Препаратта лимфа түйінінің демонстарциялық микросуреті берілген. Бұл
жерде біз құрылысы торға ұқсас ретикулярлы тін жасушаларын көреміз. Олар ретикулярлы талшықтармен байланысып, яғни өсінділері арқылы түйісіп, 3 өлшемді тор құраған. 14. Борпылдақ дәнекер тінінің микропрепаратын зерттеу барысында жасушааралық затының мөлшерерінің көптігі анықталды: аморфты заты аз және талшықты құрылымдары көбірек. Коллаген талшықтары будаларға жинақталған, олардың фибриллярлы құрылымдары анық көрінеді. Эластин талшықтары біркелкі жіңішке жіпшелер түрінде көрінеді. Жасушалық элементтерінің арасында аз маманданған жасушалар саны аз, ал фиброциттер, макрофагтар мен тін базофильдерінің саны көбейген. Борпылдақ дәнекер тіні баланың қай жас кезеңінде жоғары маманданады? Фиброциттің құрылысын атаңыз. Қызметін айтыңыз.
1-Жаңа туылған балаларда және 1 жасқа дейінгі балаларда борпылдақ дәнекер тіні аз дифференцияланған болып келеді.
2-Фибробласттар нәруыздарды, протеогликан және гликопротеиндерді түзейтін жасушалар. Құрылыс әртүрлі, яғни аз дифференцияланған түрінен бастап ажыратуға болады.
3-Қызметі: қорғаныштық-жараның жазыла бастауы, грануляциялық тіннің дамуы, дәнекер тіндік капсуланың түзілуі-, гликозамингликан және протеогликандар синтездейді.