ҰОҚ өтілу барысына қажет құралдарды, көрнекіліктер дайындау.
Мектепке дейінгі ұй-ым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет-тері
1Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы:Менің Отаным Қазақстан
Мақсаты: Қазақстан кең-байтақ,бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік беру.Балалардың ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту. Отанды сүйе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының картасы,Астана туралы слайд,рәміздер ,президенттің суреті.
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын кең аспан.
Достық-өмір тірегі,
Әр адамның тілегі.
Жыл мезгілін,апта күнін сұрау.
Мнемотехника Қыс мезгілі
Қызығушылықтарын ояту
Тосын сәт. Саяхатшы келеді.
Қазақстан елі туралы білгісі келетінін айтады.
Ой қозғау.
Сұрақ-жауап:
-Балалар біздер Қандай Республикада тұрамыз?
-Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?