«Молодой учёный»
. № 17 (412)
. Апрель 2022 г.
404
Молодой ученый Қазақстан
Ключевые слова: виртуалды орта, EV3 роботтары, ПИД реттегіші, бағдарламалау.
Программирование
роботов EV3 в виртуальной среде и ПИД-регулятор
Кыдыралина
Лазат Муктаровна, PhD, и. о. ассоциированного профессора
Университет
имени Шакарима города Семей (Казахстан)
Орынбаев
Бакытбек Нурлыбекович, учитель информатики
Назарбаев
Интеллектуальная школа физико-математического направления г. Семей (Казахстан)
Кулжабаев
Ерасыл Бериккалиевич, студент магистратуры
Университет
имени Шакарима города Семей (Казахстан)
В статье авторы показывают, как запрограммировать робота EV3 для работы в виртуальной среде и использовать ПИД-регу-
лятор для программирования робота для езды по черной линии.
Ключевые слова: виртуальная среда, роботы EV3, регулятор ПИД, программирование.
С
оңғы жылдары карантинге байланысты еліміздегі
білім беру саласында көптеген қиындықтар туындады.
Оқушылар барлық пәндерді және қосымша үйірмелерді де үйден
оқуына тура келді. Осы кезде робототехниканың да жағдайы
қиын болды. Себебі, мектептің
материалдық базасы робот-
тарды оқушылардың қолына таратып бере алатындай жағдайда
болмады. Сол себепті де осы тығырықтан шығу мақсатында
EV3 білім беру роботтарын виртуалды құрастыруға LEGO Dig-
ital Designer [1] бағдарламасы және виртуалды әлемде бағдар-
лама құрып, жүргізе алатындай мүмкіндіктері бар және Virtual
Robotics Toolkit [1] бағдарламасы қолданыла бастады.
1 суретте виртуалды ортада робот құрауға арналған LEGO
Digital Designer [1] бағдарламасы көрсетілген.
Бұл бағдарла-
мада роботты ешқандай шектеусіз құрастыруға болады. Шек-
теусіз деп роботтың бөлшектеріне шектеу жоқ дегенді айтып
отырмыз. Себебі, мектептегі роботтардың, оның бөлшектерінің
шектеулі екенін білеміз. Бұл үлкен ауқымды жобаны құруға да
қолайлы виртуалды бағдарламалау ортасы.
Ал бүгінгі мақала роботтарды виртуалды әлемде, құрылған
бағдарлама арқылы жүргізуге
арналған Virtual Robotics
Toolkit [2] бағдарламасы туралы болмақ. Бұл бағдарламаның ке-
скіні 2 суретте көрсетілген.
Бұл виртуалды әлемнің ерекшелігі оның роботты қара-
пайым EV3 бағдарламасында құрып, оны виртуалды әлемдегі
роботқа жүктеп, оны осы вируалды
әлемде қосу арқылы жұ-
мысын тексере алатындығымызда болып отыр. Сонымен қатар,
LEGO Digital Designer ортасында құрастырылған роботты Vir-
tual Robotics Toolkit виртуалды әлеміне жүктеп соған бағдар-
лама жазуға болады.
Бағдарламаны жазу EV3 бағдарламасындағы
блоктармен
жүргізіледі. Роботты бағдарлама арқылы қара сызықтың бой-
ымен жүргізу үшін қарапайым әдісті немесе ПИД [3] ретте-
гішін қолдану арқылы да жүргізуге болады. Қарапайым бағдар-
ламада робот түзу қара сызықтың бойымен әртүрлі доға жасап
немесе дірілдеп жүретінін байқайсыз. Ал ПД реттегіші арқылы
роботты сызықтың бойымен тура, біркелкі жүргуге үйретеміз.
Сурет 1.
Достарыңызбен бөлісу: