408 Молодой ученый Қазақстан соның ішінде Қазақстанда әлеуметтік боттарды қолданып
ақпарат таратуды тәсіл ретінде мойындамайды. Сол себепті
оның қаншалықты нәтижелі әсер ететінін бағалай алмаймыз.
Сәйкесінше, кесірінің көлемін де, маңызын да анықтауға мүм-
кіндігіміз болмайды. Ол келтіретін зияндарды бақылауда ұстауға
мүмкіндігіміз болуы үшін кем дегенде бұл тәсілдің заңды шекте-
улері қабылдануы тиіс. Ал оған жету үшін ең алдымен, журна-
лист ғалымдар мен журналистік ұйымдар бұл тәсілді ақпаратты
жеткізу тәсілі деп қабылдауы керек. Содан кейін ғана оның
принциптік зияндарын көріп, заңды шектеулер енгізе аламыз.
Цифрлы заманның келуімен қатар жаңалықты таратудың,
ақпаратты жеткізудің де әртүрлі жолдары пайда болып жатыр.
Ғаламтор ақпараттың шексіз көп көлемін қолжетімді етіп берсе,
әлеуметтік желілер оған қоса басқа ақпаратты да қарапайым
адамдардың тарата алуына жол ашып берді. Бұл үрдіс кеңінен
таралған сайын жаңа мәселелер де көбейіп отырды. Үлкен
ақпарат ағынының ішінен сапалысын, маңыздысын, өзектісін,
тіпті, шынайысын табудың өзі үлкен шаруаға айналды. Осымен
ғана айналысатын мамандар пайда болды. Ең қызығы, тұтастай
құрал ретінде жаңадан ақпарат тарату тәсілдері пайда болды.
Соның бірі — әлеуметтік боттар жұмысы арқылы тарату. Бұл
тәсілдің несімен ерекше, өзекті екенін бағаламай тұрып ал-
дымен бұның не екенін, жұмыс принципі мен мәні неде екенін
түсініп алуымыз керек.
Бот дегеніміз не? Бір сөзбен — әлеуметтік желідегі фейк ак-
каунттарды басқаратын компьютерлік бағдарлама. Әлеуметтік
желінің тұрақты қолданушылары әркез жолығып отыратын
цирфлы функция бар. Ол боттар функциясы бойынша желі
қолданушысының жұмысын тәуелсіз жеңілдету үшін жасалады.
Әртүрлі жекелеген кішкентай мәселелерді шешу үшін қолда-
нушылар осы боттардың қызметіне жүгіне алады. Олардың мы-
салы ретінде аудио, видео, бейнелік, мәтіндік материалдарды
жүктеуге арналған боттарды келтіруге болады. Ол үшін әдетте
сервердегі цифрлы сілтемесін ботқа жіберсе жеткілікті. Кейбір
боттар сервистік бизнес үшін де қолданылады. Клиенттің қа-
лауларын, сұрақтарын, шағымдарын қанағаттандыру үшін ар-
найы қызметкермен байланысып отырмай-ақ, бот арқылы қа-
лаған ақпаратына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Ол үшін алдын
ала енгізілген командалар бойынша боттың жұмыс механизмін
дайындайды. Дегенмен, біздің объект болып отырған бот сәл
басқаша сипатталады. Ол дәл осыған ұқсас функцияларды бот
ретінде емес, адам ретінде ұсынады. Яғни, қарапайым желі қол-
данушысы өзі кездескен ботты адамнан айыра алмайды. Боттың
атқарған жұмыстарын, соның ішінде тарататын ақпаратын жеке
тұлғаның тарапынан қабылдау мүмкіндігі бар. Бұл дегеніміз
бір бот бір адамның жеке пікірімен теңеседі деген сөз. Сонда
бір ғана бағдарлама жүз ботты іске қосар болса, жүз адамның
пікірін қолдан жасап бере алатын қабілеті бар.
Саяси аренада жеке адамдардың ортақ пікірі қаншалықты
маңызды екенін түсіндіру қиын емес. Ақпараттық алаңда
саяси партияны немесе жеке тұлғаны халықтың қолдауына ие
екенін көрсетіп жасанды халық пікірін тарату арқылы шынайы
адамдардың да ойына әсер етуге болады. Осылайша саяси объ-
екттер халықтың санасымен, таңдауымен ойнай алады.
Бұл жағдайға қатысты көзге анық көрінетін, біраздан бері
ашық талқыланатын мысалдар бар. Оның ішінде жақсы та-
нысы көрші елдегі механизм. Ресей Федерациясында 2013 жылы
құрылған «Интернет-зерттеулер агенттігі» деп аталатын ұйым
бар. Ұйымның негізгі функциясы тапсырыс берушінің қы-
зығушылығына сай дезинформация таратумен, халықтың пікірін
қалыптастырумен айналысады. Көп жағдайда ресейлік оппо-
зициянерлерге қарсы бағытта, кремлшіл бағытта жұмыс атқа-
рады. Халық арасында бұлар «кремлебот» немесе «Савушкина
55» деген терминдермен танымал. Бұл бірнеше үлкен мәселелерді
тудырады. Біріншісі — әділетсіздік. Шынында, бұны осылай
бір сөзбен сипаттау қиын. Не үшін әділетсіз екенін түсіндірейін.
Бұл ұйым ашық жұмыс істейтінінен бөлек тәуелсіз жеке бизнес
емес, үкіметтен тікелей қаржыландырылатын агенттік. Сол үшін
де әділетсіз болуының бірнеше себебі бар: А) үкіметтің ақшасы
деген түсінік жоқ, бюджеттің бәрі салық төлеушілердің ақшасы
екенін ескерсек, практикада халықтың өз ақшасын халықтың өзін
алдау үшін қолданып жатқанын көруге болады. Сонда билік жай
ғана халықтың қаржысын ретсіз қолданып, жемқорлық жасап
жатқан жоқ, оған қоса өз билігінің күшін арттыру үшін қолданып
жатыр. Солайша, ары қарай да бюджетті өз пайдасына қолданып
жемқорлық пен билігін сақтап қалу үшін жақсырақ жағдай жасап
жатыр. Ә) Монополия. Билік монополиясы ашық түрде оппози-
цияның өмір сүруіне кедергі болып жатыр. Бұл әдістің гуманды
емес екенін ескермегеннің өзінде оппозиция үшін әділетсіз бәсе-
келестік көрсетіп отыр. Б) плюрализмді өлтіреді. Жай ғана
билікке таласушылар арасында емес, халықтың өзіндегі болуы
керек әртүрлі пікірлерге тосқауыл қояды.
Қазақстанда бұндай бар ма? Ресми ұйым жоқ. Дегенмен, соған
ұқсас үрдіс бар. Көршілеріміз секілді фейк аккаунтпен пікір біл-
діретін боттар ара-арасында байқалады. Ақорданы былай қой-
ғанда кейбір әкімдердің жеке боттарының жұмысы көрінген мы-
салдар бар. Әдетте ол боттарды «нұрбот» деп атайды. Бұл олардың
бәріне ортақ қасиетіне сай қойылған атау. Яғни нұрботтар Нұр
Отан партиясын, Назарбаев саясатын мақтаумен, қорғаумен
айналысатынын байқап оған халық сондай ат берген. Жұмыс
принципі бойынша кремлеботтардан еш айырмашылығы жоқ.
Тек ресми түрде үкімет тарапынан тапсырыс қабылдайтын ұйым
көрген жоқпыз. Соған қарап билік бұл боттарды іске қосты де-
генді сенімділікпен айта алмаймыз. Кез келген жеке адамдар өз
қалауымен істеп отырған болуы да мүмкін.
Бот деген не екенін анықтадық, енді «әлеуметтік бот» деген
түсінікке келейік. Олардың жалғыз айырмашылығы бар. Қара-
пайым боттар пәркені орнатылған бағдарлама бойынша ғана
жұмыс істейтін болса, әлеуметтік боттардың артында тірі адам
тұрады. Яғни, автоматтандырылған режимде пікір қалдырмай
тірі адамдарша ретсіз әрқилы жолмен жеткізе алады. Бұл нені
білдіреді? Әлеуметтік боттар ситуацияны толық түсіне алады,
соған сай әртүрлі комбинациялы сөйлемдер ойлап таба алады.
Тірі адамға тірі адам сияқты жауап бере алады. Боттар бір сөй-
лемді бірнеше жерде әртүрлі аккаунттан жаза алатын болса,
әлеуметтік бот бір идеяны жеткізу үшін әр уақытта бөлек сөй-
лемдер құрастыру мүмкіндігі бар. Сұрақтарға жауап беруге,
басқа адамның пікіріне қарсы сұрақ қоюға қабілетті. Боттардың
аккаунты фейк екенін көрсететін бірнеше белгілері бар: әдетте
олардың жарияланымдары, суреттері, жазбалары, аты-жөні
болмайды. Ал әлеуметтік боттар бұл пункттердің бәрін то-
лықтыра алады. Жалған есім мен басқа кісінің суреттерін пай-