Ч а с т ь V i молодой ученый


Жоғары патогенді құс тұмауының Қазақстанға әсері



Pdf көрінісі
бет56/90
Дата18.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#51157
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
Байланысты:
moluch 412 ch6 (1)

Жоғары патогенді құс тұмауының Қазақстанға әсері:
шығу себебі, таралуы және келтірілген шығын
Бегасыл
Көбейхан Сапарханұлы, магистратура студенті
Ғылыми
жетекші: Джанабекова Гүлмира Күмісқалиевна, биология ғылымдарының докторы, профессор
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы, Қазақстан)
Бұл мақалада ЖПҚТ вирусының Қазақстан Республикасында тіркелген ошақтары, аурудың таралу жолдары және соған байла-
нысты ғылыми зерттеулер келтірілген.
Кілт сөздер: жоғары патогенді құс тұмауы, вирус, миграция.


“Young Scientist”  # 17 (412)  April 2022
397
Young scientist Kazakhstan
Влияние
высокопатогенного гриппа птиц на Казахстан: 
происхождение,
распространение и ущерб
Бегасыл
Кобейхан Сапарханулы, студент магистратуры
Научный
руководитель: Джанабекова Гульмира Кумискалиевна, доктор биологических наук, профессор
Казахский
национальный аграрный университет (г. Алматы, Казахстан)
В данной статье представлены зарегистрированные в Республике Казахстан очаги вируса ВПГП, пути распространения заболе-
вания и связанные с этим научные исследования.
Ключевые слова: высокопатогенный грипп птиц, вирус, миграция.
Қ
ұс тұмауы — жабайы және үй құстарының ас қорыту және 
тыныс алу органдарын зақымдайтын, аса жұғымтал виру-
стық ауру [1].
Ауруды ең алғаш 1878 жылы Италияда Перрончито «тауық 
сүзегі» деп сипаттады. Аурудың қоздырушысы вирус екен-
дігін 1901 жылы Чентани дәлелдеді. Басында бұл ауруды 
Ньюкасл ауруымен көп шатастырылған, бірақ этиологиясы 
анықталғалғаннан кейін еуропалық немесе классикалық құс 
обасы деп аталатын болды. Ал XIX ғасырдың ортасынан бастап 
нақты бір жүйеге келтіріліп, ауруды «тұмау», қоздырушысын 
«тұмау вирусы» деп атады [2].
Аурудың қоздырушысы құрамында РНҚ-сы бар, Ortho-
myxoviridae туыстастығына және тұмау вирусының А то-
бына жатады. Вирус көлемі 80–120нм құрайды. Негізгі ан-
тигендері: H(гемагглютинин) және N(нейраминидаза). Құс 
тұмауының қоздырғышы H антигені бойынша 16 кіші то-
пқа(H1-ден H16-ға дейін), ал N антигені бойынша 9 кіші то-
пқа(N1-ден N9-ға дейін) бөлінеді. Сондай-ақ Гветамелада тір-
шілік ететін жарғанаттардан Н17 және Н18 жаңа кіші топтары 
анықталған [3].
Құс тұмауының вирустары — вируленттілігіне қарай не-
гізгі екі топқа бөлінеді: төмен патогенді және жоғары пато-
генді. Төмен патогенді құс тұмауының(ТПҚТ) қоздырушысы 
кез-келген кіші түрдегі штамм болуы мүмкін. ТПҚТ вирустары 
аурудың жасырын немесе созылмалы өтуімен және леталдық 
көрсеткіштің төмен болуымен сипатталады. Бірақ басқа виру-
стық немесе бактериялық екіншілік ауру себепті өте ауыр өтуі 
мүмкін. Ал жоғары патогенді құс тұмауының Н5 және Н7 кіші 
топтарымен шыққан ауру аса ауыр өтуімен, леталдық көр-
сеткіштің жоғарылығымен тіпті адам өміріне қауіп төндіре 
алуымен сипатталады [4].
Аурудың негізгі таратушысы көбінесе сулы-батпақты ме-
кенде тіршілік ететін жабайы құстар болып табылады. Жабайы 
құстардың миграциясы аурудың таралуына және вирустың эво-
люциясында үлкен рөл ойнайды [5].
Қазақстан Республикасына маусымдық миграция нәти-
жесінде ұшып келетін құстардың 130 түрі тіркелген. Көк-
темгі және күзгі миграция нәтижесінде әр жылы елімізге ұя са-
латын құстардың саны 10 млн-ға, ал су қоймаларына тоқтайтын 
құстардың саны 50 млн-ға жетеді.
Аурудан қолайсыз елдерден ұшып келетін құстардың ма-
усымдық миграциясы ҚР-да құс тұмауының шығу ықтимал-
дығын қатты арттырады. Әсіресе ұшу бағыттары мен құстардың 
жаппай шоғырлану орындары ерекше қауіп төндіреді.
Құстардың миграция бағыттарын талдау, республика ау-
мағы арқылы өтетін құстардың негізгі үш бағыты бар екендігін 
көрсетті:
— Пәкістан қыстауларынан;
— Үнді қыстауларынан;
— Оңтүстік Еуропа және Солтүстік Африка қыстаула-
рынан [6].
Аурудың жұғуы негізі нәжіс және ауа тамшылары арқылы 
жүзеге асады. Сонымен қатар сирек жағдайда транспорттық 
көліктермен контакты нәтижесінде, зарарланған астық және 
жұмысшының киімі арқылы да ауру жұғуы мүмкін. Аурудың 
таралуының негізгі факторлары ретінде жабайы құстардың үй 
құстарына тікелей әсер етуі мен су көздерінің нәжіспен зарарла-
нуын айтуға болады.
Алғаш Қазақстан аумағында тұмаудың А вирусын зерттеу 
1978–1981 жылдары бастау алды және осы күнге дейін жалғасын 
табуда. Вирусологиялық зерттеуге сынамалар елдің оңтүстік 
және оңтүстік-шығыс аймақтарынан 1773 құстан сынама 
алынды. Зерттеу нәтижесінде тұмау вирусының 52 изоляты 
бөлініп алынды және оның 42-сі H10N5 кіші тобына және 10-ы 
H1N1 кіші тобына жататындығы анықталды.
Ал 1987 жылы Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағында 
құс шаруашылықтарының бірінде жіті респираторлық ин-
фекция нәтижесінде өлген құстың ішкі органдарынан тұмаудың 
А вирусының 2 штаммы (H7N1 және H7N7) бөлініп алынды [7].
Қазақстан Республикасының аумағына панзоотиялық құс тұ-
мауы вирусының енуі 2005 жылдың маусымында тіркелді. Ауру 
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыста-
рының жеті тұрғылықты аймағында суда тіршілік ететін үй құста-
рында көрініс тапты. Еліміздің жоғары патогенді құс тұмауының 
шығуы және таралуының хронологиялық талдауы, аурудың ең 
алғаш 2005 жылдың 22-ші маусымында Павлодар облысы, Ертіс 
ауданы, Голубовка ауылынан шыққандығын көрсетті.
ЖПҚТ шыққан уақыттан 9 күн өткен соң Голубовка 
ауылынан 900 км қашықтықта орналасқан Ақмола облысы
Ақкөл ауданы, Виноградовка ауылынан ауру белгілері бай-
қалды. Мұның артынша үш апта ішінде Солтүстік Қазақстан, 
Ақмола және Қарағанды облыстарында тағы бес аймағынан 
анықталды. Ауру шыққын аймақтардың бір-бірінен ұзақтығы 
100-ден 600 км-ге дейінгі аралықты құрайды.
Аурудан қолайсыз аймақтардан алынған сынамаларға ИФТ, 
ГАТР және ПТР сынды лабораториялық зерттеулер жүргізілді. 
Барлық зертттеу нәтижелері аурудың қоздырушысы тұмау ви-
русының H5N1 штаммы екендігін мәлімдеді.


«Молодой учёный» . № 17 (412)  . Апрель 2022 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет