C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі6,55 Mb.
#136

C

M

Y

K

Газет 2008 жылдың 

қазан айынан

бастап шығады

№ 3 (59)

30 қараша

2015 жыл

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ

Білім сапасы жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте тоғыз орынға жоғарылады

tigu.kz

АҢДАТПА


tigu.kz

ТАБЫСҚА – ТӨЛ 

ТЕҢГЕМЕН

2-бет

КӨП ЖАСТАРҒА ҮМІТ 

АРТҚАН БҮГІНДЕ ЕЛ,

ТӨЛ МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ 

БОЛСЫН, БІЛІМГЕР!

2-бет

3-бет

4-бет

СТУДЕНТТЕР 

АРАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ

«ЖАС ОТАН» ЖӘНЕ 

ЕРІКТІЛЕР ҰЙЫМЫ

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ 

МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ»

А

лқалы  жиынға  университет  ректо-



ры  мен  проректорлары,  профессор-

оқытушылар,  ТИГУ  студенттерімен 

қатар  өзге  де  оқу  ордаларынан  келген 

қонақтар  және  БАҚ  өкілдері    қатысты. 

Жалпы конференцияға 200-ге жуық сту-

дент  қатысуға  ниет  білдірген.  Ғылыми 

шараның 

модераторлық 

қызметін 

ғылыми  жұмыстар  және  халықаралық 

қарым-қатынастар 

бөлімінің 

бастығы  Сәбит  Баубеков  атқарды. 

Конференцияның  ашылу  салтанатын-

да сөз алған ТИГУ ректоры, филология 

ғылымдарының докторы, профессор Ер-

болат Саурықов қатысушыларға сәттілік 

тіледі.  Әрі  қарай,  Сәбит  Жұмабайұлы 

аталмыш  конференцияның  мақсат  мен 

міндеттеріне  тоқталды.  Пленарлық 

мәжілісте    үздік  деп  танылған  төрт  ба-

яндама  көпшілік  назарына  ұсынылды. 

Сұрақтар  қойылып,  толыққанды  жа-

уаптар  да  алынды.    Пленарлық  оты-

рыстан  соң,  «Ұлы  Жібек  жолы  және 

қазақ  мемлекеттілігі  аясындағы  қазақ 

әдебиеті»,    «Қазақ  мемлекеттілігін 

құрудағы 

жаратылыстану 

ғылымдарының орны», «Ұлы Жібек жолы 

және қазақ мемлекеттілігінің әлеуметтік, 

экономикалық  және  саяси  жағдайы», 

«Қазақ  мемлекеттілігінің  құқықтық 

мәселелері» 

тақырыптарындағы 

секциялық отырыстар өткізілді. Екі күнге 

созылған  конференция  17  қараша  күні 

өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсімінде 

ТИГУ  ректоры  Ерболат  Байұзақұлы 

сөз  сөйлеп,  конференцияға  оң  бағасын 

берді. 

Одан 


әрі 

ұйымдастырылған 

іс-шара  пленарлық 

мәжіліс және  секция 

отырысында  жеңіске 

жеткен  білімгерлерді 

м а р а п а т т а у м е н 

жалғасты. Пленарлық 

мәжілісте 

баянда-


ма  жасаған  Назым 

Бейсембі, 

Әйгерім 

Ж а н т і л е у о в а , 

Ақбота 

Ахиева, 


Ботакөз  Сатаеваның 

ғылыми 


еңбектері 

жоғары 


деңгейде 

деп  көрсетіліп,  құрмет  грамоталары 

табысталды. Әрі қарай, секциялық оты-

рыста  үздік  деп  танылған  12  ғылыми 

жұмыс  республикалық  турға  жол-

дама  алды.  Бірнеше  студенттер  мен 

мектеп  оқушыларына  конференцияға 

қатысқандары үшін ұйымдастырушылар 

тарапынан мақтау қағаздар тапсырылды. 

Сөз  соңында,  ғылыми  жұмыстар 

және 

халықаралық 



қарым-

қатынастар  бөлімінің  бастығы  Сәбит 

Жұмабайұлы  әділ  бағасын  берген  сек-

ция  жетекшілеріне  алғысын  білдірді. 

Қатысушыларға  Алғыс  хаттармен  бірге 

арнайы сыйлықтар табыс етілді.



Ақнұр СҰЛТАНБЕКОВА,

Медиа орталық қызметкері

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ–

ГУМАНИТАРЛЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТІНІҢ №1-ОҚУ 

ҒИМАРАТЫНЫҢ МӘЖІЛІС 

ЗАЛЫНДА ҒЫЛЫМИ 

ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ 

ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ» 

АТТЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ 

VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК 

КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

КТК


 

жүргізу  құрметі  «Олимп» 

жайдарман  тобының  мүшесі 

Нұржан Лесбекке бұйырды. Әділ бағасын 

беретін  қазылар  алқасы  да  таныстырыл-

ды.  Олар  тәрбие  бөлімінің  мамандары 

Назгүл  Әбітаева,  Ақмарал  Кенемба-

ева,  Сергей  Петряев  және  студенттік 

ректор  Мәди  Күнту.  «Тарих  толқыны» 

тақырыбында 

өткізілген 

ойынға 


білімгерлерден  құралған  бес  коман-

да  қатысты.  Олар  «ТИГУ  құрамдары», 

«ФКС»,  «Жапалақтар»,  «Ice  cream», 

«Асау  жүрек».  Қатысушылар  арасында 

алғаш  рет  сахнаға  шығып,  өз  өнерлерін 

көрсеткен  командалар  да  болды. 

«Сәлемдесу»  және  «үй  тапсырмалары» 

деп  аталатын  екі  кезеңнен  құралған  бұл 

сайыста  командалар  берілген  регламент 

бойынша  сынға  түсті.  Ойын  барысында 

Қазақ хандығының 550 жылдығы барын-

ша  насихатталды.  Сайысқа  қатысушы 

талантты жастарымыз тарихты тереңнен 

қозғап,  әзіл  арқылы  өздерінің  ой 

ұшқырлықтарын  таныта  білді.  Байқау 

қорытындысы  бойынша,  «Асау  жүрек» 

командасы  бас  жүлдені  қанжығаларына 

байлады.  Көрермендердің  көңілінен 

шығып,  ыстық  ықыластарына  бөленген 

қатысушылар қазылар алқасы тарапынан 

да жоғарғы бағаға ие болды.

Әсем БӨЛЕГЕНОВА

ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ КТК ОЙЫНЫ ӨТТІ

УНИВЕРСИТЕТТЕ ҮШІНШІ РЕТ 

ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ  «ЖАЙДАРМАН»  КТК САЙЫСЫ 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

КЕЛЕЛІ КОНФЕРЕНЦИЯ



»»

ӘЗІЛКЕШТЕР ОТАУЫ

»»

C

M

Y

K

2

«Тайбурыл»  қорының 

іріктеуінен 

өткен 


алматылық  дарынды  сту-

денттерге  Kaspi  bank-

тің  басқарма  төрағасы 

Михаил  Ломтадзе  және 

директорлар 

кеңесінің 

төрағасы  Вячеслав  Ким 

сертификаттар  тапсырды. 

Салтанатты  шарадан  кейін  банктің  топ-менеджерлері  өз 

өмірлеріндегі  білімнің  орны  туралы  айтып,  студенттердің 

сұрақтарына  жауап  берді.  «Жобамыз  бойынша  әр  семестр 

сайын  шәкіртақының  санын  көбейтуге  тырысамыз.  Мыса-

лы бірінші конкурста 10 стипендия болған. Екінші конкур-

ста 158 стипендия, ал осы конкурста 252 стипендия болды. 

Келесі семестрлерде 300, 400 немесе 500-ден аса стипендия 

болады деп жобалап отырмыз»,-  деді «Тайбурыл» қорының 

төрағасы Олжас Құдайбергенов. 

Биыл «Тайбурылға» мыңнан астам өтініш түскен. Қордың 

комиссиясы  252  студентті  таңдап  алды.«Тайбурыл»  қоры 

шәкіртақының  80%-ын  техникалық  мамандықтарға  беріп 

отыр.  Сондай-ақ  стипендия  иегерлерінің  80%-ы  қыз  бала. 

Kaspi  bank  30  млн  теңге  көлеміндегі  грантқа  қосымша  ай 

сайын  шәкіртақысы  түсіп  тұру  үшін  әрбір  студентке  тегін 

карта ашып береді.



ЖОО ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Б

ұл  туралы  ҚР 



Білім  және  ғылым 

министрлігі  ЖОО  және 

ЖОО-дан  кейінгі  білім 

беру 


департаменті 

директорының  міндетін 

атқарушы 

Серік 


Өмірбаев 

мәлімдеді. 

«Қазақстан 

Болон 


үдерісіне қосылғалы бері отандық жоғары білім беру жүйесін 

интернационаландыру, яғни Қазақстан мен Еуропалық Одақ 

елдері университеттері арасында ынтымақтастықты тереңдеу 

жұмыстары  қарқынды  жүргізіліп  жатыр.  Бүгінгі  таңда  осы 

бағытта отандық және шет елдік университеттер арасында 400-

ден астам бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге асы-

рылу үстінде. Одан басқа, отандық студенттердің ұтқырлығы 

арта түскен. Білімді экспорттау да ойдағыдай жүзеге асып жа-

тыр. Қазақстанның жоғары оқу орындарында 9 мыңнан астам 

шетелдік студент білім алады. Қазір біз шет елдік студенттерді 

Қазақстанға көбірек тарту үшін, отандық жоғары оқу орында-

рына дәрістерді, яғни білім беру үдерістерін ағылшын тілінде 

де жүргізуді ұсынып жатырмыз», - деді С. Өмірбаев.

ЖОО-ДА БІЛІМ БЕРУ АҒЫЛШЫН 

ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ТЕГІН ОНЛАЙН КУРСТАРЫНЫҢ 

ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

А

лматыда Халықаралық 



ақпараттар 

техно-


логиялар  университетінде 

әлемнің 


жетекші 

университеттерінің 

сту-

денттерге  және  өз  бетімен 



білім  алушыларға  арналған 

қазақ  тіліндегі  тегін  онлайн 

курстарының  тұсауы  кесілді.  Ұйымдастырушылардың  айту-

ынша, бұл ауқымды білім беру жобасының басты мақсаты - 

жоғары деңгейдегі халықаралық білім көздеріне қазақстандық 

студенттер мен өз бетімен білімін жетілдіргісі келетіндердің 

қолын жеткізу. Әзірге, «Coursera» интернет-порталында қазақ 

тілінде бес пән іске қосылған. Олар www.coursera.org сайтында 

онлайн-режімінде қолжетімді болып отыр. Айта кеткен жөн, 

таңдап алынған курстар Қазақстан университеттеріндегі стан-

дартты оқу бағдарламасына кірмейді. Дегенмен, қазақстандық 

тыңдаушылар осы пәндер арқылы алған білімдері мен идеяла-

рын келешекте өздерінің сартаптық жобаларына тиімді пайда-

лана алады, дейді ұйымдастырушылар. Курстардың ұзақтығы 

үш аптадан он бес айға дейін созылады. Білім беру үдерісінде 

дәрістер,  үй  тапсырмаларын  орындау,  тестілерден  өту  және 

емтихандар тапсыру жұмыстары қамтылған.

ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТ ӘЛЕМ 

ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Т

араз 



мемлекеттік 

п е д а г о г и к а л ы қ 

институтының 

студенті 

Дінмұхаммед  Қазыкеев  Грек-

рим  күресінен  жасөспірімдер 

арасындағы 

халықаралық 

турнирдің  жеңімпазы  атан-

ды.  Түркияның  Ыстамбұл 

қаласында  өткен  байрақты 

бәсекеде  30-ға  жуық  мемлекеттен  келген  балғын  балуан-

дар  бақтары  мен  баптарын  сынады.  Дүбірлі  додада  96  келі 

салмақ дәрежесінде 20 жасөспірім өзара мықтыны анықтаған. 

Нәтижесінде, Д.Қазыкеев «жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар 

шығып»,  алтыннан  алқа  тақты.  «Боз  кілемде  белдескен  жас 

жігіттің жеңіске деген құлшынысы мен құштарлығы қуантады. 

Алдағы уақыттарда дайындықты күшейтіп, еліміздің абыройы 

мен  беделін  халықаралық  додаларда  асқақтата  береміз»,  - 

дейді топ жетекшісі, факультет оқытушысы Қонысжан Тана-

ев. Айта кетерлігі, жас балуанды жарысқа Серік Қалдықұлов 

дайындады.



КАСПИЙ БАНК БІЛІМДІ 

ҚОЛДАУҒА 30 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛДІ

УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

Қазақстандық ЖОО-лар біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді

tigu.kz

tigu.kz

№3 (59)

30 қараша 2015 жыл

МЕРЕЙЛІ ДАТА

ЖАСТАР САЯСАТЫ

«100 МЕЙІРЛІ ІС»

Университет бас ғимаратында  15 қараша – Ұлттық 

валюта - теңге күніне орай «Теңге – ұлттық табыстың 

кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Қ

онақтар  қатарында  Қазақстан  Ұлттық  банкі 



Жамбыл  облысы  филиалының  заңгері  Жұлдыз 

Үмбеталиев,  «Валюталық  операцияларды  бақылау» 

бөлімінің бастығы Венера Итмашева, «Қаржы ұйымдарын 

бақылау» бөлімінің маманы Динара Ақынбекова, «Дель-

та»  банкінің  менеджері  Әсел  Жанабаева,  «Қаржы  және 

есеп»  кафедрасының  оқытушылары  мен  білімгерлер 

қатысты. Алқалы жиында алдымен қаржы мамандығында 

білім  нәрімен  сусындап  жатқан  Гауһар  Молдабаева  мен 

Даяна Сатыбалдиева арнайы дайындаған баяндамаларын 

оқыды. Дөңгелек үстелде сөз алған «Валюталық операциялар-

ды бақылау» бөлімінің бастығы Венера Итмашева студенттерге 

Ұлттық банк туралы толығырақ түсіндіріп өтті. Басты қаралған 

мәселе доллар бағамының өсуіне байланысты болды. «Дельта» 

банкінің менеджері Әсел Жанабаева білімді жастарды тәжірибе 

алмасуға шақырды. Жиында бірнеше мәселелер талқыланып, 

студенттер  тарапынан  сұрақтар  қойылды.  Дөңгелек  үстелді 

қорытындылай  келе,  «Қаржы  және  есеп»  кафедрасының 

меңгерушісі,  экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор 

Серік Тәжібаев келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, ата-

улы мерекелерімен құттықтады.



«ЖАСТАР АЙДЫНЫ»-ақпарат

ТАБЫСҚА – ТӨЛ ТЕҢГЕМЕН

Б

ұл  бағыт  жастарымызды  әлеуметтік  тәжірибеге 



жұмылдыру  және  еркімен  жігерлік  танытуды  дамыту 

мақсатында қолға алынып отыр. Семинар «Нұр Отан» парти-

ясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар 

қанатының  төрағасы  Бақкелді  Тұрсынбектің  қатысуымен 

өтті.

Сонымен  қатар,  семинарға  университетіміздің  тәрбие 



бөлімінің  маманы  Назгүл  Әбітаева,  «Нұр  Отан»  партия-

сы  Тараз  қалалық  филиалы  жанындағы  «Жас  Отан»  Жа-

стар  қанатының  Тараз  инновациялық-  гуманитарлық  

университетінің  бастауыш  бөлімшесінің  төрайымы    Әсем 

Құдайбергенова  және  1-курс  білімгерлері  арасынан  30-ға 

жуық белсенді «Жас Отандықтар» қатысты.

Семинарда  қозғалған  басты  мәселе  –  жастарды 

отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  қоғамда  өз  орындарын  табуы-

на үлес қосу, білікті де, білімді жас маман болып шығуына 

септігін тигізу.



Нұрсұлтан БЕРІКҰЛЫ

 «ЖАС ОТАН» ЖӘНЕ ЕРІКТІЛЕР ҰЙЫМЫ

Қазан айының 23-ші жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі 

жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы 

бойынша «Жас Отан» Жастар қанаты жанындағы еріктілер 

мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында «Еріктілер 

және мемлекеттік қызметкерлер мектебінің жұмысын 

үйлестіру және жүргізу» атты тақырыбында семинар өтті. 

Жамбыл облысы әкімдігі 

жастар саясаты мәселелер 

басқармасының «Жастар 

орталығы» мекемесінің 

ұйымдастыруымен Тараз 

инновациялық-гуманитарлық 

университетінде «100 мейірлі іс» 

тақырыбына арналған 

дөңгелек үстел өтті. 

Ж

иынды 



облыстық 

«Жастар 


орталығы»  КММ-нің  директоры 

Талғат Шайхиев ашып, жүргізіп отырды. 

Өз сөзінде Талғат Байғараұлы еріктілер 

мәселесі  мен  қайырымдылық  шара-

ларын  басты  назарға  алды.  Басқосуға 

«Жастар  орталығы»  мекемесінен  он 

аудан  басшыларынан  бөлек  жастар 

ұйымдарының  өкілдері  де  қатысты.  Ең 

әуелгі сөз тізгіні Сарысу аудандық «Жа-

стар  орталығы»  мекемесінің  директоры 

Айғаным  Сармолдаеваға  беріліп,  Сары-

су  ауданы  бойынша  2014-2015  жылдар  

аралығында ұйымдастырылған көптеген 

қайырымдылық  акцияларына  байланы-

сты атқарылған жұмыстар жайлы айтып, 

оның  мән-маңызын  түсіндірді.  Бұдан 

бөлек,  жиында  «Жастар  орталығы» 

мекемесінің  қаржы  және  ұйымдастыру 

бөлімінің 

инспекторы 

Сұлтан 

Мұратбекұлы  «Еріктілер  мектебінің» 



мақсаты  мен  міндеттеріне  байланысты 

арнайы  дайындаған  презентациясымен 

таныстырды.  Сондай-ақ,    еріктілерді 

көтермелеу (марапаттау) жайында да сөз 

қозғады.  Тосыннан  бірнеше  сұрақтар 

қойылып,  қызу  талқыға  түсті.  Ауыл-

аймақтарда  еріктілер  мектебін  ашу 

жөніндегі ұсыныстар да қарастырылды. 

Талас  аудандық  «Жастар  орталығы» 

мекемесінің директоры Нұркен Мырзаев 

«100 мейірімді іс» қайырымдылық акци-

ясы  барысында  2015  жылы  атқарылған 

жұмыстарына  байланысты  ақпарат 

берді.  Жиынды  қорытындылай  келе, 

Талғат  Байғараұлы  «Қазақ  хандығына 

550  жыл»  мерейтойында  атсалысқан 

«Жастар орталығы» мекемесінің басшы-

ларын  арнайы  алғыс  хаттарымен  мара-

паттады.

А. ТЕМІРЛАНҚЫЗЫ

Қайырымдылық - сауапты іс



СЕМИНАР

ТЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ҚАРАЛДЫ

ТИГУ-ДІҢ  ЖАҢА  ОҚУ    ҒИМАРАТЫНДА  «ҰЛЫ 

ЖІБЕК  ЖОЛЫ:  ҚАЗАҚ-  ҚЫТАЙ    АРАСЫНДАҒЫ 

ТАРИХИ,  МӘДЕНИ  ЖӘНЕ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ  КЕШЕГІСІ  МЕН  БҮГІНІ» 

ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ON-LINE 

СЕМИНАР  ӨТТІ.

 

Семинарға Ғылым және халықаралық қатынастар жөніндегі 

проректоры  Мұқатай  Немеребаев,    Ғылым  және  халықаралық 

қатынастар бөлімінің басшысы Сәбит Баубеков,  БАҚ өкілдері, 

«Қазақстан  тарихы»  кафедрасының  професор-оқытушылар 

құрамы келіп қатысты. Аталмыш семинарды  тарих ғылымдарың  

докторы, профессор Сәбит Жұмабайұлы ашып, жүргізіп отыр-

ды.  Семинарда  шетелдік  ғалымдар  түрлі  тақырыптарда  баян-

дамалар  оқыды.  On-line  семинар  жұмысы  Ұлы  Жібек  жолы: 

Қазақ-Қытай  арасындағы  тарихи,  мәдени  және  экономикалық 

бағыттары  бойынша  жүргізілді.  Жиында  қазақ,  түрік,  орыс 

және  ағылшын  тілдеріндегі  ауқымды  тақырыптағы  ғылыми 

еңбектер қарастырылды. Осы семинарға  Қытай, Өзбекстан, Ре-

сей, Түркия, Қырғыз Республикасынан скайп арқылы  шетелдік 

қонақтар  университетпен тікелей байланысқа шықты. Ғалымдар 

Ұлы  жібек  жолы  байланыстарынан  бөлек,  білім  саласындағы  

мәселелерге  де  тоқталып  өтті.    Тараз  инновациялық-

гуманитарлық  университетінің  де  профессор-оқытушылары 

Ұзақбай  Құрманбаев  пен  Зульфия    Хожагелдиева  арнайы  ба-

яндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Сөз соңында Ғылым 

және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Мұқатай 

Немеребаев: - «Бүгінгі халықаралық on-line семинар  ойдағыдай 

өтті. Бұл шара әрі қарай жалғасын табады. Келешекте шетелдік 

ғалымдармен семинар, конференциялар ұйымдастыру жоспар-

да бар. Аз уақыт аралығында өткізілген бұл семинар өз жемісін 

берді»,- деді.



Ақнұр СҰЛТАНБЕКОВА

C

M

Y

K

3

№3 (59) 

30 қараша 2015 жыл

П

а в л о д а р 



о б л ы с ы н ы ң 

мектептерінде 

ұялы 

телефон, 



планшет 

сияқты қымбат техника 

құралдарын  сақтауға 

арналған сейфтер орна-

тылуда. 

  Павлодар  облыстық 

ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Құрманғали 

Ысмағұловтың  айтуынша,  бұл  –  білім  беру  орындарында 

ұялы телефондардың ұрлығын алдын алудың оңтайлы жолы.

Телефондар білім беру мекемелерінде жиі жымқырылатыны 

жасырын  емес.  Осыған  байланысты  ведомство  басшылығы 

облыстық  білім  беру  басқармасымен  бірлесіп,  мектептерде 

ұялы  телефондарды  сақтауға  арналған  сейфтер  орната  ба-

стады.ІІД мамандарының айтуынша, қазіргі таңда Павлодар 

қаласының  5  және  Екібастұз  шаһарының  7  мектебінде  118 

сейф қойылған. Бұл жұмыс жалғасын табуда.



БІЛІМ БЕРУ ОРДАЛАРЫНДА 

СЕЙФТЕР ОРНАТЫЛУДА

Қ

арағанды облысында оқушының 



орнына  робот  мектепке  барып 

жүр. Тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар 

балаларға арналған облыстық мектеп-

интернатта  «Аватар»  роботының  та-

ныстырылымы өтті. Ол оқушылардың 

виртуалды түрде сабақтарға қатысуына 

көмектесіп,  олардың  мұғалімдермен 

және сыныптастарымен сөйлесулеріне 

мүмкіндік береді. Оның қызметін ме-

кеме тәрбиленушілерінің бірі  Руслан 

Жалаев  қолдана  бастады.  «Аватар» 

роботы екі бастырма арқылы басқарылады. Оның камерасы, 

микрофоны бар, олар арқылы дыбыс пен бейне оқушының 

компьютеріне  келіп  түседі.  Ал  үлкен  экранның  көмегімен 

мұғалімдер мен оқушылар Русланды көре алады. Роботтың 

дөңгелегі бар, сондықтан аса биік емес жерлерден оңай өтіп 

кете  алады.  Ең  бастысы  «Аватар»  жүрген  бөлмеде  сымсыз 

интернет болуы керек. Роботтың құны 2 миллион теңгеден 

асады.  Егер  бұл  жоба  сәтті  деп  танылса,  облыстық  білім 

басқармасы тағы біреуін алуды жоспарлап отыр.



РОБОТ МЕКТЕПКЕ БАРЫП ЖҮР

4000


 

ж ы л д ы қ 

т а р и -

хы  бар  тоғызқұмалақ 

ойынының 

электрон-

ды  нұсқасын  жасаған 

қызылордалық  Бағлан 

Төлебай  «Жас  дарын» 

аталымында 

алдына 

жан  салмады.  Ол  ой-



лап  тапқан  тоғызқұмалақ  ойынының  3D  форматындағы 

әліппесінде  керектінің  бәрі  бар.  Онда  ойынның  ережелері 

мен  барысы  түсіндіріледі.  Оған  қоса,  жас  өрен  қойшылар 

алгебрасының  тарихын  да  қосуды  ұмыт  қалдырмапты. 

Электронды әліппені кез келген адам компьютеріне жүктеп 

алуына болады. Мемлекет тарапынан патенттеліп, авторлық 

құқық  берілген.  -  Алдағы  уақытта  осы  жобамды  дамытып, 

осы тоғызқұмалақтың электронды ойынын жасағым келеді. 

Әртүрлі  плеймаркет  сияқты  интернет  дүкендеріне  салып, 

халыққа тегін таратқым келеді. Тағы бір ерекшелігі - қазір екі 

тілде жасадым. Қазақ тілінде және ағылшын тілінде. Алдағы 

уақытта орыс тілін де қосқым келеді, - дейді «Жас дарын» 

аталымының жеңімпазы Бағлан Төлебай.  

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ НҰСҚАСЫ

А

лматылық 



сту-

дент 


«асық 

ату»  ұлттық  ойыны 

негізінде 

смартфонға 

арналған  қосымша  жа-

сап  шығарды.  «Мен  бұл 

жұмысты  биыл  мамыр 

айында  қолға  алдым, 

ұлттық  бір  дүние  жа-

сап  шығарғым  келді. 

Өскелең  ұрпақтың  дәстүрімізді  ұмытпағанын  қалаймын. 

Ойынды  жасап  шығарумен  бос  уақытымда  айналыстым, 

көбіне түнде», - деді Халықаралық ақпараттық технологи-

ялар университетінің магистранты Еркебұлан Қазыкенов.

Ойынды  жасап  шығу  жұмыстарымен  екі  ай  айналысқан 

студент өзге де жобаларды қолға алды. 

Ойынды бір мезгілде төрт ойыншы ойнай алады. Алайда 

ол  үшін  ойыншылардың  барлығы Wi-Fi  желісінде  болуы 

тиіс. Ойыншы асығының санына шектеу болмайды, олар 

асықтарын  бір  сызықтың  бойына  тізеді.  «Осыдан  кейін 

иіру  арқылы  бірінші  болып  кімнің  ататыны  анықталады. 

Кімнің  асығы  бірінші  болып  алшыға  түссе,  сол  бірінші 

атады. Ойыншы ұпай алу үшін белгіленген қашықтықтан 

атуы  тиіс.  Асықты  қаншалықты  қатты  ұру  керегін  shoot 

батырмасын  ұзақ  басу  арқылы  таңдауға  болады.  Ойын 

алаңда асық қалмағанша жалғасады», - деді Қазыкенов.



СТУДЕНТ «АСЫҚ АТУ» ОЙЫНЫН 

ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

ҚҰМСАҒАТ 

Мектептерге 5 күндік оқыту стандарттары енгізіледі

tigu.kz

tigu.kz

ФИЛОЛОГИЯ 

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, 

ПРОФЕССОР 

М.ӘБІЛҰЛЫНЫҢ "ЕЖЕЛГІ ҒҰН 

ДӘУІРІНДЕГІ 

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ" АТТЫ 

ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ 

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН 

КОЛЛЕДЖ, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ 

ОРЫНДАРЫНЫҢ ПРОФЕССОР-

ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ 

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 

ТУДЫРҒАНЫ РАС.

Оқу құралына қазақ ауыз әдебиеті 

үлгілерінің  бірі-жырау  Өмірзақ 

Қалбай  мен  Теңізбай  жырау 

жырлаған «Алаңқай батыр» қиссасы 

енгізілген.  Қиссада    Аттила  (Еділ) 

патшаның  сенімді  қолбасшысы 

болған  он  үш  жасар  Алаңқай 

батырдың ерлік істері жырланады.

М.Әбілұлы 

академик 

Ә.Марғұланның 

Алматыдағы 

«Жазушы»  баспасынан  1992  жылы 

жарық көрген Ө.Қалбайдың «Алаңқай 

батыр»  атты  кітабына  жазған  алғы 

сөзінен  сілтеме  береді:  «Академик  Ә. 

Марғұлан  осы  Ө.  Қалбайұлы  жыр-

лайтын  «Алаңқай  батыр»  қиссасы 

туралы:  «Алаңқай  батыр»  -  Батыс 

Қазақстанда кең таралған ертегі. Сон-

дай  -  ақ  әр  түрлі  нұсқасы  бар.  Қазақ 

фольклорының  асыл  мұрасының  бірі. 

«Алаңқай батырды» кезінде  қазақтың 

талай  ақындары  жырлаған  болатын. 

Алайда, әйгілі ақындар Сабыр жырау, 

Құдайберген  ақын  және  басқалардың 

«Алаңқай  батыр»  туралы  жырлары 

біздің заманға жетпей қалды.

Ө.  Қалбайұлы  осы  қазақ  халқының 

асыл мұрасын үлкен дастан етіп қызыл 

тілмен жырлап шыққан. Бұл поэманың  

маңызды  жері  -  Еділ  патша  туралы 

жыр.  Ғұн  патшасы  Еділдің  образын-

да  оның  әділ  басқарушысы  болғаны 

айтылады»  -  деп  жазады  (кітапта:  М. 

Әбілұлы,  «Ежелгі  ғұн  дәуіріндегі  ба-

лалар әдебиеті», Тараз, «Рысбаев» ба-

спасы, 2012-жыл, 93-бет).

Қазақ  балалар  әдебиеті  тарихына 

қосылған сүбелі еңбектің авторы про-

фессор  М.  Әбілұлы  ежелгі  дәуірдегі 

балаларға арналған ертегілер мен аңыз 

әңгімелерге,  мифтік  туындыларға 

ғылыми тұрғыдан тұжырымдар жасап 

отырады.


Кітап    «Кіріспеден»,  «Ежелгі  ғұн 

дәуіріндегі  балалар  әдебиеті»  және 

«Ежелгі  дәуірдегі  мифтік  әңгімелер» 

деген  екі  тараудан  тұрады.  «Ежелгі 

ғұн дәуіріндегі балалар әдебиеті» атты 

бірінші  тарауда  «Шань  Юидің  ерек-

ше  көрікті  екі  қызы»,  «Добу  мерген 

туралы аңыз», «Апанбу ақсақал тура-

лы  аңыз»,  «Бала  Түмен  туралы  аңыз 

әңгімелер»,  «Тәңірқұт  Түмен  туралы 

аңыз әңгімелер», «Қасиетті сәби», «Тас 

зергері  Тұрқұт  туралы  аңыз»,  «Тас 

зергелі  Тарғылдың  өсиеті»  т.б.  аңыз  

әңгімелер  мен  ертегілер  енгізілген. 

«Ежелгі  дәуірдегі  мифтік  әңгімелер» 

атты екінші тарауға «Қызылқан», «Екі 

қаз», «Ат жоқ», «Құмай» атты мифтік 

әңгімелер енгізген.

«Апаңбу ақсақал туралы аңыз» атты 

аңыз    әңгіме  туралы  белгілі  ғалым, 

филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор Ш. Ыбыраевтың былай деп 

жазатыны бар: «Осы әңгімедегі аққуға 

айналып  кеткен  баланың  тағдыры 

қазақтың  өз  атын  аққумен  байланы-

стыратын әңгімесін еске түсіреді.

Көк бөрінің адамға қамқорлығы ту-

ралы аңыз қазақтың Үйсін ұлысының 

бұдан  екі  мың  екі  жүз  жылдан  астам 

уақыт  ертедегі  тарихы  баяндалған 

қытай  жазбаларында  сақталған» 

(«Қазақтың  мифтік  әңгімелері»,  Ал-

маты, «Ғылым» баспасы, құрастырып, 

ғылыми 


түсініктерін 

жазғандар: 

филология  ғылымдарының  докто-

ры,  профессор  Ш.  Ыбыраев,  фило-

логия  ғылымдарының  кандидаты 

П.Әуесбаева, 49-бет).

Әрине, 

жазба 


және 

ауыз 


әдебиеті  жәдігерліктерінің  бала-

лар  әдебиеті  тарихынан  орын  алуы 

қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы 

айтарлықтай  жаңалық  екенін  айта 

кетудің  артықтығы  болмас.  Себебі 

осы  кезге  дейін  балалар  әдебиеті 

үлгілері жалпы қазақ халқының ауыз 

әдебиеті саласында зерттеліп келді.

Оқу  құралында    М.Әбілұлының 

«Ғұн  дәуіріндегі  Алып  Бамсы 

(Алпамыс)», 

«Алаңқай 

батыр 

қиссасы»  деп  аталатын  ғылыми 



тұрғыдан зерттеген зерттеу еңбектері 

ежелгі  ғұн  дәуірі  жәдігерліктерін 

қазақ  әдебиеті  тарихына,  соның 

ішінде қазақ балалар әдебиеті тари-

хына жақындата түседі.

Атақты 


ғалым 

Л.Гумилев 

ғұндардың  азаттық  үшін  күресі  ту-

ралы:  «Ұлы  дала  халықтарының 

бостандығын  ғұндар  ғана  сақтап 

қалды.  Олар  жиырма  адамға  бір 

адам  қарсы  қойып  соғыс  жүргізген. 

Ғұндарға қарсы қалың қол ғана емес, 

дипломатия, экономика және мәдениет 

мәселелері де қозғалған.

Біздің дәуіріміздің І ғасырында ішкі 

құбылыстар  ғұн  мемлекетінде  жік 

тудырған. Бір бөлігі Қытайға бағынса, 

бір бөлігі үлкен соғыстармен батысқа 

қарай  ойысқан,  онда  угро-сарматтар-

мен араласып, ғұнға айналған...» - деп 

жазады  (Л.  Н.  Гумилев,  «Хунны  в 

Китае», 5-бет).

Оқу  құралында  бала  Түменнің 

ерлік  істері  мен  елдік  істері  жөнінде 

әңгімеленетін  аңыздар  бар.  Түмен 

ержете  келе  елін  басқыншылардан 

қорғайтан  ержүрек  батыр  болады. 

Аңыз  әңгімелерде  бала  Түменнің 

тәңіркұт  Түменге дейінгі аралықтағы 

күрескерлік бейнесі сипатталады. Жа-

улармен күресі қызғылықты баяндала-

ды.


М.Әбілұлының 

«Ежелгі 


ғұн 

дәуіріндегі балалар әдебиеті» атты оқу 

құралы  қазақ  балалар  әдебиетінің  та-

рихына қосылған сүбелі еңбек болып 

табылады. Кітап осынысымен құнды.

Қарагөз ТАМАБАЕВА,

филология ғылымдарының 

кандидаты, доцент

«ЕЖЕЛГІ ҒҰН ДӘУІРІНДЕГІ 

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ»

(ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР М. ӘБІЛҰЛЫНЫҢ 

«ЕЖЕЛГІ ҒҰН ДӘУІРІНДЕГІ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ» АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТУРАЛЫ)

РУХАНИЯТ


»»

КЫЗЫК-ШЫЖЫК

.

.

.

СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ 

ЕҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ БІРІ СТУДЕНТТІК 

РЕКТОР МЕН СТУДЕНТТІК ДЕКАНДАРДЫҢ САЙ-

ЛАНУЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. УНИВЕРСИТЕТТІҢ 

«ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ» ҰЙЫМЫНЫҢ  

ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН «СТУДЕНТТІК РЕКТОРЫ МЕН 

СТУДЕНТТІК ДЕКАНДАРЫН САЙЛАУ» ҮРДІСІ 

БОЛЫП ӨТТІ. 

   Ашық түрде өткен сайлауға тәрбие бөлімінің басшыла-

ры  Назгүл Әбітаева, Ақмарал Кенембаева, Сергей Петряев 

және университетіміздің 54 белсенді студенттері  қатысты. 

Студенттік ректорлыққа үміткер Мәди Күнту мен Гүлшат 

Сайлауованың  кандидатуралары  ұсынылып,  жиналысқа 

қатысушылар жасырын дауыс беру арқылы  өз таңдауларын 

жасады.  Нәтижесінде,  ең  көп  дауыс  жинап  жеңіске  жет-

кен «Білім» факультетінің студенттік деканы Мәди Күнту 

студенттік  ректор  атанды.  Әрі  қарай  студенттік  декандар 

анықталды. Олар  «Жаратылыстану» факультетіне Гүлшат 

Сайлауова,    «Экономика  және  құқық»  факультетіне 

Ұлжан  Алякпар,  «Білім»  факультетіне  Әлімжан  Қабылов 

студенттік декан қызметіне лайық деп танылды. 

Студенттік  ректоры мен студенттік  декандарын жаңа әрі 

жауапты міндеттерімен шын жүректен құттықтаймыз!  

Шығармашылық 

табыстар 

тілей 

отырып,  



университетіміздің атын шығарып, айбынын асқақтату жо-

лында абыройлы еңбек етеді деген сенімдеміз.                                   

   

 Нұрсұлтан  СЛАМБЕКОВ



СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ

ТАFАЙЫНДАУ



»»

БАС РЕДАКТОР

ТУҒАНБАЕВ

Нұржан Маратұлы

n.tuganbai@bk.ru

8 775 384 42 77

ТІЛШІЛЕР:

Ақнұр СҰЛТАНБЕКОВА

Нұрcұлтан СЛАМБЕКОВ

ДИЗАЙНЕР:

Құндыз БӨГЕНБАЕВА

Меншік иесі: «Тараз инновациялық-

гуманитарлық университеті» мекемесі

Газетке ҚР Мәдениет және ақпарат

министрлігінің №9561-Г

09.10.2008 жылы тіркеу куәлігі берілген.

Газет айына 1 рет шығады

Газет Тараз қ. Төле би даңғылы, 22-үй,

«Сенім» ЖШС баспа орталығында

басылды. Индекс 080012.

Таралымы - 500 дана     Тапсырыс - №1041



Мекен-жайымыз: Тараз қ.,

Желтоқсан көшесі, 69 Б, индекс 080000

C

M

Y

K

4

№3 (59) 

30 қараша 2015 жыл

17 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ

БІЛІМГЕР

А

талмыш  іс-шараға  университеттің 



барлық  факультеттерінің  студенттері 

(«Жаратылыстану»,  «Экономика  және 

құқық»,  Білім»)  атсалысты.  Салтанат-

ты  жиынға  университет  басшылары  мен 

ұжымы  толық  қатысты.  Ақжарма  кештің 

шымылдығын  ашқан  жүргізушілердің 

әсем  сөздерінен  кейін  университет  ректо-

ры,  филология  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Ерболат  Саурықов  университет 

табалдырығын алғаш аттап отырған 1-курс 

білімгерлерін  құттықтай  отырып,  оларға 

білім  кілті  мен  сынақ  кітапшасын  тапсыр-

ды.  Одан  әрі  университет  қабырғасында 

жетістікке  жеткен  белсенді  студенттер 

«Президенттік стипендия», «Ректорлық сти-

пендия»,  «Үздік  спикер»,  республикалық 

пән  олимпиадаларының  жеңімпаздарымен 

қатар  мәдени  іс-шараға  үлестерін  қосқаны 

үшін және қоғамдық жұмыстар мен әрдайым 

белсенділік  танытып  көзге  түсіп  жүрген 

бірнеше  студенттер  арнайы  ректордың 

Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Шараға  арнайы  қатысқан  құрметті 

қонақтар «Жасыл ел» облыстық штабының 

төрағасы  Ихтияр  Мырзахметов,  Жамбыл 

облыстық  пікір-сайыс  одағы  «Еркін  пікір» 

жастар  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

Асхат  Олжабаев,  «Нұр  Отан»  партиясы 

Тараз  қалалық  филиалы  жанындағы  «Жас 

Отан» Жастар қанатының төрағасы Бақкелді 

Тұрсынбек  студенттерге  алдағы  өмірлеріне 

сәттілік  тілей  отырып,  ТИГУ-дің  ең  үздік 

деп  танылған  10  студентіне  «Жас  Отан» 

куәліктерін тарту етті.

Кеш 

барысында 



университет 

мақтаныштары  өз  өнерлерін  көрсетті.  Сту-

денттер  қатарына  қабылданып  жатқан 

1-курс  білімгерлері  де  өнерден  құр  алақан 

емес  екендіктерін  дәлелдеді.  Концерттік 

бағдарламада  университет  студенттерінің 

қоңыр  дауыс  иелері  мен  мың  бұралған 

бишілері  өз  өнерлерін  көрсетіп,  әсерлі 

сахналық  қойылымдарын  көрермен  наза-

рына  ұсынды.  Белсенді  жастар  жиналған 

қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

ТИГУ МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ

КӨП ЖАСТАРҒА ҮМІТ АРТҚАН БҮГІНДЕ ЕЛ,

ТӨЛ МЕРЕКЕҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БІЛІМГЕР!

СТУДЕНТ  (лат.  studens 

—  бір  нәрсеге  ұмтылушы,  бір  нәрсеге 

қызығушы) — жоғары оқу орнында (институт, универ-

ситет т.б.) оқып білім алушы.

Ең алғашқы университет пайда болған уақытта латын тілі ғылым 

мен  іс  қағаздарының  тілі  болатын.  Студенттерді  ол  кезде  школяр  (лат. 



scholaris — оқушы, лат. schola — мектеп) деп атайтын. Бұл термин бүгінде 

мектеп оқушыларына қатысты қолданылады.

ЖОО-да білім алып жатқан студенттер саны бойынша АҚШ әлемдегі көшбасшы 

болып табылады. Бұл елде 14 261 800 адам білімін жетілдіруде. Бұл көрсеткіш Үндістан, 

Қытай және Жапония елдеріндегі жалпы студенттерді қоса есептегендегі санынан да көп.

Жапондық студенттер емтиханға өздерімен бірге «Kit Kat» шоколадын алып кіреді. 

Бұл  –  олардың  сәттілік  әкелетін  бойтұмарлары  екен.  «Кitto  katsu»  жапон  тілінен 

аударған «міндетті түрде жеңемін» деген мағынаны білдіреді.

Йель студенттері өздерінен төмен курста оқитын замандастарына дәптерлерін 

көшіртуге  еш  қиналмастан  береді  екен.  Тегін.  Бірақ  көшірген  студенттің 

көзіне жасыл бояу жағып тастайды екен.

Норвегияда жоғарғы білімді тегін, еш кедергісіз алуға бола-

ды. Сондай-ақ студентке кредит беріледі.

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

ТИГУ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ 

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛ, ДОСТЫМ!



Университет  жаңалықтары  мен  тіршілігі  жайлы 

«ЖАСТАР  АЙДЫНЫ» 

газетінен  басқа 

әлеуметтік желілерден де танысуға болады. Тәуліктің кез келген уақытында байланыста бо-

ламын десеңіз, қызықты жайттармен бөлісемін десеңіз бізді мына желілерден таба аласыз:

Instagram   – @tigu_taraz 

VK 

 

– tigutaraz 

Facebook 

– tigupress

Youtube 

– tigutaraz 

e-mail  – tigu-press@mail.ru

      www

.tigu.kz

Дөңгелек үстелді тәрбие бөлімінің 

маманы 

Айнара 


Төрегелдиева 

жүргізді.  ТИГУ-ға  арнайы  ат  басын 

бұрып келген психолог мамандар сту-

дент  жастарға  суицид  жөнінде  жан-

жақты мағлұмат берді. Алғашқы сөз 

«Жастар  денсаулық  орталығының» 

психологы  Заида  Курумбаеваға 

берілді.  Психолог  жасөспірімдерді 

суицидке не итермелейтіндігін және 

оның  алдын-алу  жөніндегі  фактор-

ларды  тізіп  шықты.  Өз-өзіне  қол 

жұмсау  мәселелері  тақырыптарында 

сұрақтар  қойылып,  қызу  талқыға 

түсті. 


«Құқықтану» 

кафедрасының 

оқытушылары  мен  білімгерлері  өздерін 

толғандырып  жүрген  ойларымен  бөлісті. 

Одан  әрі  №3  емхананың  психологы 

Жанат  Сұлтанова  білімгерлерге  спортпен 

шұғылдану керек деген кеңес берді. 

Психолог мамандар студент жастарды 

суицидпен  қарсы  күресуге  шақырды.  Айта 

кететін  жәйт,  соңғы  статистика  бойынша, 

өз-өзіне  қол  жұмсау  барысында    Қазақстан 

Ресейден кейінгі 2-ші орында.



«Жастар айдыны»-ақпарат

СУИЦИД МӘСЕЛЕСІ 

ТАЛҚЫЛАНДЫ

СӨЖ  (СРС)  – 

студенттің 

өзіндік 

жұмысы  –  студент-

ке  апта  сайын  не 

белгіленген 

уақыт 

аралығында оқытушы 



беретін тапсырма. Ол 

өткен 


тақырыптар 

негізінде 

беріледі. 

Презентация,  баян-

дама,  реферат,  эссе, 

баспасөз  материалы 

негізінде дайындалған папка, аналитикалық 

шолу, видеотүсірілім, т.б. түрінде тапсыры-

лады. Оқытушы тапсырған не өзіңіз қалаған 

түрін таңдап, үйден дайындап, қорғайсыз.



СОӨЖ (СРСП) –

 студенттің оқытушымен 

өзіндік жұмысы – бұл да СӨЖ-ге ұқсас бо-

лып  келеді,  айырмашылығы  аудиторияда 

мұғаліммен бірге атқарылады.

ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ НЕ СЕМИНАР 

 дәрістен алған тәлімді шыңдау, теорияны 

тәжірибемен  ұштастыру.  Жасаған  СӨЖ-ді 

қорғауға осы сабақта уақыт беріледі.



ДӘРІС  – 

әр  пәннің  оқытушысы  белгілі 

бір  тақырып  аясында  дайындаған  матери-

алы.  Оқытушы  апта  сайын  дәріс  оқиды, 

ол  дәрісте  сіз  білуге  тиіс  нәрсенің  аздаған 

бөлігі ғана қамтылады. 

Себебі 

оқытушы 


сізге  жай  ғана  бағыт-

бағдар  беруші.  Басқа 

ілімді  өзіңіз  ізденіп 

алуға  тиіссіз.  Дәрісті 

тыңдау-тыңдамау,  жа-

зу-жазбау өз еркіңізде. 

Бірақ дәріске жай ғана 

қатысқандарға да балл 

қоятын  оқытушылар 

бар.  Диктант  секілді 

сөзбе-сөз жазу міндетті емес, қажетті деген 

жеріңізді  түртіп  алып  отыру  өзіңізге  пайда 

әкеледі.

КОНСПЕКТ –

 ұзыннан ұзақ шығарманың 

қысқаша  мазмұны.  Ақпарат  есіңізде  жақсы 

сақталуы  үшін  және  емтиханға  дайындық 

кезінде мәліметтерге оңай қол жеткізу үшін 

оқығаныңыздың  қысқаша  мазмұнын  жаза 

отырып, жанына өз ойыңызды, түйгеніңізді 

де түрте кетсеңіз құба-құп.



СИЛЛАБУС  – 

пәннің  оқу  жоспары. 

Онда  оқытушының  студентке  қояр  талап-

тары,  пәннің  мақсаты  мен  міндеті,  тапсыр-

ма  берілу,  қабылдану  тәртібі  мен  уақыты, 

бағалау  критериі,  ұсынылатын  әдебиеттер 

тізімі жазылады.

МЕКТЕППЕН  ҚОШТАСЫП  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРНЫНЫҢ  ТАБАЛДЫРЫҒЫН 

АТТАҒАН  СОҢ  БІЗГЕ    АТЫ  ТАНЫС,  ЗАТЫ  БЕЙТАНЫС  КӨПТЕГЕН  СӨЗ 

КЕЗДЕСЕДІ.  УАҚЫТ  ӨТЕ  КЕЛЕ  ОЛ  СӨЗДЕРГЕ  ДЕ  ЕТІМІЗ  ҮЙРЕНІП, 

СӨЗДІК  ҚОРЫМЫЗҒА  КҮНДЕЛІКТІ  ҚОЛДАНАТЫН  СӨЗ  РЕТІНДЕ  КІРЕДІ.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

»»

УНИВЕРСИТЕТ ҚАБЫРҒАСЫНДА  «ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ 

АЛДЫН-АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

СТУДЕНТ СӨЗДІГІ

СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР



ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-

ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 1-КУРС БІЛІМГЕРЛЕРІН  

«СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ» РӘСІМІ ӨТТІ.

КЕРЕК ДЕРЕК



»»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет