керісінше. Бұл бұлшықеттің талшықтарының бір бөлігі ожау-көмей
қақпашығы бұлшықетіне (m.aryepiglotticus) жалғасады.
ДАУЫС САҢЫЛАУЫН КЕҢЕЙТЕТІН БҰЛШЫҚЕТТЕР:
1. Артқы жүзік-ожаутәрізді бұлшықет (m.cricoarytenoideus posterior) жұп,
жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының артқы бетінен басталып
ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
ДАУЫС БАЙЛАМДАРЫН КЕРЕТІН БҰЛШЫҚЕТТЕР:
1. Дауыс бұлшықеті (m.vocalis) жұп, аттас қатпарда орналасқан.
Қалқанша шеміршектің бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді
шеміршектің дауыс өсіндісіне бекиді.
2. Жүзік-қалқанша бұлшықеті (m.cricothyroideus) жұп, екі будадан
құралған, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып қалқанша
шеміршектің төменгі жиегіне (pars recta) және төменгі мүйізіне (pars
obligua) бекиді.
Көмейді жоғарғы және төменгі көмей артериялары (сыртқы ұйқы, бұғанаасты
артерияларының тармақтары) қанмен қамтамасыз етеді. Веналық ағым аттас
веналар арқылы жүзеге асады.
Лимфа ағымы мойынның терең лимфа түйіндеріне бағытталады.
Көмей жоғарғы және төменгі көмей нервтерімен (Х-жұп, кезбе нервінің
тармақтары) симпатикалық сабаудың тармақтарымен нервтенеді.
Достарыңызбен бөлісу: