Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті


Тілдің тамырлары мен нервтері



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар

Тілдің тамырлары мен нервтері. Тілді тіл артериясы қанмен қамтамасыз 
етеді.Тіл венасы ішкі мойындырық венаға құяды. Лимфа тамырлары: 
иекастылық, төменгі жақсүйекастылық және мойынның терең латералды 
лимфа түйіндеріне құйылады. 
Қозғалтқыш нервтенуі: тілдің бұлшықеттерін ХІІ-жұп бассүйек нерві - 
тіласты нерві нервтендіреді. Сезімтал (ауырсыну, температура және 
жанасуды сезу) нервтенуі: тілдің алдыңғы үштен екі бөлігін V- жұп нервтің 


үшінші тармағынан кететін тіл нерві нервтендіреді. Тілдің артқы үштен бір 
бөлігін тіл – жұтқыншақ нерві, тіл түбірінің көмей қақпашығына жақын 
бөлігін кезбе нервтен кететін - көмейлік жоғарғы нерв нервтендіреді. Тілдің 
алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын тіл нервісіне келіп 
қосылатын, дабыл ішегі, chorda tympani, (бет нервісінің тармағы) өткізеді. 
Тілдің артқы үштен бір бөлігінен дәм сезімталдығын тіл – жұтқыншақ нерві 
өткізеді. 
ТАҢДАЙ
Таңдай, рalatum, ауыз қуысының жоғарғы қабырғасын түзеді. Ол екі 
бөліктен , құрамында сүйек тіні бар қатты таңдай және жұмсақ таңдайдан 
тұрады. Шырышты қабық таңдайды жауып, бүйір жағынан жоғарғы 
жақсүйектің ұяшықтарына өтіп, қызылиек түзеді. 
Қатты таңдай, palatum durum,жоғарғы жақсүйектердің таңдайлық 
өсінділері мен таңдай сүйектерінің горизонталды табақшаларынан құралған. 
Ол таңдайдың алдыңғы 2/3 бөлігін құрайды. Қатты таңдайдың ортаңғы 
сызығы бойымен таңдай жігі, raphe palati, өтеді. Одан екі жаққа қарай, 
балаларда өте жақсы жетілген көлденең қатпарлар шығады. 
Жұмсақ таңдай, palatum molle,таңдайдың артқы 1/3 бөлігін құрайды. 
Жұмсақ таңдай, жоғарғы және төменгі беттері шырышты қабықпен 
қапталған таңдайдың апоневрозы мен бұлшықеттерден құралған. Жұмсақ 
таңдайдың шырышты қабығы артқы жағында жұтқыншақтың мұрындық 
бөлігінің шырышты қабығына жалғасады, ал алдында қатты таңдайдың 
шырышты қабығына өтеді. Жұмсақ таңдай, горизонталды орналасқан 
алдыңғы бөлімінен және төмен қарай салбырап тұрған таңдай пердесі, velum 
palatinum, деп аталатын артқы артқы бөлімінен тұрады. Таңдай пердесінің 
ортасындағы өсінді - таңдай тілшігі, uvula palatina, деп аталады. Таңдай 
пердесінің бүйір жиектерінен екі доға шығады: алдыңғысы, таңдай-тіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет