Тыныс алу жаттығулары: Шеңбер бойымен тұрып араның дыбысын
салу (з-з-з), мұрынмен дем алып, ауыздан демді шығару.
Негізгі қимыл-жаттығулары:
1.Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру.
2.Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) тепе-теңдікті сақтап жүру.
Қимылды ойын:
Торғайлар мен мысық
Балаларды мадақтау.
Тыныс алу жаттығу.
«Шар үру»
|
1.Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Бағдаршам» өлеңі. С.Дүкенбай.
Мақсаты: Өлеңді түсініп, есте сақтауға жүйелілігін сақтауға үйрету. Сөйлеу тілін дамыту.Байқампаздыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз!
Еш уайымды білмейміз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Қазір қай ай?
Балалардың жауаптары.
Ой қозғау.
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Суретпен жұмыс.
Балалар қараңдаршы бағдаршамның неше көзі бар?
Ал, түстері қандай?
Қызыл, сары, жасыл түстер нені білдіреді?
Ал, балалар сендер жиек жол деген не екенін білесіңдер ме?
Ол не үшін қажет?
Балалардың жауаптары
Бағдаршам өлеңі
Бұл өлеңнің авторы ̶ С.Дүкенбай.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді.
Бағдаршам, бағдаршам.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға бір, солға бір,
Бір отырып, бір тұрып.
Бойымызды жазайық.
|