1.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр»
Мақсаты:Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.Заттарды және олардың тұрған орнын аңықтау дағдыларын жетілдіру
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Армысың, қайырымды Аспан ата!
Армысың, шұғылалы Алтын күн!
Армысың, мейірімді Жер ана!
Армысың, сүйікті балабақша!
Армысыздар, Армысыңдар, достарым! Сіздерді көрсем қуанам.
Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін атап беріңіздерші.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күзде ауа-райы қандай болады?
-Адамдар қалай киінеді?
-Күзде не жауады?
Қызығушылықтарын ояту.
Тосын сәт: Әйгерім қуыршақ келеді.
Балалардан көмек сұрайды. Әйгерім қуыршаққа достары келеді екен, соларға дастарқан әзірлегісі келеді.. Бірақ, ол ыдыстарды білмейді екен. Әйгерімге дастарқан әзірлеуге көмектесеміз бе?
|