1.Математика негіздері
Тақырыбы:1 цифры. Жылдам – баяу. Үшбұрыш.
Мақсаты:1 цифры туралы білімдерін бекіту; «жылдам, баяу» ұғымдарын, әртүрлі өлшемдегі үшбұрыштар туралы білімдерін қалыптастыру.Көру арқылы есте сақтау дағдыларын дамыту; тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?
Шаттық шеңбері
Миға шабуыл. Жұмбақ жасыру.
Таңғажайып кірпішті,
Бір-біріне қаладым.
Ұнамаса құлатып,
Қайта-қайта қаладым.
( Текшелер)
Кезікті кербез сұлу,
Бір жануар.
Үстінде
Екі тауы бар.
(Түйе)
Суретпен жұмыс. «Неше текше, неше түйе» көріп тұрсыңдар.
Балалардың жауаптары.
-Дұрыс бір түйе, көп текшелер.
Тосын сәт. Буратино келеді. Балаларға тапсырма әкелгенін айтады.
Өткенді еске түсіру.
-Балалар сендер қандай цифрмен таныстыңдар.
Балалардың жауаптары.
-Мына сандар ішінен 1 санын бояңдар.
Қоян мен тасбақа: «Пальмаға кім бірінші жетеді?» ойын.
– Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін?
–Неге қоян бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?
«Жылдам – баяу» сөздеріне түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |