Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет37/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67
беретін пәндер (ЖБП) циклі, базалық пәндер (БП) циклі, бейіндеуші пәндер 
циклі және факультативтік пәндер.
Дүниетанымдық, этикалық сипаттағы мәселелерді шешу Жалпы білім 
беретін пәндерді (Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Философия, Шетел 
тілі, Қазақ (Орыс) тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) 
білуге де негізделген.
Кәсіби мәселелерді шешуге қажетті білімді болашақ информатика 
мұғалімдері базалық пәндер циклі мен бейіндеуші пәндер циклінен алады. 
Болашақ информатика мұғалімдеріне оқытылатын базалық пәндерге 
Психология және адам дамуы, Жас ерекешеліктер физиологиясы және 
мектеп гигиенасы, Педагогика І, Тәрбие жұмысының теориясы мен 
әдістемесі, Инклюзивті білім беру, Бағалаудың ӛлшемдік технологиялары, 
Білім берудегі менеджмент, Этнопедагогика.
Психология және адам дамуы оқу пәнінің бағдарламасы мазмұнын 
талдау болашақ мұғалімдердің адам психикасы, психикалық үдерістер, жеке 
тұлғаның жеке және жас ерекшеліктері, психологиялық теориялар мен оқыту 
негіздері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға баса назар 
аударатындығын кӛрсетеді. Бұл білім мұғалімге кәсіби мәселелерді шешу 
үшін қажет екені анық, бірақ мәселе оны ӛзінің практикалық қызметінде 
қолдануға даярлығына байланысты туындайды. Психология және адам 
дамуы пәнінің бағдарламасы іс жүзінде педагогикалық қызметте кәсіби 
шешімдер қабылдау сияқты маңызды бағытқа назар аудармайды. Атап 
айтқанда, кәсіби мәселелерді шешуге, «қиын білім алушылармен» 
тұлғааралық қарым-қатынас мәселелеріне, сыныптағы қақтығыстарды шешу 
стратегияларына қатысты мәселелерді қарастырмайды.
Педагогика І курсында педагогиканың жалпы негіздері қарастырылады, 
дидактика мен тәрбие теориясының маңызды ережелері ашылады, болашақ 
информатика мұғалімдері педагогикалық идеялар мен білімнің даму тарихы, 
заманауи педагогикалық тұжырымдамалар, педагогикалық заңдылықтар мен 
ұстанымдар, оқу үдерісін ұйымдастырудың формалары, әдістері мен 
құралдары туралы түсінік алады.
Психологиялық-педагогикалық білім мұғалімнің кәсіби дайындығының 
негізін құрайды, алайда олар педагогикалық қызметте үнемі туындайтын 
мәселелерді сәтті шешу үшін қажетті педагогикалық креативтілікті 
қалыптастыруға жеткіліксіз.
Біздің пікірімізше, бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық
креативтілігін қалыптастыруға оң ықпал ететін пәндep циклiнiң кӛмeгiмeн 
жүзеге асыруға бoлaды. Осы пәндер циклі мaзмұны арқылы болашақ 
информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру 
мaзмұнын қарастырайық.
Болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін 
қалыптастыру келесі пәндер жүйесі арқылы іске асырылды (кесте 9). Аталған 
пәндер оқу топтарының ерекшеліктеріне байланысты қазақ және ағылшын 


85 
тілдерінде оқытылады. 
1.«Акмеология: жеке және әлеуметтік жетістіктер негізі» элективтік 
курсы 
Пән мaқcaты: болашақ мұғалімдердің акмеологияның теориялық 
негіздерін меңгерту, креативтілік, коммуникация, ӛз бетінше білім алу 
іскерліктерін жетілдіру.
«Акмеология: жеке және әдеуметтік жетістіктер негізі» элективті 
курсының мазмұнын болашақ мұғалімінің акмеологиялық білімін жетілдіре 
қадыптастыруға арналған оқу модульдерін толықтырды.
2.«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні 
Пән мақсаты: Болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау, 
информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйрету, оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдысын 
меңгерту, оқушылардың қабілетін ашу және дамыту. 
Пәннің міндеттері: Білім алушыда информатиканы оқыту әдістемесінің 
негізгі қалыптасу кезеңдері, құрылымы, негізгі категориялары, ұғымдары мен 
әдістері, информатика мұғалімдерін кәсіби даярлаудағы информатиканы 
оқыту әдістемесінің орны мен рӛлі туралы біртұтас болжамды қалыптастыру; 
бастауыш мектептегі пропедевтикалық, негізгі мектептегі базалық курсты 
және жоғары буындағы кәсіби курстарды тиімді оқытуға болашақ 
мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру. 
Кecтe 9. 5В011100-Информатика мамандығы бoйыншa мoдульдep (пәндep) 
тiзiмi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет