Сөйлеуді дамыту «Менің досым» мазмұндылығын ескере отырып, балалардың диалогтік сөйлеуін
дамытуға ықпал ететін тілдік ортаны құру. Байланысқан бірізді сюжетті құрастыру, сөйлегенде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, салыстыруларды қолдану.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі, жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту.
Көрнекілік негізінде 3, 4 саны мен цифр таныстыру, санының пайда болуымен таныстыру, оларды тану жəне атай білуді үйрету.4 көлеміндегі санды тура жəне кері санауға үйрету. Заттардың (4 жəне одан артық) ені мен
жуандығын белгілей білуге үйрету. Заттарды шамасына қарай өсу жəне кему ретімен
орналастыруға үйрету
Сурет салу «Досыма сыйлаған саңырауқұлақтар» Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты беруге, бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, заттардың түстеріне, өз талғамымен түстерді таңдауға үйрету;
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Мен ауладамын. Балабақша мен үй ауласы. Қауіпсіздік ережелері, қауіпті орындар. Балабақшаға барар жол.
Көшеде өзін ұстау ережесін және жол қауіпсіздігі ережелерін қайталату; автокөлік түрлері, "Балалар", "Жаяу жүргінші" жол белгілері, полиция қызметкері мамандығы туралы білімдерін бекіту; өз үйі мен балабақша орналасқан ықшамауданда, жақын төңіректе, жалпы кеңістікте бағдарлай білуді; қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз және мәдениетті ұстау ережелерін сақтауды үйрету; ойлау мен елестете білу қабілетін дамыту; өз денсаулығына құндылық тұрғысынан қарауға, дербестікке өз қаласы мен ондағы адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сауат ашу негіздері «Менің достарым» «Сөз» жəне «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру