398 Молодойученый Қазақстан Сондай-ақ эпизоотологиялық мәліметтер мен лаборатори-
ялық зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасында
шыққан жоғары патогенді құс тұмауы жабайы құстардан жұғуы
нәтижесінде орын алғандығын көрсетті.
Аурумен күресу және алдын алу мақсатында қолайсыз ай-
мақтардан 12860 үй құстарын өртеу арқылы көзін жойды.
Құстардың тіршілік ететін мекендері ветеринарлық-сани-
тарлық талаптарға сәйкес дезинфекциялық ерітінділермен өң-
делінді. Ауру анықталған аймақтарға карантин жарияланды [8].
Кейіннен ҚР-да ЖПҚТ араға 15 жыл салып 2020 жылдың
қыркүйек айында тіркелді. Алғашқы аурудың шығуы Қа-
зақстан-Ресей шекарасы бойындағы аймақтарда байқалды.
Жергілікті ветеринарлардың мәлімдеуінше құстардың қы-
рылуы оңтүстікке қарай ұшып жатқан, сулы-батпақты жерде
өмір сүретін жабайы құстардан бастау алған. 2020 жылдың
күзіне қарай жағдай одан әрі қиындай түсті, себебі ауру одан
әрі таралуы күшейіп, құстардың қырылуы арта берді. Жылдың
соңына қарай өлген құстардың жалпы саны 2 миллионды
құрады. Көптеген шаруашылықтар 3 айға өз жұмысын тоқтатты
және соның нәтижесінде құс өнімдерінің бағасының кө-
терілуіне әкелді. ЖПҚТ елдің 11 облысынан тіркелді және де ең
көп ошақтар Солтүстік Қазақстан облыстарынан (Ақмола, Қо-
станай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) анықталды [9].
Аурудан қолайсыз аймақтардан сынама алынып полиме-
разды тізбекті реакция көмегімен лабораториялық зерттеулер
жүргізілді. Зерттеу нәтижесі аурудың қоздырушысы H5N8 тұмау
вирусы екендігі және сол жылы мамыр айында Иракта шыққан
құс тұмауы вирусымен генетикалық тұрғыда өте ұқсас екендігі
анықталды [10]. Бүгінгі таңда ҚР құс тұмауынан таза мемлекет
болып есептеледі.
Қорытындылай келе, жоғары патогенді құс тұмауы бүгінгі
таңда өте өзекті аурулардың бірі болып табылады. Ауру қозды-
рушысы жылдам өзгеріске ұшырауға және түраралық барьерлерді
бұзуға қабілетті. ҚР бүгінгі таңда бұл аурудан таза болғанмен,
кейбір Европа, Африка және Азия мемлекеттері заманауи профи-
лактикалық шараларға қарамастан зардап шегуде [11]. Бұл өз ке-
зегінде ауруды тереңірек зерттеуді және жабайы құстардың ми-
грациясын бақылап отыру қажеттілігін туындатады.
Әдебиет:
1. Печенкина А. А. Грипп птиц: история, возбудитель, эпидемиология //Вестник современных исследований. — 2020. — № .
5–1. — С. 16–20.
2. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы, 2009. — 438 б.
3. Ирза В. Н. и др. Грипп птиц //БИО. — 2021. — № . 1. — С. 24–30.
4. Экви Б. П., Рогожина Н. И. Высокопатогенный грипп птиц //Российский ветеринарный журнал. — 2006. — № . 1. — С. 34–36.
5. Тихонова З. В. Проблемы и перспективы профилактики эпизоотии гриппа птиц //Ветеринарная практика. — 2007. — № .
2. — С. 10–16.
6. Об утверждении Программы по предупреждению распространения птичьего гриппа в Республике Казахстан на 2007–2008
годы. — URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P060000801_ (дата обращения: 27.04.2022).
7. Саятов М. Х., Кыдырманов А. И., Ишмухаметова Н. Г. Высокопатогенный грипп птиц. Ситуация в мире и в Казахстане //
Биотехнология. Теория и практика. — 2006. — № . 2. — С. 5–13.
8. Карабасова А. С. Эпизоотическая ситуация по гриппу птиц в мире и в Казахстане / А. С. Карабасова, С. Б. Маманова,
М. А. Садуакасова, Б. Байкара // Ветеринария ғылымының заманауи теориялық және практикалық мәселелері / глав. ред.
А. А. Султанов, зам глав. ред. А. М. Абдыбекова, отв. за выпуск Ж. Ж. Тлегенова. — Том LXVI. — Алматы: ТОО КазНИВИ,
2020. — С. 149–160. — ISBN978–601–04–4736–3.
9. Amirgazin A. et al. Highly pathogenic avian influenza virus of the A/H5N8 subtype, clade 2.3. 4.4 b, caused outbreaks in Kazakhstan
in 2020 //PeerJ. — 2022. — Т. 10. — с. e13038.
10. Lewis N. S. et al. Emergence and spread of novel H5N8, H5N5 and H5N1 clade 2.3. 4.4 highly pathogenic avian influenza in 2020 //
Emerging Microbes & Infections. — 2021. — Т. 10. — № . 1. — С. 148–151.
11. High Pathogenicity Avian Influenza (HPAI) — Situation Report 28. — URL: https://www.oie.int/en/document/high-pathogenicity-
avian-influenza-hpai-situation-report-28/ (дата обращения: 27.04.2022).