402 Молодойученый Қазақстан Ключевыеслова: озимая пшеница, регулятор роста, клеточная мембрана. Б
үгінгі таңда Қазақстанда туындап отырған экологиялық
жағдайларға байланысты дәнді дақылдардың сыртқы орта
факторларына төзімділігін арттыру мәселелері бойынша көп-
теген ізденіс жұмыстары жүргізіліп келеді. Солардың ішінде би-
дайдың төзімді сорттарын алу мәселелері жан-жақты қарасты-
рылуда.
Қазақстанда бидай өндірісін дамытудың бір жолы — күздік
бидайдың үлесін арттыру болып табылады. Себебі күздік бидай
жаздыққа қарағанда анағұрлым жоғары астық өнімін береді.
Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері оның тіршілік
ету жағдайына байланысты. Күздік бидайдан мол өнім алу үшін,
оның өсіп-өнуіне жақсы жағдай жасалу қажет. Бұл жағдайларды
агротехниканың көмегімен жүзеге асыруға болады.
Зерттеу жұмысында ғылымда бұрыннан белгілі мәселелерді
толықтыру мақсатында физиологиялық және биохимиялық әді-
стерді қолдана отырып, бидай сорттарының (Наз, Жеңіс, Ом-
ская) құрғақшылыққа төзімділігіне өсу регуляторлардың тигі-
зетін әсерін зерттеуді көздедік.
П. А. Генкель 1982 метеорологиялық факторлардың
маңызын өсімдіктердін күйімен байланыстыра отырып,
құрғақшылықты биометеорологиялық құбылыс ретінде
аңықтауды ұсынды. Яғни, құрғақшылық ұзаққа созылған не-
месе қысқа мерзімді жауын шашынсыз, ауа температурасының
жоғарылауы мен ылғал тапшылығының жоғарылап, өсімдік-
тердің шамадан тыс сусыздану нәтижесінде залалданып,
өнімділігі төмендеп, кейде түгел қурап өліп қалатын кезең деп
сипаттады [1].
Құрғақшылық астық дақылдарына екі жақты әсер етеді:
өсімдік денесінің температурасының жоғарлауы және су
тапшылығы немесе солу [2].
Құрғақшылықтың әсерінен, ең алдымен өсімдіктегі су алмасу
процестері бұзылып, судың жалпы мөлшері азайып, өсімдік мү-
шелерінде қалыпты таралуы өзгереді. Соның салдарынан астық
дақылдарының өнімділігі төмендейді [3].
Күздік бидай жер бетіндегі ең көп тараған тағамдық культу-
раның бірі болып есептеледі. Күздік бидайды өсіру өте тиімді
және алынған өнім бағалы болып келеді.
Күздік бидай топырақ таңдайды: топырақ құнарлылығы
жоғары, ылғалдылығы жеткілікті болуы керек. Күздік бидай
макро және -микро тыңайтқыштарды ұнатады [4]
Күздік бидай — ыстыққа шыдамды және қуаңшылыққа
төзімді болғанымен, қара бидайға қарағанда қысқа шы-
дамсыз [5]. Бірақ өте жоғары температураға (39
0 С — ден
жоғары), ылғалдың жетіспеушілігіне және құрғақ жел кезінде
қалыпты фотосинтез процессі бұзылып, транспирация жоға-
рылайды. Өсімдіктің өсуі тежеліп, дәннің жақсы жетілуіне ке-
дергі келтіреді [6].
Жоғары өнім алу үшін агротехникалық шараларды қатаң
сақтап, ең алдымен алғы егісті дұрыс таңдап, себу мерзімі мен
егу тәсілдерін, себу жиілігін, тыңайтқыш мөлшері мен оны қосу
мерзімін және басқа да шараларды астықты жинап алуға дейін
сорттардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүр-
гізу қажет.