Тыныс алу жаттығулары: Тік тұрып, аяқты бір - бірінен алшақ ұстайды, қолды белге қояды, демді ішке біртіндеп тартады, «Ку-ку, Ку-ку» деп дыбыстап демді сыртқа шығара денені алға еңкейтеді.
Бастапқы қалыпқа келу.
1.Математика негіздері.
Тақырыбы: 1 саны мен цифры. Үлкен, кіші.
Мақсаты: Балаларды 1 саны және цифрымен таныстыру. «Үлкен кіші» шамаларын, «көп бір» ұғымдарын дұрыс атаужәне ажырата білу дағдыларын бекіту. 1 саны және цифрын дұрыс жазуға жаттықтыру, балалардың зейінін дамыту.