C# тілінде файлдармен жҧмыс жасауға арналған бірнеше класс бар



бет1/2
Дата11.12.2022
өлшемі16,7 Kb.
#56537
  1   2

СРСП #25. Файлдармен жұмыс істеуге арналған операторлар және функциялар


Кез келген бағдарламалау тілінде файлдармен жҧмыс жасау қҧралдары бар. Кӛптеген бағдарламалар жҧмысты файлдардан деректерді оқудан бастайды және нәтижелерді файлға жазумен аяқтайды.


C# тілінде файлдармен жҧмыс жасауға арналған бірнеше класс бар.


Белгілі бір кластар тобы (олар System.IO атаулар кеңістігінде орналасқан) файлдармен деректер бірлігі сияқты жҧмыс істейді. Олардың міндетіне каталогтармен (файлдар папкасы) жҧмыс жасау, файлдардың орнын ауыстыру, олардың атауларын ӛзгерту, кӛшіру, файл атрибуттары, файлдарды ҧсыну кестесімен (FAT) жҧмыс жасау кіреді. Осы топты шартты тҥрде файлдарды ӛңдеу класы деп атауға болады.
Windows жҥйесінде (сонымен қоса C# тілінде) тҥрлі қҧрылғылар (оперативтік жад, монитор, дискілік жад, желілер) арасында деректерді жеткізу ҥшін деректер ағыны (stream) тҧжырымдамасы қолданылады.
Деректердің екілік, символдық, жолдық ағынымен анықталған файлдармен жҧмыс жасауға кӛмектесетін арнайы кластар бар. Осы кластар да System.IO кеңістігінде анықталған.


Бағдарламаны тестілеу кезеңінде бағдарлама жҧмысын әр тҥрлі кірістік деректердің мәндері бойынша тексеруге тура келеді. Осындай «тестілеу» мәндер арнайы «кірістік» деректердің мәтіндік файлына жазылады және бағдарламаның орындалуы ҥшін кезекпен ҧсынылады. Кейіннен тексеру мен талдау жҧмыстарын жҥргізу ҥшін бағдарлама жҧмысының нәтижесі кӛбінесе «шығыстық» файлға жазылады.


Осы мақсаттарды жҥзеге асыру ҥшін C# тілінде мәтіндік файлдармен жҧмыс жасау қарастырылған - input.txt атты «кірістік» файл және output.txt атты «шығыстық» файл.


Файлдар бағдарлама файлдары орналасқан каталогта қҧрылуы тиіс, бастапқы орны — ...\ConsoleApplication1\bin\Debug..
Мысал ретінде бағдарламаны тестілеу процесін қарастырайық, онда нақты санды бӛлу нәтижелері қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет