252. Жасуша беткейінің терең өзгеруімен болатын, инвазивті өсу және метастаз беру
253. Онкологтың қабылдауына 45 жастағы әйел келеді , онда оң жақ көкірегінде диаметрі
2 см-дей аурсыну байқалмайтын, жеке қатты консистенциялы ісік анықталды. Тексеру
барысында сүт безінің фиброарданасы диагноз қойылды. Сүт безі қатерлі ісігіннің тұқым
қуалау қаупінің жоғары болуын ақтайтын , 13q12 хромосомада орналасқан ген- BRCA2.
Қандай топқа BRCA2 - гені жатады? Антионкоген немесе супрессор ген
254. Ер адам А. 54 жаста, 25 жыл бойы темекі шегеді, бояу шығаратын салада 10 жыл
жұмыс істеп, үнемі бояйтын заттармен байланыста болған. 2 апта бұрын қан аралас зәрді
байқаған. Тексеру барысында қуықтың сілемейлі қабығынан алынған биоптаттан ісік
жасушалары анықталды. Содан «қуықтың рагы» диагнозы қойылды.
Төменде келтірілген факторлардың қайсысы ісіктің себебі болуы мүмкін? Химиялык
фактор
255. 55 жастағы науқас К., төменгі еріннің рагының болуына байланысты оперативті ем
алу үшін онкодиспансерге келді. Жиналған мәліметтерден, науқас шамамен 40 жыл
бойына күніне 1 қораптан аса темекі шекендігі мәлім болды. Төменгі ерінде анық
айқындалған шекаралары бар тығыз ісік бар. Ісігі бар тері зақымдалған. Жақ асты
лимфалық түйіндер ісінген, ұстағанда тығыз болып сезіледі, аурсыну байқалмайды.
Келтірілген үрдістердің қайсысы ісіктің пайда болу себебі болып саналады?Мутация
256. Дәрігерге 46 жастағы науқас М., үнемі аз мөлшерде қақырықтың бөлінуімен
құрғақ жөтелдің, бас айналуының, әлсіздіктің болатынына шағымданды. 15 жыл бұрын ол
атом электр станциясында болған апатты жоюға қатысқан. Лак және бояу шығаратын,
химиялық өндіріс орнында жұмыс істейді. 25 жыл бойы күніне 10-15 темекі шеккен. Бір
жыл бұрын өзін нашар сезінгендіктен темекіні тастаған. Бронхоскопия жасағанда негізгі
оң бронхтың ісігін анықтады.
Ісіктің пайда болуының себебі нақты қандай мутация болуы мүмкін?
257. Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында
нитраттарды, кальций
антагонистерін, бетта-адреноблокаторларды қабылдау кезінде стенокардия ұстамаларына,
тіпті кейбір жағдайларда микард инфарктісіне және өлімге алып келетіні сипатталған.
Яғни, дәрілік заттарды қабылдау кезінде әсер ету бағыты бойынша күткен жағдайдан
басқа болады. Ағзаның осындай реакциялары қалай аталады? Пародоксальдық реакция
258. Дәрілік заттардың қалыпты мөлшерін бергенде науқастардың ағзасында олардың
қанда жылдам метобализімі нәтижесінде терапевтикалық деңгейге жетпейді. Сондықтан,
мұндай науқастар үшін дәрілік заттардың мөлшері стандартты мөлшерден жоғары болуы
керек. Мұндай адамдар қандай метаболизаторлар тобына жатады? Жылдам немесе
Достарыңызбен бөлісу: