Затты сипаттай отырып тап.
Затты өзіне тән басты ерекшелігіне қарап табуға тәрбиелеу; байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту; балаларды затты атамастан сипаттауға үйрету; төзімділікке баулу.
|
«Күн мен түн»
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады
|
Жұп суреттер
Дидактикалық міндет. Балаларды суретте бейнеленген заттарды салыстыруға, ұқсастықтарды табуға және бірдей бейнелерді іріктеуге үйрету; байқампаздық, өзін-өзі жинақтауға тәрбиелеу, сөйлеу қабілетін дамыту, ойын ережесіне бағынуды қалыптастыру.
|
Не өзгергенін тап
Дидактикалық міндет. Балаларды кеңістікте орналасқан заттардың орнын анықтауға үйрету: оң жақта, сол жақта, алдыңғы жақта, артта, жанында т.б.; байқампаздық, есте сақтау қабілеті, сөздік қорын және сөйлеуді дамыту.
|
Не артық?
Дидактикалық міндет. Балаларды заттарды қолдану барысында кеткен қателіктерді байқауға үйрету; байқағыштық, қалжыңдау, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге тәрбиелеу; еңбек құралдарын есте сақтауын дамыту.
|