. 1.Сурет салу Тақырыбы: «Мерекелік отшашу» Мақсаты: Негізгі түстерді бояуларды ала отырып қыл қаламмен қағаз бетіне сүйкеу әдісі арқылы сурет салуды бекіту.
Дидактикалық ойын:«Түстерді ата»
2. Дене шынықтыру Шеңбер бойында қолдарын әртүрлі қалыптармен қимылдар жасай жүру.
Ауданы 50х50см,биіктігі 10см мінбеге өрмелеу.
Қимылды ойын: «Досыңа допты домалат»
Екінші таңертегі ас
10.00-10.20
Балалардың назарын тағамға аудару. Ас болсын балақай!
Серуенге_дайындық__10.20-10.30'>Серуенге дайындық
10.20-10.30
Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.
Серуен
10.30-11.30
Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен жеке әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.
Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау Мақсаты: құстарды тануға, дене бөліктерін атауға үйрету; құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Ересектің көмегімен қарапайым тапсырмалар ( Мысалы: гүлдерді суару)
Мақсаты: қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.
Қимылды ойындар: «Күннің көзі мен жаңбыр»
Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.
Серуеннен оралу
11.30-11.50
Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, өз шкафтарын тауып көрсетуге үйрету. Гигиеналық шараларын ұйымдастыру.