403 Young scientist Kazakhstan төменгі дәрежеде болса, ал онтогенездің келесі сатысында жоға-
рылайтыны байқалды. Сондай-ақ, Наз сортының қарқынды
өсуі барлық өсу регуляторлардың жоғарғы концентрация-
лармен өңделген үлгілерде байқалды.
Жеңіс сортының қарқынды өсуіне T-10’ (0,0001% — 0,00001%)
және T-10« (0,0001%) үлгілері оптималды болды. Омская со-
ртының қарқынды өсуі T-10’ (0,0001%) және T-10» (0,0001% —
0,00001%) концентрациялары — мен өңдеу (бидай тұқымдарын)
оңтайлы әсер етті. Т-10 өсу регуляторы Жеңіс пен Омская сорт-
тарының өсу қарқынын жоғарылатпайтыны анықталды.
Құрғақшылық жағдайда бидай сорттарының төзімділік қа-
сиетіне өсу регуляторлардың Т-10, T-10’, T-10» тигізетін әсер-
лерін зерттеу мақсатында өсірудің 14-тәулігінен бастап,
бақылау және тәжірибелік үлгілердің тең жартысын 6 тәулік
бойы құрғақшылық жағдайында өсірдік.
Зерттеу нәтижесінде, суғарылған жағдайда өсірілген бидай
сортының қарқынды өсуі Т-10 төменгі T-10’ мен T-10» жоғарғы
концентрациялары оптималды әсер ететіні байқалды.
Құрғақшылық жағдайда Наз сортының өсу қарқынына T-10«
жоғарғы, концентрациясы Жеңіс сорты үшін T-10’ мен T-10»
жоғарғы концентрациясы оптималды әсер ететіні байқалды. Ал
Омская сортының өсу қарқындылығы барлық тәжірибелік ва-
рианттарда тежелетіні байқалды.
Суғарылған жағдайда өсірілген бидай сорттарының жер үсті
мүшелері клеткалық мембраналарының зақымдану дәрежесіне
өсу регуляторлары түрліше әсер етті. Біріншіден ол өсу регуля-
торлардың табиғатынан және өңдеу концентрациясынан тәу-
елді болса, екіншіден сорттардың түрлерінен де тәуелді болды.
Мысалы, Наз сортының жер үсті мүшелерінің клеткалық
мембраналарының зақымдану дәрежесі бақылау үлгілеріне қа-
рағанда барлық тәжірибе жүргізілген үгілерден жоғары болды.
Ал Омская сортының жер үсті мүшелеріндегі клеткалық
мембраналардың бақылау үлгілерімен салыстырғанда Т-10» төменгі концентрациясымен өңделген үлгіде байқалды.
Жеңіс сорты үшін Т-10’ жоғарғы концентрациясымен өң-
делген үлгіде байқалды.
Зерттеу нәтижесінде, Наз сортының клеткалық мембрана-
ларының зақымдануын бақылау үлгісімен салыстырғанда, Т-10
жоғарғы, Т-10’ жоғарғы және төменгі концентрациялары те-
жейтіні анықталды. Ал осы үлгілерді өзара салыстырғанда Т-10’
төменгі концентрациясымен бидай тұқымдарын өңдеу қолайлы
болатыны айқындалды. Омская сорты үшін электролиттердің
ең аз мөлшердегі шығуына Т-10’ төменгі концентрациясы әсер
етті. Жеңіс сорты үшін мембраналардың зақымдануы Т-10’ пен
Т-10» төменгі концентрациялары тежейтіні анықталды.
Қорытындылай келе, бидай сорттарының (Наз, Омская,
Жеңіс) өну белсенділігін құрамында күкірті бар өсуді реттегіш
синтетикалық регуляторлардың (Т-10, Т-10’, Т-10«) әсерімен
жоғарылату мүмкіндігі анықталды. Омская мен Жеңістің өну
белсенділігіне өсу регуляторлардың, яғни Т-10, T-10’ жоғарғы
(0,0001%), ал Наздың өнуіне T-10» төменгі (0,00001%) концен-
трациялары қолайлы әсер ететіндігі анықталды.
Бидай сорттарының өсу қарқыны олардың түрлерінен және
өсу регуляторлардың табиғаты мен концентрацияларынан тәу-
елді болатыны айқындалды.
Өсу регуляторлардың кейбір түрлері мен концентрациялары
бидай сортының жер үсті мүшелеріндегі клеткалық мембрана-
лардың зақымдану дәрежесіне әсері анықталды. Құрғақшылық
жағдайда клеткалық мембрананың зақымдану дәрежесін Наз
сорты үшін Т-10’ төменгі (0,00001%), ал Омская мен Жеңіс со-
рттары үшін Т-10 төменгі концентрациялары анағұрлым тежей-
тіні айқындалды.
Әдебиет:
1. Генкель П. А. Физиология жаро — засухоустойчивости растений. М.: Наука, 1997. — 280 с.
2. Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы — Алматы: — Баспа,2004. 1–453 б.
3. Байжанов Ж. Р. Күздік бидайдының генотип-орта өзара қарым-қатынасы мен құрғақшылыққа және ауруларға төзімділігін
зерттеу // Жаршы (ҚР АШМ). 2007 № 8, 17–20 бет.
4. Байжанов Ж. Р. Оценка исходного материала озимой пшеницы. Ізденістер-Нәтижелер-Исследования и результаты.
КазНАУ 2007 № 2 33–35 с. Казахстана № 1–2, 58–64 с.
5. Лебедев И. Физиология растений. М.: Колос, 1982. — 463 с
6. Куперман Ф. М. Физиология устойчивости пшеницы // Физиология С.-х. Растений. М.: Изд-во МГУ, 1969. — 401–490 с.