Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет32/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
Мотивация – мақсатқа негізделген әрекеттерге бастайтын және оны 
нығайтатын үдеріс. Тапсырманы орындауды, дене және ақыл-ой күшін 
жұмсауды, қиындыққа тӛтеп беруді және жетістікке жетуді ӛзіне міндет етіп 
алу мотивациялық әрекеттерге жатады 

176

.
Болашақ информатика мұғалімдерінде педагогикалық креативтілікті 
қалыптастыруға оң мотивация жасау - ӛте қиын міндет. Білім алушылар үшін 
жағымды мотивтер құру қажет, ӛйткені олардың педагогикалық 
креативтілікті қалыптастыруының сәттілігі кӛп жағдайда осыған байланысты 
болады. Бұл білім алушылардың сана-сезімі мен белсенділігі қағидаты 
түрінде кӛрінеді. Бұл тұрғыда сана білім алушылардың педагогикалық 
креативтілікті қалыптастыруға оң кӛзқарасымен, қызығушылығымен, ал 
белсенділігі мақсаттың болуымен кӛрінеді (іс-әрекеттің психологиялық 
теориясына сәйкес мақсат «белгіленген қажеттілік» болып табылатын мотив 
болған кезде қалыптасады). 
Мотивациялық құраушы - болашақ креативтік педагогикалық қызмет 
саласындағы кәсіби ӛзін-ӛзі дамытуға, шығармашылық мәселелеріндегі білім 
деңгейін арттыру арқылы жеке ӛсуге деген қажеттілік пен ұмтылыс. Ол 
болашақ мұғалімдердің білім беру үдерісіне креативті технологияларды 
енгізу қажеттілігі мәселесіне, теориялық проблемаларға, ғылыми 
зерттеулерге және педагогикалық креативтілік саласындағы практикалық 
қызметке деген тұрақты қызығушылығымен сипатталады. 
Когнитивтік құраушы – болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін қалыптастыруға қажетті психологиялық, 
педагогикалық, әлеуметтік және танымдық білімнің қалыптасуын негіздейді. 
Когнитивтік құраушы – педагогикалық креативтілік туралы білімнің 
базалық деңгейі мен сапасы, педагогикалық креативтілік мәселелері 
бойынша білім деңгейі. Ол болашақ информатика мұғалімінің теориялық
практикалық және әдістемелік білім деңгейімен, креативтік педагогика 
саласындағы негізгі түсініктерді, категориялар мен заңдылықтарды меңгеру 
және қолдана білу деңгейімен сипатталады. 
Когнитивті құраушының қалыптасу ерекшеліктерін ашуда дайындық 
деңгейінің ӛлшемдері мен кӛрсеткіштерін, атап айтқанда оның когнитивті 
құраушысын қамтитын бағалау-тиімді параметрлер маңызды болып 
табылады. 
Болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудағы когнитивтік құраушы педагогикалық 


73 
креативтіліктің қалыптасуының жалпы деңгейін сипаттайтын кӛрсеткіштерді 
біріктіреді. 
Нәтижелік 
құраушы – болашақ информатика мұғалімдерінің 
педагогикалық креативтілігін
ағылшын тілінде меңгерілетін пәндерді 
оқытуда қалыптастыруда креативті мiндeттepдi шeшуді, педагогикалық 
креативтілік тұрғысынан машықтануды, креативтік ic-әpeкeт (креативтілік) 
әдicтepiн меңгеруді, ӛздігінен жоспар құруда кәciби ic-әpeкeттepдiң 
нәтижeлiлiгiн кӛpceтeдi.
Сонымен қатар, болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігінің қалыптасуының жоғары деңгейіне ӛтуін кӛрсететін зерттеу 
нәтижесі болып табылады.
Білім алушылардың қорытынды диагностикалау бастапқы, аралық және 
қорытынды зерттеулердің нәтижелерін салыстыруға; болашақ инфомраткиа 
мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігінің қалыптасуы динамикасын 
бақылауға; 
анықтаушы 
және 
қалыптастырушы 
эксперименттердің 
нәтижелерін салыстыруға және қорытынды жасауға мүмкіндік берді. 
Педагогикалық креативтілікті қалыптастырудың критерийлері мен 
кӛрсеткіштерін қарастырайық. Зерттеулерде «ӛлшем» мен «кӛрсеткіш» 
ұғымдарының 
біркелкі 
қабылданған 
анықтамасы 
нақтыланбаған. 
И.И.Монаховтың тұжырымдауынша, «ӛлшем» - бұл белгі, оның негізінде 
шынайы педагогикалық құбылысты, сапаны немесе үрдісті эталонмен 
салыстыруға, бағалауға болады [177].
Ш.Т.Таубаеваның тұжырымдауынша «...ӛлшем – білім алушыларды 
тәрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыруда жеткен жетістіктердің 
белгіленуін салыстыратын ғылыми негізделген эталондар кӛрсеткіші», ал, 
«...кӛрсеткіш – тұлғаның даму үдерісін сипаттайтын деңгейі, оның 
оқытылуы, 
тәрбиелілігі 
визуальды 
бақылануы, 
білім 
алушының 
тәжірибесінде қалыптасқан білімі, дағдысы, іскерлігі, тәртібінің белгіленген 
мӛлшерде жүзеге асырылуы».
Осы тұрғыда, ӛлшем – зерттеу нысанының жағдайынын хабар беретін 
сапалары, қасиеттері, белгілері. Кӛрсеткіштер - зерттеу нысанының 
қалыптасуы туралы сандық-сапалық сипаттамалармен анықталады (кесте 7). 
Зерттеу аясында қарастырылған теориялық талдау арқылы педагогикалық 
креативтіліктің ӛлшемдері, кӛрсеткіштеріның сипаты туралы іргелі 
зерттеулердің нәтижелерін қарастыру, 1.1-тармақшада мазмұндалған 
педагогикалық креативтіліктің мәні мен құрылымы негізінде болашақ 
информатика мұғалімінің педагогикалық креативтілігінің ӛлшемдері 
айқындалды 
және 
ӛлшемдер 
педагогикалық 
креативтіліктің 
кӛрсеткіштерімен айқындалды.
Ӛлшем – зерттеу нысанының жағдайынын хабар беретін сапалары, 
қасиеттері, белгілері. Кӛрсеткіштер - зерттеу нысанының әр сапасы, қасиеті, 
белгісінің қалыптасуы туралы сандық-сапалық сипаттамалары (кесте 6). Бұл, 
критерийдің қалыптасу ӛлшемі.


74 
Зерттеу мәселесі бойынша жоғарыда аталған әдебиеттерді талдау 
аясында, педагогикалық креативтіліктің ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері 
туралы ғалымдардың кӛзқарастарын біріктіру негізінде, 1.1-тармақшада 
қарастырылған педагогикалық креативтіліктің анықтамалары мен оның 
құрылымына сүйеніп, болашақ информатика мұғалімінің педагогикалық 
креативтілігінің 
ӛлшемдері 
анықталды, 
әр 
ӛлшем 
педагогикалық 
креативтіліктің кӛрсеткіштерімен белгіленді.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігінің
қалыптасуының критерийлерін анықтау маңызды ғылыми мәселелердің бірі. 
Айқындалған критерийлер алдын ала болжанған, педагогикалық іс- 
әрекеттердің оң жетістіктері туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. 
Психологияда «критерий» - стандарт, эталон деп анықталған. 
Кесте 6 – Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастырудың ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет