А)Тіндік базофилдер – цитоплазмасында маманданған,диаметрі 0,3-1 мкм болатын ерекше гранулоциттері бар жасушалар тобы.
Б)Жуан коллаген талшықтары – коллаген белогынан құралып,тінге беріктік қасиет береді.
В) Макрофагтар – организмнің гетерогенді маманданған қорғаныш жүйесінің жасушалық популяциясы.
Г)Жіңішке эластин талшықтары – фибробласттардан өндірілетін,тінге иілгіштік қасиет беретін құрылым.
Д)Негізгі зат – жасушалар мен талшықтар арасын толтырып тұрады.
Е)Фибробласттар – жасуша аралық затының компоненттерін түзетін жасушалар тобы.
Ж) Адипоциттер – қоректендіруге,энергия түзуге,судың алмасуына ,көп мөлшерде май қорын жинауға қабілетті жасушалар. 4.Дәнекер тінінің екі препараты берілген. Екі препаратта да коллаген талшықтарының будаларының көптігімен және негізгі затының аздығымен ерекшеленеді. Бірақ бірінші препараттағы коллаген талшықтары бір-біріне параллель орналасқан, ал екіншісінде әртүрлі бағытта орналасады. Осы тіндердің атын атаңыздар. Біріншісі-тығыз қалыптасқан