3 1 5 Шама терминіне сипаттап жазыңыз Физиканың түбегейлі түсініктерінің бірі – физикалық шамалар. Физиканың барлық теориялары, заңдылықтары, қағидалары осы физикалық шамалар арасындағы байланыстар, қағидалар, қатынастар екені даусыз. Олай болса, әрбір физикалық шамалардың ұғымын қалыптастыруды терең ойластырып, жан-жақты қарастырып, іске асырғаннан ондысы жоқ. Ендеше, алдымен сол физикалық шама ұғымын анықтап алайық. Физика зерттейтін объектілерге қолданылатын түсініктер мен ұғымдар физикалық шамалар деп аталады. Мысалы, жол, жылдамдық, үдеу, энергия, қуат, ток күші, кернеу, кедергі, жарқырау, жарықтылық, жарық күшу, толқын ұзындығы, т.б. бұл физикалық шамалардың басқа ғылыми немесе техникалық түсініктерден қандай айырмашылықтары бар?
Физикалық шамалар деп, белгілі бір физикалық бар нәрсенің /объектінің/ яғни физикалық жүйінің немесе құбылыстың қасиеттерінің сипаттамасын айтамыз. Аталған сипаттама сапалық қатынасы жағынан толық жатқан физикалық нәрселерге, ал сандық жағынан жеке физикалық нәрселерге ғана тән. Жеке физикалық шаманың сан мәні / яки мөлшері/ бір нәрсе үшін екінші нәрсенің сан мәнінен /яки мөлшерінен/ көп немесе аз болуы мүмкін. Физикалық шамалар ұғымын қолданғанда қысқартып айту да қолданылады.бұған «шама» деген қысқартылған ұғым физикалық ұғым болған жағдайда ғана жол беріледі. Ал, физикалық шамалардың мөлшері нақты материалдық нәрсеге немесе құбылыс пен процеске тән сандық анықтауыш болып есептеледі. Әрбір физикалық шамалардың оны анықтайтын «сипаттама» деген түсінігі бар. Физикалық сипаттама дегеніміз – ол да физикалық шама, ол осы шаманы өлшеуде қосалқы анықтауыш түрінде қарастырылады. Физикалық шаманың «тегі» деп, сол шаманың сапалық анықталуын айтамыз.
3 1 6 СГС жүйесіндегі өлшем бірліктерін сипаттап жазыңыз. СГС жүйесі
Негізгі бірлік ретінде сантиметр ұзындық бірлігі, грамм салмақ
бірлігі жəне секунд уақыт бірлігі болып табылатын СГС физикалық
шамаларының бірлік жүйесі 1881 жылы І Халықаралық электриктер
конгрессімен орнатылған. Конгресс СГС жүйесін Гаусс ұсынған
принциптер бойынша орнатты жəне екі маңызды туынды бірліктер
үшін атау енгізді: дина - күш бірлігі үшін жəне эрг - жұмыс бірлігі
үшін. СГС жүйесінде қуаттылықты өлшеу үшін эрг секундына
қолданылады, кинетикалық тұтқырлықты өлшеу үшін - стокс,
динамикалық тұтқырлық өлшеу үшін - пуаз қолданылады.
СГС жүйесіндегі қысым шаршы сантиметрге динамен өлшенеді.
Бұл бірлік бұрын бар деп аталды, бірақ 10*5 Н/м*2 тең қысым бірлігін
барға ауыстырумен байланысты, СГС қысым бірлігі үшін кейде бар
атауы жəне бір кезетте микробар атауы қолданылады (себебі ол
жаңа бардың бір миллионына тең).
Механикалық өлшемдер саласында СГС жүйесі үші негізгі
бірліктерге сүйенеді, оларды ішінде басқалар туынды ретінде
түзіледі.
Электрлік жəне магниттік өлшемдер үшін СГС жүйесін
қолданумен байланысты іс күрделі тұр. Тарихта олар үшін қазіргі
уақытқа дейін электрлік жəне магниттік шама үшін СГС жүйесінің жеті түрі бар
екендігі қалыптасты, олардың ішінде келесі үшеуі біршама кеңінен
таралған.
1.
Үш негізгі бірліктерден сантиметр, грамм, секундтан құрылған СГСЭ жүйесі; вакуумның диэлектрлік өткізгіштігі өлшемсіз бірлікке тең деп қабылданған. Бұл жүйе сонымен қатар абсолюттік электростатикалық бірлік жүйесі деп те аталады.
2.
СГСМ жүйесінің негізгі бірліктері СГСЭ жүйесіндегідей -
сантиметр, грамм, секунд, ал вакуумның магниттік өткізгіштігі өлшемсіз
бірлікке тең деп қабылданған. Бұл жүйе сонымен қатар абсолюттік
электромагниттік бірлік жүйесі деп те аталады.
3.
Сонымен қатар симметриялық жүйе немесе Гаусс жүйесі деп
аталатын СГС жүйесі. Онда электрлік бірліктер СГСЭ электрлік
бірліктерімен, ал магниттік - СГСМ магниттік бірліктермен үйлеседі.