Бураева жанат бауыржановна бoлaшaқ информатика мұғалімдерінің педагогикалық креативтілігін қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет41/67
Дата16.01.2023
өлшемі3,52 Mb.
#61524
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
қызметтік-үдерістік моделін іске асыруда оқытудың белсенді және 
интербелсенді әдістері эксперимент барысында пайдаланылып, практикалық 
сабақтарда қолданылды [189], [190], [191].
1) 
Брейнсторминг (миға шабуыл) – креативтілікті оятудың негізінде 
мәселені шешудің нәтижесіне оңай әрі тез қол жеткізу әдісі. Бұл әдіс топ 
және жүргізуші болатын бір тұлғаның кӛмегімен жасалады, бір топ адамға 
белгілі бір тапсырма беріледі, топ тапсырманы қалай орындауға 
болатындығы жӛнінде, орындау әдістерін ұсынады және сол ұсынылған 
тәсілдердің ішінен қолайлысы, яғни тиімдісі таңдалынады. Брейнсторминг 
барысында кез-келген ұсыныстар болуын қарастырады, олар орындалуы 
мүмкін екен, тіпті фантастикалық болуы да мүмкін, идеяның сапасынан саны 
бірінші кезекте тұрады.
Брейнсторминг үш кезеңді қамтиды:
1. Бастапқы кезең – тапсырманы түсіндіру;
2. Негізгі кезең – идеяларды ұсыну;
3. Қорытынды кезең – жинақтау және бағалау, нәтижеге қол жеткізу, 
шешім шығару.
Бұл әдістің ерекшелігі – бірінші және екінші кезеңде ешқандай 
бағалауға, пікір-таласқа, сынауға жол берілмеуінде, себебі толықтай идеялар 
жиналғанша талқыламау адамдардың креативтілік қабілеттерін оятады. 
Себебі, нәтижеге емес, үдеріске бағытталу, креативтіліктің ең басты 
шарттарының бірі болып табылады. Сабақта жұмысты ұйымдастырудың бір 
нұсқасымен білім алушылар 2 топқа бӛлінеді. Бірінші топ идеялар мен 
болжамдар ұсынады, ал екінші топ берілген ұсыныстарды талдаумен 
айналысады.
Сәйкесінше, топтар кезекпен жұмыс жасайды. Сонымен қатар, миға 
шабуылды ұйымдастыруда топқа бӛлмей барлық білім алушыларды 
қатыстыруға болады. Ол үшін, барлығы бір уақытта үдеріске қатысып, 
алдымен идея ұсынады, яғни ойларын айтады, содан кейін сыншы ретінде 
бірге әрекет етеді. Дәстүрлі білім беру үрдісіндегі ӛзгерістер цифрлық ортада 
ӛсіп келе жатқан жаңа ұрпақты оқытуға қолайлы форматтар мен 
технологияларды іздеуді және біріктіруді қамтиды.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
дамуының 
қазіргі 
кезеңінде интернет кеңістігінде тарихты әдеттегі мәтіндік формадан дәйекті 
түрде ұсыну әдісі қазіргі заманғы медиа түрлерін қолдану форматына 
ауысады (ақпаратты ұсынудың әртүрлі формалары: мәтіндік, аудио, 
графикалық, видео).


93 
Осы орайда, болашақ информатика мұғалімдерінің педагогикалық 
креативтілігін қалыптастыруда цифрлық технологияларға негізделген оқыту 
технологияларын пайдалану тиімді.
2) Квест технологиясы. Оқу міндеттері - білім, білік және дағдыларды 
қалыптастыруға арналған. Оқытуда квест түріндегі ойын әдістерін қолдану 
білім берудің әртүрлі деңгейлерінде оң нәтиже береді. 
«Квест» сӛзі ағылшын тілінен quest – «іздеу, ізденетін тақырып, 
оқиғаларды іздеу» мағынасында анықталады. Веб-квесттің негізін 
қалаушылар оның келесі құрылымын ұсынды, оны жалпы квест 
технологиясына (немесе білім беру квестіне) пайдалануға болады: 
- қатысушылардың негізгі рӛлдері немесе квест сценарийі, алдын-ала 
жұмыс жоспары, бүкіл квестке шолу нақты сипатталған кіріспе; 
- мәселелеік сипаттағы орталық тапсырма және ӛзіндік жұмыстың 
қорытынды нәтижесі; 
-интернет-қорларға сілтемелерді, тақырып бойынша веб-сайттардың 
мекенжайларын және т.б. қамтитын ақпараттық қорлардың тізімі.; 
- жұмыс процедурасының сипаттамасы; 
- веб-квестті бағалау ӛлшемдері мен параметрлерін сипаттау; 
- оқу жұмысын ұйымдастыратын іс-әрекеттерге басшылық (уақыт 
шеңбері, электрондық кӛздерді пайдалану бойынша ұсыныстар, нәтижелерді 
ұсыну нысаны және т.б.; 
- қорытынды, онда квест қатысушылары алған тәжірибе жинақталады 
және жаңа міндеттер қойылуы мүмкін. 
Квест ұғымы (ағылшынша «quest» - іздеу, жұмбақ ойыны) виртуалды
және/немесе нақты кеңістікте орын алатын білім беру мақсатында да 
пайдаланылатын on-line және off-line ойындарының түрлерін білдіреді. Бұл 
ойын іс-әрекетінің нақты түрі, ол қатысушылардан тапсырмаларды шешуді 
талап етеді. Қазіргі жағдайда квест педагогикалық креативтілікті 
қалыптастырудың 
жаңа 
тәжірибесіне, 
дамыған 
зияткер 
болашақ 
информатика мұғалімдері үшін үшін белсенді оқу іс-әрекетін іске асырудың 
жаңа технологиясына айналуда.
Педагогикалық квестті ойынның зияткерлік түрі ретінде анықтауға 
болады, оның үдерісі арнайы дайындалған бӛлмеде ӛтеді, одан квест 
қатысушылары тапсырмаларды шешу арқылы шығуы керек. Мұндай ойын 
тәжірибесінің ерекшелігі - қатысушылар жаңа жағдайларға тез бейімделіп, 
күтпеген жағдайларда шешім қабылдауы керек. Сондықтан квесттер болашақ 
информатика 
мұғалімдерінің 
педагогикалық 
креативтіліктерін 
қалыптастыруды аса тиімді технологиялардың бірі. 
Квест-технология біріктірілген сипатқа ие, бұған келесі тезистер дәлел 
бола алады: 
- квест алгоритмі проблемалық оқыту технологиясының логикасында 
құрылады – мәселені қоюдан бастап оны шешу жолдарына дейін, нәтижені 
ұсыну мен рефлексияға дейін, бұл білім алушының тіршілік әрекетінің 
белсенді субъектісі ретінде дамуына әсер етеді; 


94 
- квестті аяқтау нәтижесінде жеке немесе топта орындалатын білім беру 
«ӛнімдері» әр түрлі болуы мүмкін: сұраққа жауап ретінде берілген мәселені 
шешуден бастап, жасалған мультимедиялық презентацияларға, роликтерге, 
сайттарға, буклеттерге және т.б. - осы технологияға енгізілген сюжеттер 
ойын жаттығуларының құраушылары - рӛлдік немесе шытырман оқиғалы 
ойын, ол іс жүзінде командалық сипатқа ие; 
‒ арнайы компьютерлік бағдарламаларды, интернет желісінің 
ақпараттық мүмкіндіктерін квест нәтижесін орындау барысында да, ұсынуда 
да пайдалану, пікір алмасу бұл технологияны ақпараттық-коммуникациялық 
ретінде сипаттайды. 
Оқу квестін жобалау кезінде сюжетке байланысты тапсырмалар болады: 
- ойын тізбек бойынша құрылған сызықтық: бір тапсырманы шешіп, 
қатысушылар бүкіл маршрут ӛткенге дейін қандай да бір артықшылықтарға 
ие болады; 
- барлық ойыншылар негізгі тапсырманы және бағыт беруші 
нүктелердің тізімін алады, бірақ сонымен бірге олар тапсырманы ӛз бетінше 
таңдайды; 
- сақиналы, олар шеңберге тұйықталған бірдей «сызықты» тапсырманы 
білдіреді [192, 193]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет