Материялдар және әдістер Модельді тәжірибелер зертханалық жағдайда орындалады.
Бидай тұқымдарын топыраққа себу алдында құрамында күкірті
бар өсу регуляторлардың (Т-10, T-10’, T-10») әр түрлі концен-
трациялы (0,0001% — 0,00001%) ерітінділермен 15 минут бойы
өңдеу жүргізілді. Өңделген тұқымдар арнайы топырақ толты-
рылған желім шелектерге себілді.
Бидайдың өсу қарқынын күнделікті бақылып, күтіп баптау
жүмыстары жүргізілді. Өсірудің 14 — ші тәулігіне дейін барлық
үлгілер суғарылған жағдайда өсірілді. Ал 14 тәуліктен кейін үл-
гілердің тең жартысына құрғақшылық жағдай тудыру мақса-
тында 6-тәулік бойы суғару тоқтатылды. Тәжірибе жұмысы 3
рет қайталанды. Бидай өскіндерінің өсу параметрі (бидайдың
жер үсті мүшелерінің ұзарып өсуі, см; құрғақ биомассаларының
жинақталуы, мг) 14-ші және 21 тәулікте есепке алынды.
Бидай сорттарының (21 күндік) жер үсті мүшелеріндегі клет-
калардың мембраналық өткізгіштігін анықтау үшін кондук-
тометр қолданылды. Бидай өскіндерінің жер үсті мүшесін 10
мл-лік термотұрақты, желім пробиркаларға салып, үстіне 10 мл
бидистилденген су құйылды. Зерттеу заты салынған пробир-
калар алты сағатқа бөлме температурасына (21–25ºC) қалды-
рылды. Алты сағаттан кейін кейін электролиттердің шығымы
анықталды. Осыдан кейін пробиркалар он екі сағатқа темпера-
турасы –75ºC тоңазытқышқа қалдырылды. Өңдеу уақыты өт-
кеннен кейін пробиркаларды ішіндегі мұз ерігенше, әрі ерітінді
бөлме температурасымен тұрақталғанша бөлме температура-
сында қалдырылды. Тиісті уақыт өткеннен кейін электролит-
тердің шығымы анықталды.
Зерттеу нәтижесінде, бидай сорттарының өсіп-өнуі олардың
түрлерінен және өсу регуляторларының табиғаты мен кон-
центрацияларынан тәуелді болды. Бидай тұқымдарын то-
пыраққа себу алдында құрамында күкірті бар өсу регулятор-
лардың (Т-10, T-10’, T-10») әр түрлі концентрациялы (0,0001%
— 0,00001%) ерітінділермен 15 минут бойы өңдеу, тұқымдардың
өну қарқынын едәуір жоғарылататыны анықталды.
Сорттарды өзара салыстырғанда бақылау және тәжірибелік
үлгілерде Омская мен Жеңістің өну белсенділігі Наз сортына
қарағанда едәуір жоғары болатыны байқалды. Сондай-ақ, Ом-
ская мен Жеңістің өну белсенділігіне өсу регуляторлардың,
яғни Т-10, T-10’ жоғарғы (0,0001%), ал Наздың өнуіне T-10»
төменгі (0,00001%) концентрациялары қолайлы әсер ететіндігі
анықталды.
Өсу регуляторлардың Т-10, T-10’, T-10» бидай сорттарының
өсу қарқынына тигізетін әсерін зерттеу мақсатында 14 тәулік
бойы өсірілген бидай өскіндерінің жер үсті мүшелерінің өсу па-
раметрлері (ұзындығы, құрғақ биомассасы) анықталды.
Зерттеу нәтижесінде, бидай сорттарының өсу қарқыны өсу
регуляторлардың табиғатынан және олардың өңдеу концентра-
цияларынан, бидай сорттарынан тәуелді болды.
Сорттарды өзара салыстырғанда Наз сортының өсу
қарқыны біршама жоғарылайтыны анықталды. Егер бидай он-
тогенезінің бастапқы кезеңінде Наз сортының өну қарқыны ең