Черно-Белый Детализированные Цветочные Иллюстрации Продукт Маркетинговая Презентация



бет2/2
Дата02.12.2022
өлшемі8,45 Mb.
#54422
түріПрезентация
1   2
Байланысты:
Тіл тазалығы (3)

Анар ханым: – Бұл екі қолданыстың біреуі дұрыс біреуі бұрыс деп айтуға болмайды. Өйткені екеуі екі түрлі жағдаятқа қатысты айтылады. Егер сіз ар-арасында көзіңіздің қиығын салып қана киноны көріп кетіп жүрсеңіз немесе осы не туралы екенін әйтеуір мәлімет алу үшін көзіңіздің қиығыңызбен бір қарап өтсеңіз онда "кино қарадым" дейсіз "кино қарап жүрмін" дейсіз. Егер сіз осы процестің ішінде отырсаңыз яғни фильмді бастан-аяқ көріп шықсаңыз онды сіз "кино көрдім" деп айтасыз, "кино көріп отырмын" деп айтасыз.
Фазылжанова А.Дұрыс сөйлейік!
03
1.Ағымдағы жыл” биыл”- калька “текущий” ,
2.Теодор-үйретуші,
3.Менеджер-меңгеруші,
4.-ова,-ева
5.Адам атының Ләйлә Жанатбек
6.Үлкен рахмет,зор рахмет Әзірбайжанда «Рахым ет» көңіл айту.
Рахымет,рақмет эмледегі артық көп әріп болғандықтан. Қазақтың карапайым ереже бойынша жазу.
Ақымет, Рақымет дұрысы.
Рахметті көлеммен емес,көптігімен “көп рақымет”.
Алғашқысы «Үлкен рахмет». Кейде тіпті «Зор рахмет» деп те айтылып жүр. Бұ сөз БАҚ арқылы да насихатталып кеткені қынжылтады. Тіпті, тікелей эфирден де естідік. Боксшымыз Генадий Головкин кезекті жекпе-жегінен соң «Көп рахмет» деп халқымызға ризашылығын білдірген. «Орыс қой, әйтеуір қазақша айтты» деп Генаны жақтап алуға да болады. Бірақ, өз қазағымыз да осы «Үлкен рахметті» жиі пайдаланатын боп жүр. Алып қарасақ, бұл орыс тіліндегі «Большое спасибо»- нің тікелей аудармасы. Оны сол күйінде қолданудың қаншалықты керегі бар? Ризашылығын қатты білдіргісі кеп бара жатса, «Көп рахмет» десе де болады негізі. Дегенмен, рахметің үлкен-кішісі болмайды. Сондықтан «Рахмет» сөзіне «Үлкен» я болмаса, «Зор» сөзін тіркеудің қажеттілігі жоқ.
7.Бара жатырмын-баратқан,баратсам,,келе жатырмын –келятқан,қарап жатқанда-қарабатканда,
Жазып жатқан.
Нормадан бөлек сөйлеушіге екі нарсе маңызды:
  • Түсініктілік
  • Көп сөз айтпай аз күш жұмсау

  • Солай етіп-сөйтіп.
    8.Бүйт,сүйт-былай ет,тірі ағза тіл.

09
Туылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, түйеден түскен емес, жер астынан жарып шыққандай, сұмпайы, сөлекет сөз. Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз Мүнхаузен пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, мен туылғам, сен туылғансың!.. Сұмдық қой. Тіл бұзу ғана емес, түйте-долаң сауат­сыз­дық көрінісі. Арыдағы мың жыл­дық эпостарымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға түскен соң­ғы екі ғасыр бойы… Абай… Шәкерім… Мұхтар Әуезов… Мысал келтіріп, дә­лелдеп жатудың өзі артық болар еді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең…». «Бар – қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек…». «Анадан алғаш туғанда – Жыладым неге дауыстап…» «Мен 1897 жылы… Шыңғыстауда тудым». Бала өз еркімен, өзінен өзі тумайды ғой! Туылады! Анасы туа­ды. Міне, керемет. Мал – ұрғашы мал ғана туады. Әйел – табады. Бұрын­ғының анасы. Бес бала тапқан, он бала тапқан. Қазір де жалғыз-жарым баласын. Басқасын жиып қойғанда, өткен замандарда ешкім олай айтқан жоқ, олай жазған жоқ. Дәп осы арада ешқандай қисыны келмейтін ырықсыз етіс емес, қазақ тілінің грамматикалық ішкі заңдылықтарына сәйкес қалып­танған есімше сөз. Бұрнағы берік тұрғы, кейінгі ақылға сыйымды лепес атаулыны жиып қойдық. Жағалай «туы­лып» жатыр. Жекелеген қолда­ныс­­тан озып, жаппай қатарға енді. Қазіргі қазақ сайттарының бәрі дер­лік, ағымдағы баспасөздің көпшілігі, тіпті, кейбір, әжептәуір саналатын жазу­шы­лардың өзі тынымсыз «туы­луға» көш­кен. Ақыры, егемен еліңнің шекарасынан өтіп кетті. Бұл жақтағы алаштың жақсысын танымай, жаманын қасиет тұтатын қытай қазақ­тарына барып жетті, және мен қада­ғалап отыратын сайттарында жаппай қолданысқа түсті. «Туылғанға» дауа жоқ екен. Ен­де­­ше, келесі саты – «өлінген!». Адам әдетте өз ырқымен өлмейді ғой. Ауру-сырқау ма, көл­денең пәле, немесе аштық пен кәрілік пе – «өлінеді!». Абай: «Адам жылап туа­ды, кейіп өледі» – деп еді, Шәкерім қажы: «Ту­ған жан өлмек, – Тағдырға көнбек!» – деген, ал күні кешегі Қа­сым: «О да­риға, алтын бесік туған жер!.. Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, – Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім…» – мүлде қате: «…Жылап туылады, кейіп өлінеді», «Туыл­ған жан өлінбек», «Туылған жер… Сенде туылдым, сенде өлін­сем…» – деп айтулары шарт екен. Уақа емес, келесі бір басылымдарда түзетеміз! Ендеше, бүгінгі білікті қаламгер тіршілігінде, яғни өлінгенге дейін өзінің бар жазуына ие болуы керек. Оның ішінде біз де. Кейбір жеке басылымдарда, тіпті, ғұзырлы редактор ғана емес, еркін ойлы, білгір корректорлар сөйлеміңді оңдап, сөз­дерің­ді түзетіп жатыр, осы ретпен сен де бір күні «туылып» шы­ғуың әбден мүмкін. «Туылған» жанның «өлінбегі» хақ болса, әзірге жаңаша түрленбей тұрған «тіршілігіңде» ша­маң келсе, қаптай «туылған» сөз жен­деттерінен сақтанып, бар жазуың­ды қызғыштай қорып отыру қажет сияқ­ты. Жалғыз біз емес, жазатын, жазбайтын, әйте­уір шәлдіріксіз, түзу сөйлей алатын, басы тұнық барлық жұртқа қатысты лепес.
05
07
Вянут розы, стекают слёзы
Сен бұның бәріне кінәлісің өзің
Мөлдір көзің айтқан сөзің
Alzabi “Жаным” Сен туралы ғажайып шытырман толы роман жазғым, келеді Сені басты рөл қылып оскар алар фильм түсіргім, келеді
Тереңдегі шабытымды сен қозғайсың ау Өмірдегі тазалықты сен сыйлайсың ау Сен туралы тіпті операда жазғым келеді, шедевр!
Мирас Жүгінісов “Сен туралы”
Продукт 1
Презентации — это средства коммуникации, которые могут использоваться в качестве демонстраций, выступлений, докладов и не только. В большинстве случаев они представляются перед аудиторией.
Напишите короткое описание.
06
08
Бірде қоғамдық көлікте келе жатқан едім, автобус еркін жүре алмай, әрі-бері теңселіп кеткендей болды. Автобустың қозғалту жүйесінде ақауы бар екен, орнынан жұлқып-жұлқып әрең қозғалғанда бейқам тұрған жолаушылар біресе артқа, біресе алға жылжып, әбігерге түсті. Жүргізушіге деген ренішін де айтушылар болды. «Жолда көлік көп, әртүрлі жағдай болады, аман-есен жетсек екен» деп шүкіршілік айтып отырған егде жастағы жолаушының қасында менде отыр едім «Ұсталынып тұрыңдар, автобус бұзылып әрең келеміз!» деген кондуктордың саңқылдаған дауысы естілді.
– Әу, батыр, қай жердің қазағы едің?«Ұсталынып тұрыңдар» дегенің не сөз? – дедім. Мені жақтырмаған ол «Сіздікі жөн, ата. Алғы жаққа барып неге отырмадыңыз, мені естімейтін жерге» деді. Автобус тағы бір жұлқып қозғалғанда шалқақтаған жолаушыларға жаңағы кондуктор бала қайтадан: «Ұсталынып тұрыңыздар» деп айттым ғой, ұсталынып тұрыңдар!» деді қайталай. Шыдамым таусылған мен: – Сен не айтып тұрғаныңды білемісің? Сөзіңді орысшаға аударсақ, «Будьте арестованными» болып шы­ғады. Сонда біз кімге барып, не үшін ұсталынуымыз керек? – десем, жаңағы бала: «Енді қалай айтамын?» дейді. Түріне қарасам – қазақ, айтқан сөзі жаңағыдай. Ал енді сол баланың, басқада автобустардағы қандас кондукторлардың қойыртпақ, тұрпайы сөздерін естігенде құлағың сарсиды. Оларға «мыналарың жөн емес» деушіні Алматыда көргенім де, естігенімде жоқ. Барлығы дерлік көшелердің, аялдамалардың ескі атауларын айтады. Шала-пұла орысшасымен «По Мате Залке до Абая, дальше по «Правде» вверх» деп, ол көшелердің атаулары Өтеген батыр, Алтынсарин болып баяғыда өзгергендерімен мүлдем жұмысы жоқ. Мүмкін білмейтін де шығар. Мұндайға көбісі қыңқ демейді. Соған қарап, осы біздің тіл ешқашан түзелмейтін шығар деген уайым келді.Онымен әрмен қарай сөз таластырғым келмеген мен өз аялдамамнан түсіп қала бердім. Тағы бірде автобусқа мінгенім сол еді, жұқалтаң киім киген, талдырмаш жігіт автобусқа кірген жолаушы­ларға жол ақысын төлеу керек екенін тек орысша ескертеді. Жарып тұрған орысшасы да жоқ. Әлгі баланы сөзге тартып атын сұрадым. Өзін «Алдияр» деп таныстырды. «Қайдан келдің Алматыға, неге ана тіліңде сұрамайсың жолақысын? Өз тілімізде аялдамалардың атауын айтсаң, соған халықтың құлағы үйрене берер еді. Осылайша, сен де ана тілімізді насихаттаушының бірі болып шыға келесің» деп едім, әлгі бала ойланып қалды. Өзінің Мақтааралдан келгенін айтқан ол, әрі қарай жұмысын қазақ тілінде атқара бастады. «Е-е, шүкір, бұл баланың түйсігі бар екен» деп топшыладым. Қорыта айтқанда, мені қоғамның мүшесі ретінде тіл тазалығы толғандырады.
11
Өзге тілден еніп, заңды түрде орныққан осы тәрізді сөздерден кейбіреудің дағдысына енген мүкістіктер (остановкаға барамын, субботада келді, звонит ет, т.б.) мүлде басқа. Кейбір ұғымдар көшірме (калька) тәсілімен аударылып та алынады. Орыс тіліндегі земледелие сөзі, зерттеушілердің көрсетуінше, латын тілінен алынған көшірме (қазақша егіншілік), ал принять меры француз сөзінің көшірмесі (қазақша шара қолдану), т.б. Тілімізде көшірме сөздің небір түрлері бар: қанатты сөз (крылатые слова), қарулы күштер (вооруженные силы), жартылай қорғаушы (полузащитник), т.б. Тіл мәдениетін сөз еткен мақалаларда аналық қой (дұрысы – саулық, саулық қой), елу бас қой (елу қой), мал өсірушілер (дұрысы — малшылар) тәрізді көзсіз көшірмелер тіл шұбарлау екендігі орынды көрсетіліп, дұрыс сыналып та жүр.
Жазушы Д.Исабековтың да «Әпке» драмасынан қазіргі жастардың ана тілімізге немқұрайлы қарайтын кемістерін сынаған мынадай жолдарын кездестіреміз. Мысалы: Нәзила: «Білмеймін. Мен дұрыс жасамаған да шығарамын. Бірақ, әлгі қыздың тым еркінсіп, ар-ұятты естен шығарып бара жатқаны жаныма тиді», «Я так хочу» деп, Тимурды құшақтап апты. «Котенок мой» деп, бұл да өліп бара жатыр…» (Жастардың өз сүйгендеріне айтатын «жұлдызым, айым, күнім» деген теңеулері бола тұрса да) сонымен қатар, кейбір сөздерге тиісті қосымшалардың нормаға айналған түрлерін жалғамай , басқа түрлерін орынсыз жалғау да тіл тазалығына кесірін тигізеді. Мысалы:
1. Жазда бұл жерде ыссы болады (ыссы есем – ыстық).
2. Шешесі ауызғы бөлмеге шықты да, төсектегі жатқан жиенінің жанына келді. (ауызғы емес – ауыз бөлмеге, төсектегі емес – төсекте).
3. Рабиға баласының бетін сүйді (бетін емес – бетінен).
4. Абай жасында молдаға оқыды (молдаға емес – молдадан).
Сонымен қатар, сөздерді дұрыс байланыстырмай, орынсыз тіркес құрау, сөйтіп, сөйлем құрылысы мен мағынасын бұзатын кемшіліктерге көркем әдебиеттегі, газет-журналдағы әңгімелерден көптеген мысалдар келтіруге болады.
Кейінгі жылдарда тіл шұбарлайтын тіркестің мынадай түрлері ұшырай бастады: «Ол түнгі тосқауыл рейдіне қатысушылардың қоғам мүлкіне қол сұғушыларды қалай су бетіне шығаратынын соңғы екі-үш жыл ішінде көп естіп те, оқып та жүрді»; «Бүкіл адамзатқа келген қару ешқашан бір елдің ішкі ісі болмақ емес. Ондайды «ішкі іс» деп сылап-сипаушылар американ саясатының диірменіне жел береді», «Қаламқас поселкесінің аумағы ат шаптырым. Көшпелі вагондар, егіз тамшыдай ұқсас үйлер», «мәселені қабырғасынан қою», т.б. осы мысалдардағы су бетіне шығару, диірменіне жел беру, егіз тамшыдай тәрізді тіркестер, сырты қазақша болғанмен, мазмұны қазақша емес. Оқырман автордың айтпақ ойын зорға түсінеді.
Келісі сөз қолданысындағы қателік көптік жалғауларды орынсыз пайдалану. Мұндай әбестік БАҚ-та көп қолданылмайды. Бірақ, кей жиындарға жол түсе қалса амалсыз естиміз. Бірде қала маңындағы кентте үлкен шара өткен-ді. Сол шараға жиылған елді құттықтауға шыққан ағамыз «Құрметті халықТАР» деп бір састырып еді. Кеше ғана шыққан «Қазақ елі» атты тамаша мултьфильмде «ӘскерЛЕР жиылсын» дегенді тағы естіп, жағамызды ұстадық. Қарап отырсақ, халық та әскер де көптік мағына беріп тұрған сөздер оған жалғау мүлде жалғанбауы керек. Ол тіліміздің заңдылығы. «Әскер» сөзі өңіріміздің кей аудандарында онсыз да «көп» дегенді білдіреді. Бұдан бөлек той-томалақты басқарып жүрген асабалардың ауызынан «ағайынДАР» деген қате сөз түспейді. «Ағайын» сөзі де көптік мағынада пайдаланылады. Ең сорақысы бұл сөздерге көптік жалғауды жалғай салу әдетке айналды.
10
Латын әрпі
Әріптердің саны төл дыбыстан аз болу керек. Ахмет Байтұрсынұлыда 24 таңба, 28 дыбыс.
  • Латын әліпбиі әлемдік өркениетке аяқ басуымызға септігін тигізеді. Кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал дүниежүзі халықтарының 80%-ы осы әліпбиге көшкен.
  • Осының есебінен басқа тілдерді үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем. Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор тілі. 
  • 1929-1940 жылдары латын әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек.
  • Бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы айтпаса да түсінікті.
  • Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді.Бүгінде латын әліпбиі сәнге айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады.Осы уақытқа дейін ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді, әрине.Бастысы, халық болып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жаңашылдыққа қолдау көрсетуіміз қажет деп ойлаймын. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Тіл журналы
2.Фазылжанова А. Дұрыс сөйлейік!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет