осыған байланысты жаратылыстану-ғылыми циклдағы 
педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі проблемасы туындады.
Қазақстанда «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді 
дамытудың Жол картасы» бағдарламасы әзірленді, оған сәйкес 
жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде оқыту белгіленген, 
олар «Информатика», «Физика», «Биология» және «Химия» сияқты мектеп 
пәндері.
Халықаралық байланыстардың, халықаралық кәсіби ынтымақтастықтың 
таралуы жағдайында кең пәнаралық білімі және халықаралық деңгейде 
жұмыс істеу қабілеті бар информатика мұғалімдерінің жаңа буынына ӛткір 
қажеттілік туындайды. Осыны негізге ала отырып, жоғары кәсіби білім 
берудің отандық жүйесі, ең алдымен, ӛз күш-жігерін халықаралық еңбек 
бӛлінісінде лайықты орын алатын, шет тілді кәсіптік даярлықтың жоғары 
деңгейі бар болашақ мұғалімді даярлауға жұмылдыруы тиіс. 
Болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің 
қалыптасуы мен кәсіби жетістігі тиісті ақпаратты іздеумен, табылған 
деректерді одан әрі пайдалану мақсатында таңдау, талдау қабілетімен тікелей 
байланысты. Бұл ӛз кезегінде болашақ информатика мұғалімдеріне ағылшын 
тіліндегі пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру қажеттілігін кӛрсетеді [158]. 
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны қағидаты бойынша әрбір 
пәннің оқу бағдарламалары үш тілде білім беруді іске асыруды кӛздейді. 
Кӛптілді оқыту ортасын құруға әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру 
саясатын 
жүзеге 
асыруды 
қамтамасыз 
етеді. 
Сонымен 
қатар, 
коммуникативтік тәсіл тілдерді оқытудың негізі бола отырып, әр пән арқылы 
оқушылардың сӛйлеу әрекетін дамытудың жетекші ұстанымы ретінде 
қарастырылады. Бұған әртүрлі оқу жағдайларында білім мен дағдылармен 
алмасу, тілдік және сӛйлеу нормалары жүйесін дұрыс пайдалану кіреді. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру 
жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада ағылшын тілінде 
оқытуды тиімді енгізуге кедергі келтіретін проблемалар: -мұғалімдердің 
психологиялық 
тосқауылы; 
-оқушылардың 
тілдік 
даярлығының 
нашарлығынан оқыту сапасының тӛмендеуі болып табылатыны атап ӛтілді; -
ағылшын тілін үйрену үшін сағаттардың жеткіліксіз саны (аптасына 2 сағат, 
тіпті одан да аз); -ауызекі сӛйлеу дағдыларын қолдану үшін тілдік ортаның 
болмауы. 
Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер - креативті бағыт, мұнда білім 
алушылар жаңа әлеуметтік рӛлдерді ойнауға тырысады, кейіпкерлерді ӛздері 
ойлап табады, сұхбаттасады және менталды әлемге саяхаттайды. Осыған 
сүйене отырып, оқытушы білім алушылардың креативтілік қабілеттерін 
жүзеге асыруға ықпал ететін тапсырмаларды жүзеге асыруы нәтижесінде 
болашақ информатика мұғалімдері белгілі бір жағдайларды шешуде 
стандартты емес тәсілдерді қолдануды үйренеді. 
В. А. Сластенин мұғалімнің кәсіби білімінің басты кемшілігі ретінде - 
білім беру үдерісінде педагогикалық нақтылықтың ағымдық сипатымен 


62 
анықталған кәсіби-педагогикалық мәселелерді шешудің дайын үлгілері 
ұсынылуын атайды. Ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нысаны бала емес, 
педагогикалық үдеріс болуы қажет деп санайды. Педагогикалық міндет осы 
үдерістің негізгі бірлігі ретінде әрекет етеді.
Сонымен қатар, болашақ мұғалім шешуге дайындалып жатқан кәсіби-
педагогикалық міндеттерді оқу міндеттеріне айналдыру қажет деп санайды. 
Оқу міндеттері кәсіби-педагогикалық міндеттердің дидактикалық баламасы 
болып табылады, сондықтан олар құндылықтарды, білімді және қызмет 
әдістерін қамтуы керек. Егер білім алушы практикалық қызметке енгізіле 
отырып, кәсіби міндеттерді шешу сызбаларын білсе және оларды жаңа 
жағдайларға ауыстыра алса, кәсіптік білім берудің іс-әрекет мазмұны 
игерілетін болады. 
Ю. Н. Кулюткиннің пікірінше, мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесінің 
орталық буыны «қарапайым ақпарат беру емес, мұғалімнің практикалық 
қызметінің нақты жағдайлары үшін оңтайлы шешімдерді шығармашылық 
тұрғыдан дамыту қабілетінің пайда болуы» болуы керек. Оның пікірінше, 
категориялық аппаратты қалыптастыру, оның негізінде мұғалім нақты 
практикалық жағдайлар жағдайында шешім қабылдайды, мұғалімді 
даярлаудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Категориялық аппарат 
арқылы ол теориялық және практикалық дайындық үдерісінде мұғалімнің 
игеретін жалпыланған негіздерін (санаттар, ұстанымдар, критерийлер) 
түсінеді. 
Психологиялық сӛздіктің анықтамасы бойынша «шешім қабылдау» 
ұғымы белгісіздік жағдайында бастапқы ақпаратты ӛзгерту негізінде 
мақсатқа жетуге әкелетін дәйекті әрекеттерді қалыптастырудың ерікті актісі 
ретінде түсіндіріледі. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастырудың идеалды моделін негіздеуде «креативті іс-әрекет» ұғымын 
егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруда креативті іс-әрекетен оқыту 
аясында сыни ойлау қабілетінің маңыздылығын түсіну қажет: түбегейлі 
жаңасын құру іс-әрекетінде идеялар мен бағыттарды барабар бағалау және 
мүмкін болатын нәтижені нақты болжау маңызды. Креативті іс-әрекетке 
оқытуда кейінге қалдырылған пайымдау мәселесі үлкен мәнге ие. Сыни 
бағалау қажет болған кезде әрдайым сәт (немесе сәттер) болады, бірақ оны 
белгілі бір уақытта, белгілі бір қызмет сатысында дұрыс жасау қажет.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыруда 
шығармашылық 
ойлау 
мен 
креативтік 
іс-әрекет 
ұғымдарының нақты кӛрінісі шешім қабылдаумен айқын кӛрініс табады. 
«Шешім» термині ғылыми саласына байланысты әртүрлі түсіндіріледі. 
Шешімдердің психологиялық теориясы, Ю.Козелецкийдің пікірінше [159], 
шешім қабылдаудағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәлелді мәлімдемелер 
жүйесі. 


63 
Рационалды шешім қабылдау теориясы — ұтымдылықтың жүйелілік 
постулаты және максимизация постулаты болатын екі негізгі постулатына 
негізделген. Бірінші постулаттан шешім қабылдаушының қалауы бойынша 
баламалардың жиынтығын ұйымдастыру қажет. Максимизация постулаты 
ұтымды шешімнің шарты шешім қабылдаған адамның мақсатты іс-әрекетін 
барынша арттыратын таңдау болып табылады. Бұл постулаттар 
психологиялық 
ӛзгергіштігінің 
белгісіздігіне 
байланысты 
ғылыми 
пікірталастардың тақырыбы болып табылады.
Мәселені «шешу үдерісі» ұғымы «шешу әдісі» ұғымымен тығыз 
байланысты. Педагогикалық мәселені шешу үдерісін белгілі бір әдісті жүзеге 
асыру ретінде сипаттауға болады, ол мәселені шешу кезінде немесе оны 
шешу мақсатында жүзеге асыратын «шешушінің жұмысының үзіндісі» 
ретінде іске асады. 
Осыған байланысты педагогикалық мәселені шешу процедурасын 
қарастыра отырып, оның мақсатына жеке танымдық және практикалық 
мәселелерді шешу нәтижесінде қол жеткізілетіндігіне сүйену керек. Бұл 
нақты міндеттер педагогикалық мәселені тұтастай шешудің кезеңдері болып 
табылады. Жалпы анықталған тӛрт кезең бар: 
1) жағдайды және нақты жағдайларды талдау негізінде педагогикалық 
міндетті қою; 
2) педагогикалық ӛзара іс-қимыл (ықпал ету) тәсілін құрастыру; 
3) педагогикалық міндетті шешу жоспарын практикада жүзеге асыру; 
4) педагогикалық міндеттерді шешу нәтижелерін талдау. 
Мәселені шешу әдісі - бұл мәселені шешуге әкелетін жүйелі түрде 
жүзеге асырылатын операциялардың (процедуралардың) кейбір жүйесі. Ол 
кейінгі операцияларды анықтау дәрежесіне байланысты алгоритмдік және 
квази-алгоритмдік кӛрініске ие болуы мүмкін. Кӛптеген педагогикалық 
проблемалар квази-алгоритмдік шешіммен сипатталады.
Болашақ информатика мұғалімдері педагогикалық мәселені шешу 
кезінде әрқашан тікелей ғана емес, сонымен қатар жанама нәтиже, пәндік 
және тәрбиелік нәтиженің арақатынасын алу мүмкіндігін есте ұстауы 
маңызды. Кӛптеген жағдайларда іс-әрекеттің жанама ӛнімі жағымсыз болуы 
мүмкін, педагогикалық үдерістің ағымын қиындатады, педагогикалық 
тұрғыдан орынды қатынастарды бұзады және т. б. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетіндегі кездесетін 
педагогикалық мәселені шешу үдерісі әрқашан шығармашылық. Оның 
кезеңділігі теориялық және практикалық ойлаудың ӛзара ӛтуінің 
диалектикасын білдіреді. Бірінші кезеңде педагогикалық жағдайды талдау 
жүзеге асырылады, оған диагностикалық шешімдерді әзірлеу мен 
қабылдаумен аяқталатын бірқатар операциялар кіреді. Бұл жағдайда 
диагноздың ӛзі жеке немесе топтық іс-әрекетті, жеке тұлғаны және ұжымды 
диагностикалауды қамтиды, соның негізінде оқыту мен тәрбиелеу 
нәтижелері, сондай-ақ болашақ информатика мұғалімдерінің мүмкін 


64 
қиындықтары мен қателіктері, олардың педагогикалық жағдайларға 
жауаптары болжанады. 
Осылайша, мұғалімнің іс-әрекетінің мазмұнын талдау және шешім 
қабылдауға дайындығын ұйымдастыру келесі қорытынды жасауға мүмкіндік 
береді: 
-дайындықтың негізгі бағыты болашақ информатика мұғалімдерінің 
психологиялық-педагогикалық білім жүйесін қалыптастыру болып табылады; 
- психологиялық-педагогикалық цикл курстарында кәсіби қызметте 
шешім 
қабылдаудың 
теориялық-әдіснамалық 
мәселелері 
арнайы 
қарастырылмайды; 
- педагогикалық қақтығыстарды, педагогикалық жағдайларды шешу 
бойынша жекелеген жоғары білім беру ұйымдарында оқытылатын таңдау 
курстары болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби қызметте шешім 
қабылдауға дайындығын қалыптастыруға ықпал етеді; 
- нақты педагогикалық мәселелер мен қақтығыстарды модельдейтін оқу 
проблемалық жағдайларын шешудегі оқыту әдістері мен формалары болашақ 
информатика мұғалімдердің негізделген және нәтижелі шешімдер қабылдау 
қабілетін дамытуға ықпал етеді. 
Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық мәселелерді 
шешудегі шығармашылық үдерісінің келесі кезеңдерін атауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет